Главное меню

  • К списку уроков
Химия "Металдардың физикалық қасиеттері, құймалар" 9 класс
21.07.2015 2023 0 Битабарова Хадиша Исабековна

Сабақтың мақсаты:
а) біліктілік: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттеріндегі өзара байланысты түсіндіру.
ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; сөзжұмбақ, ребус, «үйлестірме кесте» жасай білуге баули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру,танымдылық белсенділігін арттыру.
б) тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу;білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың міндеттері:
а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.
ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)
Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.
Сабақтың формалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың тегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралы айтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.
Ұзтаз ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.
Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру (2 минут)
2. Үй тапсырмасы (10 минут)
3. Жаңа сабақ (20 минут)
4. Пысықтау (5 минут)
5.Үйге тапсырма (2 минут)
6. Бағалау (3 минут)
7. Қорытындылау (3 минут)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу
2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.
4. Журнал бойынша түгелдеу.
5. Оқу құралдарын түгелдеу.
6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.
7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.
8. Жаңа сабаққа дайындық.
9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
10. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.
Өткен сабақтарда өтілген «Металдардың адам өміріндегі маңызы. Металдардың периодтық жүйедегі орны. Атом құрылысы.» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.
І-тапсырма. Деңгейлік тапсырма
1- деңгей. Тест (4-сұрақ).
1. Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан?
А) периодтық жүйенің жоғарғы жағында Ә) периодтық жүйенің төменгі жағында
Б) ІІ – ІІІ периодтың соңғы жағында В) тек қана І топтаорналасқан.
2. Тұрақты тотығу дәрежесін көрсететін металл?
А) мыс Ә) магний Б) өттегі В) көмір.
3. І топта орналасқан металл
А) литий Ә) бром Б) сутегі В) гелий
4. Кіші период және үлкен периодтың жүп қатарында металдардың қаттылығы балқу температурасы, тығыздығы қалай өзгереді.
А) кемиді Ә) алдымен кемиді, сосын артады Б) артады В) артады, сосын кемиді.
2 деңгей
1. Мына элементтердің қайсылары металдарға жатады: Ne, P, Zn, As, Cl, Cu, Br, He.
2. Берілген элементтерді металдық қасиеттерінің өсу реті бойынша орналастырыңдар.
1. Na, Li, Cs, Pb, K
2. Al, Na, Mg,
3 деңгей
1. Көміртегінің аллотропиясы.
2. Кәдімгі шынының формуласы.
3. C – Si – Ge – Sn – Pb қатарында элементердің бейметалдық қасиетінің өзгеруі.
4. Қандай зат құрғақ мұз деп аталады?
5. Иіс газы мен көмірқышқыл газының айырмашылығын жаз.
6. Фосфиннің аммиактан өзгешелігі.
7. Азот қышқылының тұздары қалай аталады ?
ІІ-тапсырма. Есеп шығару.
1. 7 г темір күкіртпен әрекеттескенде түзілген темір(ІІ) сульфидінің массасы (г)
Шешуі: Ғе + S →ҒеS
М(Ғе) = 56 г/моль
М(ҒеS) = 88 г/моль
7 г Ғе ----- х г ҒеS
56 г Ғе ---- 88 г ҒеS
х=(7 г∙88 г)/(56 г)=11 г
2. 27 г алюминий күкіртпен әрекеттескенде түзілген алюминий сульфидінің массасы (г) және зат мөлшері (моль)
Шешуі: 2АІ + 3S → АІ2S3
М(АІ) = 54 г/моль
М(АІ2S3) = 118 г/моль
27 г АІ ----- х г АІ2S3
54 г АІ ---- 118 г АІ2S3
х=(27 г∙118 г)/(54 г)=75 г
ν=(75 г)/(150 г/моль)=0,5 моль
3. 4 г натрий гидроксиді тұз қышқылы мен әрекеттескенде түзілген тұздың зат мөлшері (моль)
Шешуі: NaOН + НСI → NaСІ + Н2О
М(NaOН) = 40 г/моль
(NaСІ) = 1 моль
4 г NaСІ ----- х моль NaСІ
40 г NaОН ---- 1 моль NaСІ
х=(4 г∙1 моль)/(40 г)=0,1 моль
4.1,2 г магний тұз қышқылымен артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген сутегінің (қ.ж.) көлемі (л)
Шешуі: Мg + 2НСI → МgСІ2 + Н2
М(Мg) = 24 г/моль
Vм (Н2) = 22,4 л/моль
1,2 г Мg ----- х л Н2
24 г Мg ---- 22,4 л Н2
х=(1,2 г∙22,4)/(24 г)=1,12 л
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Металдардың физикалық қасиеттері, құймалар» тақырыбы жайлы түсіндіремін
Металдардың физикалық қасиеттері. Металдарды сипаттаушы қасиеттерінің бастылары олардың электр және жылуөткізгіштігі, бүлар бүрында айтылған бос электрондардың болуынан. Металдардың бүл қасиетін электртехникада, қыздырғыш жөңе суытқыш аспаптар жасауда кең қолданады. Электрөткізгіштік пен жылуөткізгіштік пропорциялы, бір бағытта өзгереді. Жылуды да, электр тогын да жақсы өткізетін элементтер — күміс, мыс, алтын мен алюминий болып есептеледі. Кейбір металдар абсолюттік нөл температурасына жуық суығанда, асқын өткізгіштік деп аталатын қасиет көрсетеді. Бүл кезде металдар электр тогының өтуіне ешбір кедергі келтіре алмай, іс жүзінде озінің бойынан кез келген мөлшерлі токты өткізіп жіберіп отырады. Металдардың асқын өткізгіштік қасиеті температура төмендеген сайын туа бастамайтын, белгілі бір кризистік температурада бірден пайда болатын құбылыс.Металдардың барлығы жалтырайды, оның себебін былай түсіндіреді. Жарық сеулесі жолында кездескен заттан богелмей өтіп жатса, ондай зат біздің көзімізге мөлдір (шыны) болып корінеді, сәуле түгел сіңіп жатса, зат қара (күйе) болып көрінеді, шағылысып бетінен қайтып жатса-ақ, ақ жалтыр болып көрінеді. Демек, металдардың жалтырауы түскен сәуленің шағылуынан. Металдар тек кесек, түтас күйінде жалтырайды, үнтақ түрінде, алюминий мен магнийден басқасы, жалтырамайды. Металдардың өте жалтырауығы күміс, одан кейін палладий; бүлардың ол қасиеттерін айна жасауға пайдаланады.Металдардың пластикалық-созылғыш, иілгіш, созылғыш қасиеті де ішкі құрылымымен байланысты. Сырттан механикалық эсер еткенде ион қабаттары жанасқан жерлерінде ығысып, сәл ауысады. Ертедегі адам металлы балқытудан бүрын оны соғып, керекті балға, балта, садақ жебесін т.т. жасауды білген. Пластикалық жағынан металдарда бірінші орынды алтын алады — алтыннан тартқан сым қылдан жіңішке, көзге көрінер-көрінбес болады. Сурьма мен висмут морт келеді.
Әдетте металдардың балқу температурасы 800°-тан кем болса, оңай балқитындар 800°-тан жоғары болса, қиын балқитындар деп бөледі. Бу күйіне ауысқанда металдар жеке-жеке атомдардан тұрады.Металдардың сынаптан басқасы қатты болғанымен, қаттылығы әр түрлі, мысалы, хромға алмаздан басқа еш қатты зат батпайды, ал калийді саз балшықтай саусақпен илеуге болады.Меншікті салмақ жағынан да металдардың айырмашылығы үлкен; жер бетінде белгілі қатты заттардың ең ауыры осмий, ең жеңілі литий, екеуі де металл, бірінен бірі 40 есе ауыр.
Металдарды ауыр, жеңіл деп бөледі, шартты келісім бойынша 5-ке тең меншікті салмақ шекаралық меншікті салмақ деп алынады.
Металдарды тегіне сай, химиялық ұқсастығьша, табиғатта таралуына қарай мынадай топтарға бөледі:
Қара металдар — бұған темір және оның қүймалары жатады; тусті металдар — бүған темірден басқа барлық металл кіреді; асыл металдар: Ag, Аи, Pt, Ir; сілтілік металдар: Li, Na, К, Rb, Cs, Fr. Сілтшк-жер металдар: Ca, Sr, Ba, Ra; сирек кездесетін металдар: V, Mo, Be,In, Zr, La, Nb, Re, Ge,* (Сирек металл деген үғым металдың табиғаттағы қорының молаюына қарай, әрі оларды таза күйінде алу өдісінің жеңілдеуіне сәйкес өзгеруі де мүмкін, онда ол сирек металдар қатарынан шығып қалуы ықтимал.
Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:
Жай заттармен:
2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы
Fe + S = FeS темір (II) сульфиді
Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1 болады, себебі металдар электрондарын сутектің атомдык радиусы кіші болғандықтан оңай береді.
Күрделі заттармен:
Сілтілік және сілтілік жер металдар сумен куатты әрекеттесіп, судағы сутекті ығыстырып шығарады.
2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2↑
Металдар қышқылдармен әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде түзілетін өнімнің табиғаты металдың белсенділігіне жөне қышқылдардың концентрациясына тәуелді
Zn + H2S04 (сұйык) = ZnS04 + Н2
Zn + 2H2S04(конц.) = ZnS04 + S02↑ + 2H20
4Mg + 10HN03 (сұйық) = 4Mg(N03)2+ NH4N03 + 3H20
Ag + 2HN03 (конц.) = AgN03 + N02↑ + H20
Металдар тұздармен әрекеттеседі. Белсендірек металдар (химиялық белсенді металл) белсенділігі темен металды оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.
Cu + Hg (N03)2 = Cu (NO3)2+Hg
Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu
2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti
Металдар оксидтермен әрекеттеседі:
2Al + Fe203 = Al203 + 2Fe
Mg + C02=Mg0 + C0
Металдар органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі.
Металдардың активтігін алғаш рет толық зерттеп салыстырған Н.Н.Бекетов
(1865 ж.) болды; металдарды активтігінің төмендеу ретімен тізіп, оны "ығыстыру қатары" деп атаған.
Қазіргі кезде Бекетовтың төжірибелері де, айтқаны да дүрыс екендігі анықталды, ол бүрын ығыстыру қатары, не активтік қатары деп аталатын қатарды қазірде металдардыц кернеу қатары деп атайды, өйткені ол қатардағы әр бір металдың орыны, осы күнгі көзқарас бойынша, оның электрлік кернеу шамасымен анықталады, яғни сол металлы өз түзының ерітіндісіне батырғанда туатын кернеу айырымымен анықталады.
Бүл кернеу қатары металдардьщ ерітінділердегі реакцияларда химиялық қандай өзгерістерге үшырайтындығын көрсетеді:
1. Бүл қатардағы өрбір металл (және қысымға алынғансутек) өзінен кейін орналасқан металдардьщ барлығын,
олардың түздарының ерітінділерінен ығыстырып (тотықсыздандырып) шығарады. Ал, оның өзін алдындатүрған металдың кез-келгені ығыстырып шығарады.
2. Сутек те сол сияқты, оның алдында түрған метаддароны қышқылдардың сүйытылған ерітіндісіненығыстырып шығарады. Сутектен кейін келетін металдарсутекті қышқылдардан ығыстырып шығара алмайды.
3. Қатар бойында сол жақта түрған металл активтеуболады. Реакцияласушы екі металдың арасы неғүрлымқашығырақ болса, бірінен біріне электрон кошуоңайырақ болады.
ІV.Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы, сұрақ –жауаптар, деңгейлік тест сұрақтарын беруге болады.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаң соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.
І-тапсырма. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар».
Венн диаграммасы

Металдар Бейметалдар

V. Үй тапсырмасын беру кезеңі.
§ 32, 1-6-жаттығулар. Есептер жинағы мен жаттығулары.
VІ. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.
Сабақта сұраққа мәнді де мағыналы жауап берген, қосымша сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.
VІІ. Қорытындылау кезеңі.
Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс бойынша сұрақтар мен жұмбақтар беремін.
І-тапсырма. «Ерінбей талмай төгіп тер, білгенің үстіне біле бер».

1. Мына өлең жолдарының мағынасын түсіндіру.
Күмісті алтын менен кім білмейді,
Қолда болса, қуанып кім күлмейді.
Химиктерге жақпайтын не сыры бар,
Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді. (Активсіз металл)

2. Өзі жылтыр күмістей,
Жұмсақтығы тағы бар.
Жеңілдігін ескерсең,
Пайлаланар жері табылар (Алюминий)