Главное меню

  • К списку уроков
Сутек - химиялық элемент және жай зат
07.02.2016 477 114 Елеусизова Гаухар Калкатаевна

Өткізген күні: 8.02.16ж.

Сынып: 8 «А» (14-15 жасар).      

Химия пәнінің мұғалімі: Елеусизова Г.К.

Оқушылар саны: 7

Қатысқаны: 7

Сабақтың тақырыбы:

Сутек – химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары.

Сілтеме:

интернет материалдары. Н.Н.Нурахметов, К.А.Сарманова, К.М.Жексенбина.- Алматы: «Мектеп», 2012ж.

Жалпы мақсаттар:

Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру, экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.

Түйінді идеялар:

Сутектің жер бетіндегі қосылыстарының ең маңаздысы – су.

Әдіс –тәсілдер:

Жекелей, жұптық, топтық. «Миға шабуыл», «Мені тап», «Бірге ойлаймыз», «Карточкамен жұмыс», «Кім жылдам?».

Көрнекіліктер:

интербелсенді тақта, стикер, топқа бөлу парақшалары, есептер, видио.

Дерек көздер:

интернет материалдары. Н.Нұрахметов. К.Сарманова.К.Жексембина  8 сынып  оқулығы, Алматы  «Мектеп баспасы»  2012жыл.,Химик  анықтамалығы Ә.Темірболатова «Есептер мен жаттығулар  жинағы».

Оқыту нәтижелері:

-        сутектің табиғатта таралуы мен алынуымен танысады;

-        өз ойын білдіру арқылы білімі молаяды;

-        өз бетінше ізденеді;

-        есептерді өз бетінше шығарып үйренеді;

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

І. Ұйымдастыру бөлімі.

2 минут

Сәлемдесу, түгендеу. Оқушыларды журнал бойынша топқа бөлу.

Оқушылардың зейінін шоғырландыруға, тез жинақталуына мүмкіндік береді.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Мадақтау

ІІ. Үй жұмысын сұрау.

6 минут

 « Миға шабуыл»

1.Заттар нешеге жіктеледі?  Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

2.Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)

3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

 2. « Семантикалық карта»

 

Бір-бірін бағалау

ІІІ. Жаңа сабаққа даярлық.

3 минут

«Мені тап»

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

    1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

     Ғаламшарда  92 пайызбын.

     Бармын газбен көмір,мұнайда,

Берілген жұмбақты табады.

Жарайсыңдар

ІV. Жаңа сабақ.

20 минут

«Бірге ойлаймыз» әдісі.

1 топ: «Сутектің табиғаттар таралуы»

2 топ: «Сутекті алу әдістері.»

Видио көрсету «Сутекті алу».

Оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып жаңа сабақты талдайды.

 

Көрсетілген видионы талдау.

Шапалақтау

Сергіту сәті.

1,5 минут

Сергіту сәті «Көзге арналған жаттығулар»

Видиода көрсетілген көзге арналған жаттығуларды қайалайды.

Сергиді, сабаққа деген қызығушылықтары артады.

Мадақтау

V. Бекіту

8        минут

«Карточкамен жұмыс» әдісі.

«Есептер мен жаттығулар жинағы» 53 бет № 2-61-2-66 есептерін шығару.

Берілген тапсырмаларды жекелей орындайды.

Өзін-өзін бағалау

Рефлексия

 

«Сұхбаттасатын жұп»

-не оңай болды?

-не қиын болды?

-тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелеңіз.

Оқушылар сабақтың соңында сабаққа кері байланыс береді.

Кері байланыс

VІ. Қорытындылау.

2        минут

«Кім жылдам?» әдісі. 

Арнайы аспап – Кипп аппаратының құрылысын және жұмыс істеу ретін айтып беріңдер.

Кипп аппаратының құрылысын айтады.

Бас бармақ

 

VII. Үй жұмысы

1 минут

85 бет № 8-12 тапсырмалар.

Суммативті бағалау

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.