Главное меню

  • К списку уроков
Алгебра "Рационал бөлшектерді қысқатру" 7 сынып
20.02.2015 979 145 Нурхасымова Арай Ерхасымовна

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың есеп шығару барысында рационал
бөлшектерді қысқарту дағдысын әрі қарай жетілдіру.
ә) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, математикалық тілдерін дамыту.
б) Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.
Сабақ типі: Практикалық сабақ .
Стратегиялар, әдіс-тәсілдер: «Шаттық шеңбері» жылы лебіздер арқылы.
Топтастыру( математикалық фигуралардың түстерімен),
«Көршінді тексер»,«Ішінде - сыртында», «Семантикалық
карта»,«Ойлан-бөліс-талқыла», Рефлексия .

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: а) оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау,
ә) сабаққа дайындықтарын бақылау.

ІІ. Психологиялық көңіл-күйді реттеу.
Мақсаты: жағымды эмоция орнату.
Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың көрермеңдері. Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.
Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді:
Күннін шуағындай жылу тілеймін.
Қажымас қайрат тілеймін.
Таудай талап тілеймін. Сәттілік тілеймін.

Топқа бөліну.
Таңдап алған түстерге байланысты топтарға бөлу.
Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.
Оқушылар топта тұрған балалармен қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы әр топ келесі топтарға жылы лебіздерін білдіреді.
1топ , , 2топ , 3 топ , 4 топ топтарға топтасады.
Әр топ өз топ басщысын сайлап алады.Топ басшысы әр тапсырмадан кейін топтағы оқушылардың жинаған балдарымен хабардар етіп отырады.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру:
Мақсаты: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
а) «Көршіңді тексер» әдісі. Слайдта үй жұмысының шешімі тұрады.
Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бағалайды.

ә) Формуланы білесің бе?
– Балалар, рационал бөлшектерді қысқартқан кезде ең көп қолданатын қандай формулалар? (қысқаша көбейту формулалары)
Қазір ҚКФ қаншалықты деңгейде білетіндерінді тексеріп алайық.
Үлкен дөңгелек үстел ойыны. (Топтарға тапсырма беріледі. Бірін – бірі тексереді. Топтан бір оқушы қорғайды)
«Ішінде – сыртында» стратегиясы. Формуланы білесің бе? (дұрыс деп таныған қысқаша көбейту формуласын ішінде, қатесін сыртында деп жазылған кестеге жазу керек)

Ішінде Сыртында

a2-b2= (a-b)(a+b)
(a-b)2 = a2-2ab+b2
(a+b)2=a2+2ab+b2
(a-b)3 = a3-3a2b+3ab2-b3
(a+b)3=a3+3a2b+3ab2+b3
a3-b3= (a-b)(a2+ab+b2)
a3+b3= (a+b)(a2-ab+b2)

ІV. Дамыту кезеңі: «Ойлан – жұптас - бөліс» стратегиясы.
Мақсаты: Топтық білімді жинақтау, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету. Топтан бір оқушы шығып, тапсырманы қалай орындағандарын айтады.
І топ:

ІІ топ:

ІІІ топ:

IV топ:
V. Сергіту сәті:
VІ. Жинақтау. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Біз толық қайталадық және практикада қалай қолдана алатындарынды көрсеттіңдер, енді осы алған білімдеріңді жинақтау үшін жеке тапсырма беріледі, әр оқушыға жеке тапсырмаларды топ басшысы таратып береді, 5 минутта орындап, жауаптарынды жауап парағына толтырасын, сосын өзінді тексеріп, әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады. Жауабы слайдта.
1.Бөлшекті қысқартыңыз:(a^3-a)/(a^4-1)
А)a/(a^2-1) В) a/(a^2+1) С) a+1 Д) 1 Е)-1
2.Бөлшекті қысқартыңыз:(a^2-9b^2-a+3b)/(a^2-9b^2 )
А) (a+3b-1)/(a-3b) В) (a+3b-1)/(a+3b) С) (3b-1)/(a+3b) Д) (a+b-1)/(a-3b) Е) (a-1)/(a-3b)
3.Бөлшекті қысқартыңыз:(14a^4)/(49a^3 b)
А)b/7 В) a/7 С) a/b Д) 2a/7b Е) b/a
4. Бөлшекті қысқартыңыз:(a^4-b^4)/(a^2 b+ab^2 )
А)a+b В)(a+b)/(a-b) С)(a+b)(a^2-b^2 )/ab Д) (a^2+b^2 )(a-b)/ab Е) 1/ab
5.Бөлшекті қысқартыңыз:(25x^2-20xy)/(16y^2-20xy)
А)5x/y В)-5x/4y С) 4y/5x Д) 5x/4y Е) 4xy

VІІ. Сабақты қорытындылау: «Семантикалық карта» стратегиясы.
Топ жетекшілері таңдап алған конверттегі тапсырмаларды бірлесіп орындап, берілген кестедегі дұрыс жауаптарына сәйкес әріптерден сөз құрастыру. Шыққан сөзді қолданып келесі топқа өз тілектерін айту

у(у-4)
(〖45х〗^5 у^4)/(〖60х〗^4 у^7 ) Т Қ А С Ж
(〖5a〗^2-2a)/7a О Ы Е И Ә
(y^3-16у)/(у+4) Л Н Д В Г
〖(a+b)〗^2/(a^2 〖-b〗^2 ) Ұ П Ш К І
(3х-6у)/(х^2 〖-4xy+4у〗^2 ) М Я Х Ю Р
(〖35a〗^3 b^4)/(〖49a〗^5 b) Ш А Е Ы Ф
3x/(x^2+4x) О Л Я Г Ң
〖y^2-x〗^2/(2y-2x) Қ Т Г Б Ә
█(a^2 〖-b〗^2 )/〖(a-b)〗^2 Е Ү Ж Х В
(3у+18)/(y^2+12y+36) Д К С Р И
m-n
П Ж Ы Б Г

І Ң Ә Н Ү

О И К Қ Л

З А І Ө Я

Ш М Р Е У
А Р Т С К

Ң Ө А Ж А

Б М У Ш З

Ұ Д Ү Ы Ы

К С Ү Ә Р

VІІI. Бағалау.
Топ жетекшілері өз тобындағы оқушылардың жинаған балдарына сәйкес бағаларын айтады.
IХ.Рефлексия және сабақтың қорытындысы.
Міне сабағымыз аяқталуға жақындады. Сендер бұл сабаққа жақсы дайындалыпсындар, өз білімдерінді көрсеттіндер. Ал енді мен сендердің бүгінгі сабақ туралы пікірлерінді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
Сендерге сабақ ұнадыма?
Қандай қиыншылықтар болды?
Енді бүгінгі сабақты өздерін бағалайсындар. Егер саған сабақ ұнаса жасыл түс, сабақ саған түсініксіз болса қызыл түсті, егер әлі де кейбір сұрақтарға көмек қажет болса сары түсті қағазды алып жапсырамыз. Ал, кәне бүгінгі сабағымызды бағалаймыз.
Үйге тапсырма №251

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.