Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
28.02.2017 143 25 Жумина Айкоркем Маратовна

Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге
жіктей білуге үйрету
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Байқағыштыққа, ұқыптылыққа,
тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» сұрақтарға жауап беру.
(мұны әркім білуі тиіс)
1. Квадрат теңдеу дегеніміз не? Коэффициенттерін жаз
2. Толымсыз квадрат теңдеу
3. Келтірілген квадрат теңдеу
4. Квадрат теңдеудің түбірлерін қалай табамыз?
5. Виет теоремасы?
6. Квадарат үшмүше
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ах2 +вх+с түріндегі көпмүше квадрат көпмүше деп аталады.
Квадрат үшмүшенің алдымен түбірлерін тауып аламыз, содан соң
көбейткіштерге жіктейміз.
Квадрат көпмүшенің көбейткіштерге жіктелуі: а(х-х1)(х-х2)
Мыс: х2-17х+70 көбейткіштерге жіктеу. Түбірлері: x1=7 x2=10
х2-17х+70=(х-7)(х-10)
IV.Іздеген жетер мұратқа (жаңа сабақты бекіту)
№231
1) х2-16х+60=(х-6)(х-10); х1=6 х2=10
2) х2+20х-96=(х-4)(х+24); х1+ х2=-20 х1=-24
х1• х2=-96 х2=4
№232 есептер шығарылады.
V. «Кім жылдам» Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей. 1) 3х2-5х-2 2) -16х2+6х+1 коэффициенттерін жазыңдар.
ІІ деңгей. Түбірлерін табыңдар:
1) х2-4х+3 х1=1, х2=3
2) х2 +3х-10 х1=-5, х2=2
ІІІ деңгей. Көбейткіштерге жіктеңдер.
1) 15х2+х+2=15(х-1/3)(х+2/5)
2) 2х2-5х+2=2(х-2)(х-1/2)
Деңгейлік есептердің жауаптары тақтада жазылады,
өздері тексереді.
VII. Үйге тапсырма §12оқу. 76 бет.
№231(3,4) №232 (3,4) №235 78,79 бет
VIII. Оқушыларды бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.