Главное меню

  • К списку уроков
«Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері»
27.11.2016 34 9 Есжанова Гульнар Тулегеновна

Сабақтың тақырыбы : Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеті
Сабақтың мақсаты: қышқылдар туралы білімдерін тереңдетіп, жүйелеу және электролиттік теория тұрғысынан химиялық қасиеттерін түсіндіру .
Сабақтың міндеттері :
 Білімділік : қышқылдарды электролиттер ретінде қарастырып,қышқылдардың классификациясы, номенклатурасын оқып білу,қышқылдар диссоциациясы теңдеуін жазуға үйрету.;
 Дамытушылық : ақпаратпен жұмыс жасау және алған білімдерін зерттеушілік әрекеттерге пайдалану дағдысын дамыту ;
 Тәрбиелік - жауапкершіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың типі – жаңа сабақ
Жұмыс түрлері – жекелей, топтық.
Оқыту тәсілі : әңгімелеу, демонстрациялық тәжірбие, видеокөрініс, зертханалық жұмыс. Құралдар : интерактивті тақта , Д.И. Менделеевтің химиялық элементтер жүйесінің периодттық кестесі, қышқылдар,негіздер және тұздар ертінділерінің ергіштік кестесі, металдардың электрохимиялық кернеу қатары.
Реактивтер.
Индикаторлар (лакмус, метилоранж, фенолфталеин).
Қышқыл ертінділер (HCl и H2SO4).
Металлдар (Mg ұнтағы, Zn түйіршігі, Cu сымы).
Металл оксидтері (мыс оксиді (II) CuO)
Натрий гидроксиді ертіндісі (NaOH).
Сынауықтар,сынауық ұстағыш ,сынауыққа арналған штативтер, демонстрациялық штатив, спирт шамы, тамызғы.
Сабақ барысы .
Ι. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындықтары (дәптер, оқулық, таратқыш материалдар)
ΙΙ. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын оқып шығайық. (оқушылар өздері оқып шығады.).Енді осы тақырыптағы әрбір сөзді талдап,түсінік бере кетейік. Мына сұрақтарға жауап берейік:
1.Диссоциация дегеніміз не? -- 2.Электролиттер дегеніміз не?
3.Ертінділерде қышқылдар қандай иондарға ыдырайды? 4.Бұл теория қышқылдарға қандай анықтама береді?
Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсатын анықтайық.(оқушы ойы) - Сабақ мақсаты бәріне түсінікті ме?Ендеше сабағымызды жалғастырайық.
ІІІ. « Химиялық сергіту» а) кестемен жұмыс,сөздікпен жұмыс.мұғалім қышқыл,тұз,иондар формуласын көрсетеді, оқушылар оларды атау қажет. б) білімді синтездеуге арналған тапсырма . Сендердің алдарында формулалар немесе заттардың атаулары жазылған тізбек берілген . Енді мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.
- Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады? (қышқылдар, индикаторлар, металлдар, негіздік оксидтер, негіздер, тұздар.)
- Бұлардың қышқылдармен қандай логикалық байланысы бар? (қышқылдар бұл заттармен әрекеттеседі, яғни индикаторлар, металлдар, негіздік оксидтер, негіздер және тұздармен.)
Қазір біз осы реакцияларды жасап, электролиттік диссоциаия теориясы негізінде түсіндіруміз қажет.
ІV « Зертханалық тәжірбиелер» кезеңі
Зертханалық жұмысты жасай отырып мына сұрақтарға жауап ізде
- ЭДТ тұрғысынан қышқылдардың қасиеттерін қалай түсінуге болады?
- Неге қышқылдардың барлығына ортақ қасиеттері бар?
Бұл бүгінгі сабақтың негізгі сұрақтары болып табылады.
( оқушылар техника қауіпсіздігін еске түсіре отырып, берілген нұсқаулыққа сай жұмыс жасайды)
Нұсқау картасымен жұмыс жасау
Зертханалық жұмысты оқып, оның мақсатын түсінуге тырысындар
Техника қауіпсіздігі ережесі .
Жалпы қорытынды. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.(ауызша)
1. Қышқылдардың қандай ортақ қасиеті бар ?
2. Неліктен қышқылдар бірдей қасиетке ие?
(оқушылар зертханалық тәжірбиені нұсқау картасына сай орындайды. Сыныптың бір бөлігі күкірт қышқылын, екінші жартысы тұз қышқылын зерттейді. Нұсқаулық сәйкес жасалады. Берілген тапсырмаларды оқушылар өз деңгейіне сай таңдайды. Әр тәжірбиені орындаған соң қорытынды жасалып отырылады.Ол үшін интерактивті тақтада слайдтар қолданылады және тақтаға реакция теңдеулері жазылып отырылады. ( оқушылар мұғаліммен бірге тексереді).
Сонымен сендер мына сұрақтардың жауаптарын тәжірбие жасай отырып, ала алдыңдар деп ойлаймын.
1. Қышқылдарға қандай химиялық қасиеттер тән?
Қышқылдар әрекеттеседі:
а) индикаторлармен (түстерінің өзгеруі);
б) электрохимиялық кернеу қатарында сутекке дейінгі орналасқан металдармен әрекетесіп , тұз және сутек газын бөледі.
в) негіздік оксидтермен реакцияға түсіп, тұз және су түзеді
г)негіздермен .
д) әлсіз және ұшқыш қышқылдардың тұздарымен.
2.Неліктен қышқылдар ортақ қасиетке ие?
Ол үшін жасалған тәжірбиелер бойынша жазылған иондық теңдеулерге зер салып қараңыздар.
- Барлық реакциялар қай ионның қатысуымен жүрген? (Сутек ионы бойынша. Қышқылдардың ортақ қасиетке ие болу себебі, олар диссоциациялангған кезде сутек катионы түзіледі)
V. Бекіту
4. «Химиялық гүл» ойыны.Біздің зертханамызда ерекше гүл өсіп тұр. Оның күлтелерінде заттардың формуласы жазылған.Ендеше осы заттар күкірт қышқылымен әрекетесе ме әлде жоқ па ?
(формулалар: Аu, Zn, CuO, CO 2, NaOH, KCl, Na 2SiO 3 және сөздер: фенолфталеин, лакмус). Әрекетеспейтін зат формуласы жазылған күлтелерді алып тастаймыз. Сонда бізде: Zn, CuO, NaOH, Na 2SiO 3, лакмус қалады.
- Енді осы күлтелерді логикалық тұрғыдан тізбектеп орналастыр (лакмус, Zn, CuO, NaOH, Na 2 SiO 3).

VI. Үй тапсырмасы
1) Берілген заттардың ( Zn, CuO, NaOH, Na 2 SiO 3) күкірт қышқылымен реакция теңдеулерін жазыңдар. Молелулалық және иондық.
VII. Сабақты қорытындылау
Енді сабағымызды қорытындылайық. ББҮ стратегиясы бойынша
- Қалай ойлайсыңдар біз бүгін мақсатымызға жеттік пе? (оқушылар «тақырыпты меңгеру бойынша білімін қадағалау картасына өзін-өзі бағалап, баға қояды)

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.