Главное меню

  • К списку уроков
Физика "Заттың агрегаттық күйі. Қатты денелердің балқу және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы" 8 сынып
08.11.2015 833 138 Калыкова Бибинур Калыковна

Сілтеме 8 сынып физика және астрономия авторлары:Р.Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева (әдістемелік нұсқау) слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
1. Заттың агрегаттық күйлері және қасиеттері туралы, балқу, қатаю процестері, осы процестер кезіндегі температураның өзгеруі туралы түсінік алуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, сөйлеу арқылы ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Міндеттер
1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;
2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;
3.Өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;
4. Қайталау сабағынан белгілі бір ой қорытындылар жасау;
Мұғалім үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;
3.Оқушылардың бірін-бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері Жаңа тақырып
сұрақ -жауап, әңгімелесу,талдау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, презентация, әдістемелік құралдар,тест тапсырмалары,бағалау парағы, балауыз, спирт, су, колбалар, штативтер,мұз, семантикалық карта.
Күтілетін нәтиже 1.заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы, қатаюы және температурасы туралы түсініктерін нығайту;
2. Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады.
3. Өтілген білімнің өмірде бар екендігін, оны біз пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген сабаққа үлкен қызығушылық тудыру.
Ұйымдастыру
кезеңі -Сәлемдесу;
3 топқа оқушылар топтасады. (түрлі түсті қағаздарды таратып. Түстер бойынша оқушыларды үш топқа бөлем). 5 мин
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

1. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Оқушылардан үйде берілген тапсырманың орындалу барысын сұрайды.
1.Тұсаукесер бойынша топ оқушылары сабаққа дайын екенін айтады.

Сабақтың барысы
2. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 30 мин
1.Өтілген тақырып бойынша оқушылардың өздерінің дайындап келген тұсаукесерін талдату;
2.Әр топқа тест тапсырмалары таратылады, топтар сұрақтарға жауап берулері керек;
3. Оқушылардың тиісті тапсырмаларды орындаудағы қателерін келесі топ оқушыларына тапқызу;
4. Топ оқушыларының жұмысын бағалаушыларға бағалату;

1. Оқушылар өз топтарында флипчартарды толтырып кезек-кезек қорғайды.
2.Тиісті анықтамаларды мысалмен талдап, өз сөздерімен дәлелдейді.
3.Топ оқушыларын бағалаушылар бағалайды.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Флипчат толтыру. Үш топқа үш минут уақыт беріледі.
ТҰЖЫРЫМ:
Зат үш күйде болады: қатты, сұйық және газ тәрізді. Бұл күйлерді агрегаттық күйлер деп атайды.
Бір заттың өзі жағдайларға байланысты әртүрлі агрегаттық күйде бола алады.
Заттың молекулалары қатты, сұйық және газ тәрізді күйлерде бірдей болады.
Заттың әртүрлі күйлері молекулалардың орналасуымен, қозғалыс сипатымен және өзара әрекеттесуімен ғана анықталады
Бекіту 15 мин
3. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Слайд ашылып, әр топқа жекелей тапсырмалар ұсынылады.

Слайдтар көрсету. №9 ,10,11.
Табиғаттағы фазалық аусым:
судың табиғаттағы аусымы
№ 13-17

Тапсырмалардың жауабын анықтайды.
Оқушылар бағалайды.
Қорыту Күтілетін нәтиже 5 мин
4 .Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Топ оқушыларына бүгінгі сабақтан алған білімнің қаншалықты өмірде қажет екенін өз ойларымен қорытқызу;

Ойларын дәлелдейді, қорытады.
Қорытынды:
Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі балқу деп аталады.
Заттың балқу кезіңдегі температурасын заттың балқу температурасы деп аталады.
Заттың қатаятың (кристалданатын) температурасын қатаю немесе кристалдану температурасы деп атайды.
Зат қай температурада балқыса, сол температурада қатаяды.
Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесін қатаю немесе кристалдану дейді.
Қатаю (немесе кристалдану) балқу тәрізді тұрақты температурада өтеді.

Бағалау 4 мин
5. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтағы бағалаушылар бағалау парағындағы оқушылардың бағаларын қорытады. Бағалаушылар бағалау парағындағы ұпайларын есептеп қорытып шығарады.
Үйге тапсырма 1 мин
6. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Тапсырмалар тақтадан жазылады.
§13, 8-жаттығу.
Күнделікке жазады.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.