Главное меню

  • К списку уроков
Оқушылардың білім сапасын оқыту мақсаттары мен міндеттерінің деңгейлік мүмкіндігін қолдану арқылы арттыру
21.02.2016 326 74 Байтагулова Ляйля Кудайбергеновна

Оқушылардың білім сапасын оқыту мақсаттары мен міндеттерінің деңгейлік мүмкіндігін қолдану арқылы арттыру

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін аңықтайтын әлеуметтік категория.
Білім беру сапасы – білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша аңықталады.
Біліктілік:
• Жауапкершілікті сезіну
• Белгілі бір мәселені шешуге қатысу
• Түсінуді меңгеруді қолданудақабілеттілік таныту
• Қоғамдық өмірге,еңбекке дұрыс қарым – қатынас
• Бірін – бірі сыйлау, басқамен дұрыс қарым – қатынаста болу
• Ізденіс таныту
Оқып үйрену:
• Белгілі бір тәжірибені пайдалана білу
• Өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру
• Проблемаларды шеш білу
• Өзін дамытумен дербес айналысу
Ойлану:
• Өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру
• Қиындыққа қарсы тұру
• Өзінің жеке көзқарасын білдіре білу,әдістерін қолданамын
• Әдет – ғұрып, қоршаған орта ,әлеуметтік жағдайларды бағалау
• Өнер және әдебиет шығармашылығына баға бере білу
Ынтымақтастықта болу:
• Еңбекте ыңтымақтастықта бола білу
• Келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегенділік таныту
• Келісе білу
• Шарт жасай білу және оны орындау
• Тілектестік таныту
Жұмысқа кірісу:
• Жобаға кірісу
• Жауапкершілікті сезіну
• Өз жұмысын ұйымдастыра білу
• Техникалық құралдармен жұмыс істей білу

САПА ӨЗДІГІНЕН КЕЛМЕЙДІ – ОНЫ ЖОСПАРЛАУ КЕРЕК

Негізгі мақсат – Менің басты мақсатым не? Міндеттерім ше?
Көрсеткішім және оның мәні қандай болмақ?

Талаптары – Менің оқушыларым кім?
Олар менен не күтеді?
Олардың сұраныстарына мен қалай жауап беруім керек?
Қандай әдістерді қолданамын?

Сабақтан кейін – Кезіккен кемшіліктерді жоюда қандай нақты әрекеттер
болды?
Нәтижелі жұмысты қалай және не арқылы білемін?
Нәтижені бағалауды қалай жүргізсем дұрыс болмақ?
Көзделген мақсатқа жету принципі:
• Оқушыларды бірінші орынға қою
• Жоғары деңгейдегі жұмыс істеу
• Бірлікте еңбек ету
• Барлығы үшін бірдей мүмкіндік жасау
Білім беру технологиясында негізгі объект:
• Бала
• Баланың жеке бас темпераменті
• Психологиялық ерекшелік деңгейі
• Жеке басының бағыттылық деңгейі
Білім беру технологияны қолданғандағы негізгі мақсаттары:
• Оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру
• Ақыл – ойын дамыту

Бірнеше технологиялардың элементтерін қолданамын, бірақ менің сабақ барысында қолданылатын әрекеттерім:
• Үздіксіз қайталау, кезеңдік бағалау,ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарды пайдалану
• Күш түсірмей оқыту
• Түзету жетістікке жетелеу өсуге ұмтылдыру
• Тәрбие мен оқытуды байланыстыру
• Кемшіліктерді түзетуге мүмкіндігін жасау,екіні сирек қою
• Әр оқушы кез келген уақытта төменгі бағасын түзете алады
Мақсатым:
• Білім, білік, дағдыны қалыптастыру
• Жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту
• Желдете оқыту
Технологиямның мазмұндық ерекшелігі:
• Материалдар іріендіріліп беріледі
• Блоктық түрде беріледі
• Оқу материалын тірек сызбалары – конспектілеу арқылы беру
Сабақтың жүргізілуі екі блоктан тұрады: теориялық блок және практикалық блок.
Теориялық блок:
Кіріспе
• Баяндау
• Түсіндіру баяндау
• Өздік жұмыс орындау
Қайталау
• Тірек сигналы конспектіні жаппай қабылдау
Қайталау
• Түсінгенін сұрау
Қайталау
• Өзара бақылау
Практикалық блок: есептерді шығару

Сабақтың жүргізілуі:
1. Теориялық білімді класта беру, тақтада баяндау, сызбалар арқылы түсіндіру, өз конспектісі бойнша жұмыс жүргізу.
2. Тірек конспектінің көмегімен өзіндік жұмыс.
3. Бірінші қайталау: барлық оқушылар конспектідегіні жатқа меңгеру, жаппай бақылау, бір мезгілде тыныш және таспа бойынша сұраққа жауап алу. Жазба жұмысынан соң ауызша дауыстап сұрау.
4. Екінші қайталау: жинақтау және жүйелеу, өзара бақылау, сабағы алдын – ала сынақ сұрақтарын тізімін әзірлеу, бақылау жұмысының барлық түрлерін пайдалану, өзара сұрау және ойын элементтерін пайдалану.
Бақылау, бағалау реті:
Оқушылардың білім, білік дағдысы кезеңдер бойынша бағаланады:
• Өзіндік бақылау
• Кезеңдік бақылау
• Жазбаша бақылау
• Өзіндік жұмыс
• Ауызша сұрау
• Таспа арқылы
• Жазбаша үніз жауап алу
• Жұптық өзара бақылау
• Топтық өзара бақылау
• Үй жұмысы арқылы бақылау
Технологияның тәрбиелік мәні:
• Еріктілік
• Еңбексүйгіштік
• Өз күшіне сену
• Қабілеттілік
• Жауапкершілік
• Адалдылық
• Жолдастық қасиеттер қалыптасады

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.