Главное меню

  • К списку уроков
Термодинамикалық параметрлер. Температура және оның өлшеу тәсілдері.
12.03.2017 319 57 Алғазиев Бейбіт Әбдікерімұлы

10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Термодинамикалық параметрлер. Температура және оның өлшеу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Термодинамикалық шамалардың физикалы мағынасын ажырату туралы білім-білік дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушының білім-білігін дамыту. Салыстыра білу, керектіні таңдай білу, ең негізгіні есте сақтай білу қабілеттерін дамыту шараларын ұйымдастыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушының білімге құштарлығының, еңбекке икемділігінің дамуына ықпал жасау.
Сабақтың түрі: лекциясабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, есеп шығару.
Сабақтың көрнекіліктері: плакат, термометр, сұйықтық, барометр, мензурка..
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. Б) есептерін тексеру
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Физикалық диктант.
1. Молекуланы сипаттайтын шамалардың аты, өлшем бірлігі және формулаларын жаз.
m0 - Mr - υ- N- d - M- NA- m-
2. Зат молекулаларының тартылыс және тебіліс күштерінің сипаты қандай? Олар неге тәуелді?
3. «Потенциалдық шұңқыр» деп нені айтады?
4. Кристалдық торлардың түрлерін атаңыздар.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Термодинамикалық шамлар (P,V,T) туралы төменгі сынптан қалыптасқан білімдерін дамыту.
2. Ұғымдар: Жылулық жүйе; Жылулық тепе-теңдік; Макро және микропараметрлер; Физикалық құралдар (термометр, бараометр, мензурка)
3. Термометр және температуралық шкалалар (нүктелер)
4. Топтастыру. (кесте)
№ шкала Ғалымның аты-жөні Реперлік нүкте
1 Фаренгейт 1724 Фаренгейт (неміс) Мұздың еруі 320Г Судың қайнауы 2120Г
2 Реомюр 1730 Реомюр (фр) Мұздың еруі 00Р Судың қайнауы 800Р
3 Цельсий 1742 Цельсий (шв) Мұздың еруі 00Р Судың қайнауы 1000Р
4 Абсалют температура 1848 Кельвин (ағ) Мұздың еруі -2730Р Судың қайнауы -1730Р
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын, өз ойын сауатты, мазмұнды баяндау қабілетін бағалау. §4.4 дайындық сұрақтарын талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
1. Температура-физикалық шама. Кестені толтыр:
1 Сөздің шығу. температура
2 Сипаттау қасиеті Макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйі
3 Нені анықтайды Жылулық күйдің 0-дік күйден ауытқуы, молекулалар қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы
4 Жеке жағдайлар Балқу температурасы, қайнау, критикалық температура
5 Таңбасы Т
6 Өлшем бірлігі Кельвин (К)
7 Өлшеу тәсілі Тікелей
8 Басқа шамалармен байланысы -дененің ішкі энергиясымен

9 Өлшеу интервалы 0<T<1015
10 Қолдану шекарасы Көп бөлшектен тұратын жүйе
11 Анықтамасы Теипература-термодинамикалық жүйенің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
12 Өлшеу құралы Термометр.

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §4.4. дайындық сұрақтары.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.