Главное меню

  • К списку уроков
Математика "Оң және теріс сандар" 6 сынып
01.09.2015 1009 134 Габдуллин Малик Каиржанович

Сабақтың білімділік

                    мақсаты: Оқушыларға оң және теріс сандарды айыра 

                                        білуді және қолдану жолдарын түсіндіру

         дамытушылық:  Логикалық ойлау қабілеттерін және 

                                          математика пәніне қызығушылығын арттыру

                   тәрбиелік: Қазақстан болашағына деген сенімін және 

                                         білімнің қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, 

                                          бейнепроектор

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

                                      2. Жаңа сабақты түсіндіру

                                      3. Қорытындылау.

                                      4. Бағалау.

                                      5. Үйге тапсырмалар беру.

1. Сәлеметсіздерме балалар. Отырыңдар.

    Бүгінгі сабақта кім кезекші ?

     Жауап:

    Кім сабақта жоқ?

    Жауап:

2. Дәптерлерімізді ғана ашайық та бүгінгі күнді және тақырыбымызды жазайық, ол « Оң және теріс сандар»

 Нәрселерді санау барысында, шамаларды өлшегенде біз 

натурал сандарды, ондық және жай бөлшектерді  пайдаланамыз.

Бірақ математикада, география, физика  пәндерінде кейбір шамалар тура мағынасы, тура бағытымен бірге қарама-қарсы бағыты мен мағынасы  да болады. Тура мағыналы сандардың алдына «+», ал қарама-қарсы мағыналы сандардың алдына «-» таңбаларын қоямыз.

Компьютерден презентация жүреді.

1 слайд: Мысалы ауа шарлардың, ұшақтардың, ғарыш кемелердің биіктігін анықтағанда біз оң сандарды пайдаланамыз, яғни ғарыш кеме үшін ол +1000 км, ұшақтар үшін ол +20 км, ал тау шыңдары үшін +7 км.

2 слайд: Әр түрлі жерлердеге қара топырақтың тереңдіктері үшін теріс сандарды пайдаланамыз. Тундрада ол «-10 см», шымтезекті топырақта ол «-20 см», ал қара топырақ ауданында – «-70 см» болады.

3 слайд: Серіппенің созылуы оң санмен, ал сығылуы теріс санмен беріледі.

4 слайд: Термометрде ауа райының суықтығы теріс сандар, ал жылы болуы оң сандармен өрнектеледі.

5 слайд: +1000, +20, +7 – оң сандар, -10, -20, -70 – теріс сандар.

6 слайд: Өрнектерде оң сандардың жазылуы

+9,5а – 10в + 6 өрнегін 9,5а – 10в + 6 түрінде жазамыз

+7,5х : 3 – 20у + 12z өрнегін 7,5х : 3 – 20у + 12z түрінде жазамыз 

7 слайд: Өрнектерде теріс сандардың жазылуы

9:(-3), 12 – (-6), 92 *(-5), 101+ (-91) – теріс сан қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының кейін жазылғанда.

(-18) + 62х өрнегін -18 + 62х түрде жазуға болады.

8 слайд: 0 саны – оң да, теріс сандарға да жатпайды

                               Шамалардың сан мәндерін айқындағанда санақ басы 

                                ретінде алынады

Балалар қазір біз екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ «Оң сандар», ал екінші топ «Теріс сандар» боласыздыр.

Кітаппен жұмыс

Ал енді кітаптарымыздың 64 бетін ашамыз № 263 ауызша істейміз.

Жауаптары: Петропавлда -3 суық.

                     Қостанайда -2градус суық

                     Астанада -3 градус суық

                     Шымкентте -+5 градус жылы

                     Алматыда -+1 градус жылы

                     Жезқазғанда -+2 градус жылы

№ 264

1) +20;                       2) -16;                              3) +5;                        4) +12:

5) -28000;                  6) +175000                      7) -3;                             8) -9;

 

Сандар туралы мақал-мәтелдер сұрау.

 

«Бір жылы сөз бір күнге ұзақ»

«Ерке бала-екі жырлар»

«Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді»

«Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды»

«Бес бармақ жиналса, жұдырық болады»

 

№266

Кестемен жұмыс

№267

 

Жауабы:      +20;       +20;        +30;

№268

 

1)      +15                       3) +7                                    5) +2

2)      -32                        4) +28                                  6) -5

 

Сабақтың қортындысында:  Бейне сұрақтар.

 

Үй тапсырмасы: документ ретінде №273, №274, №275

 

Бағалау парағының көмегіме оқушыларды бағалау

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.