Главное меню

  • К списку уроков
"Ашық сабақ" 6-сынып Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу.
24.02.2016 571 113 Бегманова Кульзейнеф Дуйсенбаевна

Математика-6 сынып . Математика пәні мұғалімі:Бегманова К.Д.
Сабақтың тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару.
тәрбиелік: экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу
дамытушылық: шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма
Сабақтың көрнекілігі: топтарға берілетін тапсырмалар, жетондар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді І топ «Халықтық Банк»
ІІ топ «Альянс Банк»
ІІІ топ «АТФ Банк»
Әр топтың бастапқы капиталы 5000 теңге.
ІІ. «Біліміңді сынап көр»-акциялар сату, құны – 1000 теңге
(Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)
1.Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер анықтамасы
2.Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер шешімі
3.Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктердің жүйесіне анықтама
4.Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерде а,в,нені білдіреді
5.ах<в теңсіздігінде х қалай аталады
6.Мына мәндер 2х<10 теңсіздіктің шешімі болады ма х=2;3;4
ІІІ. «Білімді мыңды жығады» - тұтынушылар тарту
Деңгейлік тапсырма
1. «Халықтық Банк»
1000 теңге: 4х+5>15+х теңсіздікті ах>в түрінде өрнектендер
3000 теңге: Сәкенге 50 теңгелік дәптерді 420 теңге ақшаға нешеуін сатып алуға болады.Ең кемінде неше дәптер түседі?
5000 теңге: теңсіздіктер жүйесінің шешіңдер.

2. «Альянс Банк»
1000 теңге: 5х-4<10 теңсіздікті ах<в түрінде өрнектендер
3000 теңге: Айман 4 дәптер және 75 тг-ге бір қаламсап сатып алып,барлығына 200 тг-ден кем ақша төледі.Дәптердің бағасын бағалаңдар.
5000 теңге: теңсіздіктер жүйесінің шешіңдер.
«АТФ Банк»
1000теңге: х+6>-20 теңсіздікті ах>в түрінде өрнектендер

3000 теңге: Жанар 7 теңгеден қарындашқа 35теңгеден кем ақша төледі. Карындаштың бағасын бағаландар..
5000 теңге: теңсіздіктер жүйесінің шешіңдер.
ІV. «Өнерді үйрен де жирен»
Әрбір банк мүшесіміз
Игі істе біз біргеміз - тәжірибе алмасу, топтық жұмыс
«Қарлы кесек» ойынының 3 нұсқасы (есептің жауабы бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бір-біріне түсіндіреді)
І нұсқа тапсырмалары.
1. 7х<14 теңдеуінің шешімі 0 саны бола ма?
2. Сызықтық теңсіздікт кіөрсет:
А) 2х+5>у
Ә) х+3>
Б) 2+х<0
3. Сызықтық теңсіздікте а саны не деп аталады?
4. ах>в түрінде өрнекте 3х+2>5
5. 8х>16теңсіздікте х=1 тең бола ма?
ІІ нұсқа тапсырмалары.
1. 2х 20 теңдеуінің шешімі 10 саны бола ма?
2. Сызықтық теңсіздікті көрсет
А) х+у >
Ә) 2х+ < 5
Б) 3х > 5
3. Сызықтық теңсіздікте х-не деп аталады?
4. ах>в түрінде өрнекте 2,5х+6,5 >4
5. 3х 27 теңсіздікте х=9 тең бола ма?
ІІІ нұсқа тапсырмалары.
1) 5х < 15 теңсіздікте шешімі 3 саны бола ма?
2) Сызықтық теңсіздікті көрсет
А) 5х+у >3
Ә) 2ху+3у <18
Б) 5х>10
3) Теңсіздіктің екі жағын да нөлден өзге кез-келген санға
бөлуге бола ма?
4) ах<в түрінде өрнекте 5х+5 <10
5) 6х 30 теңсіздікте х= 4саны бола ма?
V. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» - жарнама (әр топ өз банктерін жарнамалап, белгілі бір тақырыпқа ой толғап, таныстырады)
VІ. Бағалап, бекіту (бағалау оқушылардың жинаған қорларына байланысты қойылады)
VІІ. Үйге тапсырма §8.6. №1574, №1584

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.