Главное меню

  • К списку уроков
Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру
13.03.2016 694 123 Мендигалиева Асима Сисенгалиевна

Сыныбы Күні
Тақырыбы Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру
Мақсаты
Үтірден кейінгі разряд бірліктерін атауларын еске түсіру. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру дағдыларын арттыру. Шапшаңдыққа, білімімен бөлісуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже 1. Үтірден кейінгі разряд бірліктерін қайталайды.
2.Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарға мысалдар келтіре алады.
3.Бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар Оқулық – «математика», 5 класс , интернет ресурстары, постерге қажет құралдар, смаиликтер, бағалау парақтары.
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

3 мин Зейіндерін сабаққа аудару; өткен сабақты еске түсіру «Стикердегі диалог» әдісімен үй тапсырмасын тексеру.
Бер:1) 0,3982) 0,26
3) 0,375 4) 0,0056 ондық бөлшегін жай бөлшек түрінде жазып, қысқартуды орындаңдар.
Бер:1) 27,16 2) 61,094
3) 103,908 4) 378,378 ондық бөлшегін аралас санға айналдырып,бөлшек бөлігін қысқартыңдар. Бір оқушы үйге берілген тапсырма жауабын айтады, келесі оқушы тексереді.

«Бағдаршам» арқылы бағалау
Тұсаукесер

7 мин Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін:
Бөлшектің бүтін бөлігін өзгеріссіз қалдырады;
Алымына үтірден кейін тұрған сан жазылады;
Бөліміне бір цифры мен үтірдн кейінгі цифрлар санына тең нөлдер жазылады (қажет кезінде бөлшек қысқартылады) «Математикалық диктант» арқылы ережелерді қайталайды.
Жұпта тексереді.
Смайлик көрсету арқылы өз-өзін бағалайды.

Негізгі бөлім


25мин Жұпқа бөлініп, «Штурман, Пилот» әдісімен есептер шығарады.
№721
Бер: Бірлік кесіндісінің ұзынды 2 см болатын координаталық сәулені салыңдар. Оның бойынан А(2), В(4), С(7) нүктелерін белгілеңдер.
№723
Бер: 76-суретте А,В,С,D,Е нүктелерінің координаталарын табыңдар:
Шешімі: 1) А(100); В(160); С(240); D(360); Е(400);
2) А(120); В(270); С(450); D(510); Е(690);
№775, №776 Тапсырмаларды жұпта орындай отырып, жұп ішінде «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау.
Қорытынды
10мин «Қапшықтаға фасоль» әдісімен қорытындылау. Сынып оқушыларына тақырып бойынша сұрақтар қою. Кері байланыс:
Білемін_________________
Білгім келеді____________
Үйрендім____________

Сыныбы Күні
Тақырыбы Ондық бөлшектерді қосу
Мақсаты
Ондық бөлшекті қосудың ережелерін қайталау, қосудың қасиеттерін пайдалана отырып біліп үйренгендерін мәселелі жағдайларда қолдана алуға баулу. Ондық бөлшектерді қосуға есептер шығара отырып, ойлау, талдау, есептеу дағдыларын арттыру. Шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже 1.Ондық бөлшектердің қосу ережелерін еске түсіреді.
2. Ондық бөлшектерді баған түрінде жазып, қоса алады.
3.Өмірдегі ондық бөлшектердің қосылуына мысалдар келтіре алады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар Оқулық – «математика», 5 класс , интернет ресурстары, постерге қажет құралдар, смаиликтер, бағалау парақтары.
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

3 мин Сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Сыныпты топқа бөлу.
Ондық бөлшектердің қосу ережелері:
1.Үтір үтір астына келердей етіп бір бағанға жазу.
2.Үтірге мән бермей қосуды орындау.
3.Қосындының мәніндегі үтірді үтір астына қою керек.
Сынып оқушыларымен табыс критерийін анықтау.
«Пазл» әдісімен берілген ережелер арқылы 3 топқа бөлінеді.

Тұсаукесер

7 мин «Математикалық хоккей» әдісімен қайталау
0, 2 + 0, 4 = 0, 6 5,9 + 0,9;
0, 3 + 0, 03 = 0, 06 9,9+ 6,9;
0, 7 + 0, 05= 0,75 40+ 5,2;
1 + 0, 8 = 1,8 35,12 + 12,36;
1 + 1, 07 = 2, 07 87,002+ 21;
7, 8 + 7, 8 = 15, 6 1450 + 12,5;
Топшамадағы есептерді кезекпен алып, шығарады. Ең көп дұрыс жауап берген топ жеңіске жетеді. «Қолпаштау» әдісімен топты бағалау.

Негізгі бөлім


25мин «Джигсо» әдісімен есептер шығару.
І топ - № 758
80- (35,6+х)=11,5 0,175 – (0,03-х)=0,15
(62,4+у)-13,4=91 (50-х) + 7,16 =8,132
3,15 +(х-8,5)=21,77 100,3 – (9,2 -х)=97,64
ІІ топ - № 759
(7,2к +1,9к) + (33,5х-4,7х);
(9,82у – 5,82у) + (33а-0,75а);
(12,2а – 8,6а) + (9,15 – 7,035а)
8,5х + (4,75- 3,37) + 9,3х
ІІІ топ - №760 Тиімді тәсілмен есепте
1,1+1,3+1,7+1,9; 4,2+5,5+9,8+32,5;
11,101-(5,4+0,101); (3,23+8,596) +8,77
Басшы, баяндамашы, хатшы,бақылаушы рөлдеріне бөлініп, топпен тапсырманы орындайды. Баяндамашы әр топқа өз есептерін түсіндіреді. Рөлдер бойынша өз қызметтерін атқарады.

Топпен «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.
Қорытынды

10мин «Кезбе тілші» әдісімен қорытындылау.
Табыс критерийіне оралу.
- Ондық бөлшектің қосу ережесін білеміз.
- Ондық бөлшектерді қоса аламыз.
- Өмірдегі ондық бөлшектердің кездесуіне қандай мысалдар келтіреміз? (дене температурасын, ауа райын өлшеу т.б.) Өзара бір оқушыны тілші ретінде сайлап, ол оқушы сынып оқушыларына тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Әр оқушы өзін «Бағдаршам» әдісімен бағалайды.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.