Главное меню

  • К списку уроков
Тас көмір. Тас көмірді кокстеу
18.12.2016 644 0 Хожаметова Венера Осербаевна

Мұғалімнің аты-жөні Хожаметова Венера №11 орта мектебі
Сыныбы 11 «А, Ә» Күні: 19. 12. 2016
Сабақтың тақырыбы: Тас көмір. Тас көмірді кокстеу
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2011жыл.
Жалпы мақсаты Оқушыларды көмірсутектерді алудың көзімен және кокс химия өнеркәсібінде тас көмірді өңдеу арқылы алынатын өнімдермен таныстыру
Күтілетін нәтиже Тас көмірді кокстеу және олардың өнімдерін білетін болады.
Негізгі идеялар Кокс, тас көмір, шайыр
Құрал-жабдықтар: Химия оқулығы 11, тас көмір, кокс тақырыбындағы плакаттар
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер Жеке жұмыс, оқулық пен жұмыс, талдау, жинақтау, тест
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалім іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылардың сабаққа даярлығы
-Оқушыларды түгелдеу
-Тәртібін қадағалау

ІІ кезең: Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ-жауап
1. Көмірсутектердің табиғи көздеріне жататын қосылыстарды атаңдар?
2. Табиғи газ бен мұнайға ілеспе газдардың айырмашылықтары қандай
3. Қолданылатын жерлері туралы не білесіңдер?
4. Мұнай өнімдерін ата.
5. Крекинг дегеніміз не?
6. Мұнайдың физикалық қасиеттері.


ІІІ Негізгі кезең :
Тақтаға сабақтың тақырыбы жазылады
« Тас көмір. Тас көмірді кокстеу»
Мәтін мен, терминдер мен жұмыс жасалады
1-тапсырма
1. Отынның ......түрлері бар.
2. Агрегаттық күйіне қарай ......
3. Шығу тегіне қарай .... жіктеледі.
4. Жасанды отын түрлерін ата?
5. Генератор дегеніміз не?
6. Гидрогендеу деген не?
7. Газдандыру дегенді қалай түсінесіндер?
8. Тас көмірді кокстеу деп неге айтамыз?
9. Тас көмірді кокстегенде ..... алынады?
10. Кокстеу процесі .... жүреді
11. Көмір қатпарларының қалыңдығы .......
12. Ашық әдіспен өндіретін кен орны?
2-тапсырма: Тест:
1. Табиғи түрде алынатын, жанатын қабілеті бар, энергия көзі
және химиялық өндірістерге шикізат болып есептелетін зат:
а) Отын; ә) кокс; б) бензин; в) солярлы май
1. Отынның агрегаттық күйлері:
а) газ; ә) қатты; б) сұйық ; в) бәрі де.
2. Тегіне қарай:
а) табиғи; ә) мұнай; б) жасанды; в) шымтезек.
3. Отын табиғи заттарды өңдеу нәтежисінде алынатын түрі:
а) жасанды; ә) жанғыш тақтатас; б) керосин ; в) табиғи өнім.
4. Органикалық заттар мотор және энергетикалық отын қатарына:
а) сутек пен метанол. этанол; ә) сутек пен этан;
б) өсімдік майлары мен бензол; в) метанол мен көмір.
5. Қатты отынды химиялық өңдеудің әдістері қанша:
а) 3 ; ә) 4 ; б) 5 ; в) 6.
6. Тас көмірді кокстегенде қандай өнім алынады:
а) шлак; ә) аммиак; б) кокс; в) тас көмір.
7. Қазақстанның ең ірі көмір базасы:
а) торғай; ә) екібастұз; б) қарағанды ; в) каратау.
8. Екібастұздың негізгі кен орыны:
а) майкүбі ; ә) богатырь; б) сарань ; в) михайловка.
9. Қарағанды негізгі кен орыны:
а) шахтинск; ә) карақаралы; б) майкүбі; в) солтүстік
10. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры:
а) 110 млрд; ә) 125 млрд; б) 140 млрд; в) 160 млрд.
11. Тас көмір шайыры құрамында нафталин қанша пайыз:
а) 0,5-1,5 %; ә) 5- 10 %; б) 4 - 6 %; в) 0,6- 1,3 %.

ІІІ кезең. Бекіту:
Тақырып бойынша сұрақтар қою.
а. Тас көмірді кокстеу дегеніміз не?
б. Тас көмірді өңдеу арқылы қандай заттар алынады?
в. Кокс газынан қандай заттар алуға болады?
г. Коксхимия өндірісіндегі ғылыми ортақ қандай прициптерді атап өтуге болады?
Үйге тапсырма: 2.18 оқу.
Бағалау: Оқушы іс-әрекеті
Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді

Оқушылар оқулық пен жұмыс жасайды, тапсырмаларды жеке дәптерге орындайды .

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді