Главное меню

  • К списку уроков
Презентация "Суретші ата Қастеев. Заттың атын білдіретін сөздер"
30.11.2016 206 67 Жилкибаева Назгуль

Сабақтың тақырыбы: Суретші ата Қастеев. Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Оқушылардың оқу, жазу дағдыларын , сөздік қорларын арттыру.
3. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: білімді бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, иллюстрациялау.
Сабақтың көрнекілігі: ойын барысында қолданылатын суретті плакат пен фишкалар,слайд.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Ана тілі сабағына барлықтарың дайынсыңдар ма? Ендеше сабағымызды бастамас бұрын көңіл-күйімізді көтеріп алайық.
Қанекей балалар, бәрің бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап,экранда жазылған тілекті оқып берсеңдер.
Психологиялық ахуал:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы күн,қонақтар!
Қайырлы күн,досым.
Күнің сәтті болсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын!
Мен де сендерге сәттілік тілеймін!- балалар.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Кезекшімен сұхбат.
-Ережені айтып шығайық.
III. Жаңа сабақ.
- Балалар, біз бүгінгі сабақта Микки маус клубына саяхатқа барамыз.
Ол үшін экранға назар аударайық.
-Сонымен балалар, біз клубқа келдік.Микки маус клубының кейіпкерлерін барлықтарың білесіңдер ме?
- Олай болса, қазір олар сендерге тапсырмалар береді.

1-тапсырма. «Дональдтың тапсырмасы» Суретпен жұмыс.
Мына суреттерден қандай мамандық иелерін көріп тұрмыз?
Олардың жұмыстарын атап шығайықшы.
2-тапсырма. «Дэйзидің тапсырмасы»
«Суретші нені ұмытып кетті?» ойыны.
Ойын көрнекілігі: суретті плакат, фишкалар.
Ойын шарты: Оқушыларға суреттерде әр заттың жетіспей тұрған элементтерін атау ұсынылады. Ол үшін тақтаға суретші салған суреттер ілінеді. Суреттегі заттардың салынбай қалған бөліктерін оқушылар табуы керек. Оқушылар төмендегі тапсырманы орындай отырып, сол бөліктерді (жапырақ, дөңгелек, сағат тілі, қоянның құлағы) плакатқа толықтырады.Дұрыс әрі тез жауап берген оқушы әр жауабына фишка алады. Осы фишкалар есебінен жеңімпаз тағайындалады.
- Балалар, біздің бүгінгі өтетін сабағымыз осы суретші мамандығы жайлы болмақ, нақты айтқанда қазақтың ұлы суретшісі – Әбілхан Қастеевпен танысамыз.
3-тапсырма. «Гуфидің тапсырмасы»
- Оқулықпен жұмыс
214-жаттығу
1. Кіріспе әңгіме.
Н.Әлімқұловтың «Суретші ата Қастеев» өлеңі оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай әңгіме жүргізіледі (мыс. Суретші деген кім? Ә.Қастеев туралы не білесің? т.б)
Мұғалімнің ақпараты: Ә.Қастеев – қазақтың ұлы суретшісі. Ол жастайынан суретшілікпен айналысады,кейін Мәскеудегі И.Бродскийдің студиясынан сабақ алып, шеберлігін ұштайды. Анасы шебер адам болған. Анасының шебер ұстанымы жас Әбілханды өнерге бейімдей түседі.Суретші бар ғұмырында акварельмен, майлы бояумен, графикалық тұрғыда мыңнан аса туынды әкелді.Шығармаларында қазақ елінің болмыс-бітімін,басқа елге ұқсамайтын бояуы өте нәзік лирикалық негізде жеткізді.Оның «Мектепке», «А.Иманов», «Қапшағай», «Бүркітші» т.б. көптеген өнер туындылары елге мәлім.
2. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
3. Өлеңді оқушылардың мәнерлеп оқуы.
4. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
- Сонымен, балалар Ә.Қастеев кім болған екен?
- Ә.Қастеев туралы не білесің?
- Ә. Қастеев салған суреттерді көрдіңдер ме?
- Тағы қандай суреттерін білесің?
4-тапсырма. «Миккидің тапсырмасы»
Сергіту сәті.
«Қимылмен орындалатын жаттығу»

5-тапсырма. «Плутоның тапсырмасы»
215-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап.
Бір алаша төселген,
Екі ауылды жалғайды.
Өмірінде еш адам
Оны жинай алмайды.
(Көпір)
Кім?Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.

IV. Сабақты бекіту:
6-тапсырма. «Миннидің тапсырмасы» Карточкамен жұмыс.
Терме диктанты.
Оқушыларға берілген сөздер тізбегінің ішінен заттың атын білдіретін сөздерді тауып белгілеу.
Әдемі, жүгірді, алмұрт, күлді, үй ,ертең, ағаш, жасыл, гүл,оқушы, орындық,
Ата,аға.
Осы берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазу

Кім? Кімдер? деген сұрақтарына жауап беретін сөздерді айтып шығу.
Не? Нелер? сұрақтары нелерге қойылады? Мысал келтіру.

- «Микки маус» биін билеу.

V. Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен тілектеріңді стикерлерге жазып тілек ағашына іле қойыңдар.

VI. Үй тапсырмасы: 216-жаттығу. 135-бет
Кезекшіні қабылдап, үй тапсырмасын күнделікке жазғызу.
Күнделікті ашайық,
Қолға қалам алайық.
Қане-қане тез ғана,
Үй жұмысын жазайық.
VII. Бағалау: Балаларға Микки маустың сыйлығы ретінде наклейка тарату.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.