Главное меню

  • К списку уроков
Математика "Ондық бөлшектерді қосу және азайту" 5 сынып
25.02.2015 1253 280 Тогузова Гульнур Жандиллаевна

[/l]Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекші ауданы
№28 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің
мұғалімі Тогузова Гульнур Жандиллаевна

Сабақтың мақсаты :
ондық бөлшектерді оқу, жазу, салыстыру, ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде және керісінше жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу туралы білім – дағдыларын пысықтау, қайталау
ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін оқып үйрету
ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін есеп шығаруда, өзіндік жұмыстарда пайдалана білуге жаттықтыру
логикалық ойлауға, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білім - дағдыны қалыптастыру сабағы
Көрнекілігі : плакаттар, үлестірме қағаздары
Сабақтың мазмұны :
Сергіту сәті:
ауызша орындалады:
Бөлшектерді оқыңдар : 0,2 ; 2,13; 1,05; 87, 001; 0,075
Ондық бөлшекті жазып көрсет :
Екі бүтін оннан бес / 2,5/
Жеті бүтін мыңнан елу алты /7,056/
Қырық екі бүтін жүзден екі / 42,02/
Нөл бүтін жүзден он бес / 0,15/

жазбаша орындалады :
Ондық бөлшек пен жай бөлшекті бөліп жаз 1,2; 1 ; 3,02; 4,012; 0,0005; 4 .
Берілген жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазып көрсет : 4 2/5; 1/25; 10 1/8; 2 1/5
Ондық бөлшектерді салыстырыңдар : 1,25 пен 1,05 12,01 мен 12,1 3,5 пен 3,8 7,3 пен 7,28 3,04 пен 3,009
Ондық бөлшектерді өсу , кему ретімен орналастырыңдар:
а/ 3,4; 3,28; 2,9; 1,003; 1,009 / өсу/
б/ 17,23; 16,8; 15,08; 16,008; 16,0032 /кему/

Берілген ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазып көрсет:
12,5; 7,25; 6,005 ; 0,08

Жарайсыңдар балалар! Өткенді қайталап сергіту сәтінен жақсы өттік.
Сонымен бірге жай бөлшектерге қосу, азайту көбейту, бөлу амалдарын орындауды үйрендік.

Ал ендігі сабақтарымызда ондық бөлшектерді қосуды, азайтуды, көбейту және бөлуді үйренетін боламыз. Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазайық :

26 ақпан, Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.