Главное меню

  • К списку уроков
СОР казахский язык 6 класс
16.02.2018 3538 395 Бектурова Аяужан Куанышпаевна

Қазақ тілі Т2» бөлімше бойынша жиынтық бағалау жұмысы
Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Көлікке мінгенде
Қаламызда қырандай,
Самғар көлік табылар.
Троллейбус пен трамвай,
Автобустар тағы бар.
Автобусқа асығып,
Жолды кесіп өтпеймін.
Доп тепкендей асырып,
Бос қалбырды теппеймін.
Жол шетіне трамвай
Келе алмайды күтсең де.
Болу керек тым абай,
Мінгенде не түскенде.
Өзім барар бағыттың,
Нөмірін де білемін.
Ережеге қанықпын,
Артқы есіктен кіремін.
Жұрт аяғын баспаймын
Бүлдірмеймін, шашпаймын.
Жол ақысын «қоянша»,
Төлеместен қашпаймын.
Шаршап кейде жүрсем де,
Орын берем үлкенге.
Қатты шулап тұрмаймын,
Құрбылармен күлсем де.
Аялдама аттарын
Жаңылмастан жаттаймын.
Жолда жүру тәртібін
Мен осылай сақтаймын.
1.Өлеңнің идеясын анықтаңыз.
А) өмір құндылықтары
В) жол ережесін сақтау
С) бағдаршамды сақтау
D) көліктер [1]
2. Автордың ойын қорытындылаңыз.
Жолда жүру тәртібін...
А) пайдалы
В) жай
С) сақтаймын
D)мәңгілік [1] 3. Тыңдалым мәтінінде көлік түрлерін жазыңыз. _____________________________________________________________
[1] 4. Ақпараттарды шын/өтірік/ айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз.
[2]
1. Өзім барар бағыттың нөмірін де білемін А)шын
2. Мен автобуспен саяхатқа барамын В) айтылмаған
3. Жолды кесіп өту-өмір талабы. С) өтірік
Оқылым
Мәтінді мұқиятоқып,тапсырмаларды орындаңыз.
Көлік
Адамдар баратын жерлеріне көлікпен жетіп қалады.Ауыр жүктерін осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем көлігін шақырамыз,өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін шақырамыз.Көліктердің зияны: көліктерден шыққан түтін,улы газдар қоршаған ортаның ауасын ластайды,адамдардың ағзасына яғни денсаулығына кері әсерін тигізеді.Кейбір жағдайларда жол апатына ұшырап адамдар қаза табады,сондықтанда жолдан өткенде абай болып өткен жөн. Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту керек.Жолаушылар жүретін көліктердің ережелері бар: автобус,пойыз,троллейбусқа мінгенде міндетті түрде жол ақысын төлеу керек.Үлкен адамдарға орын беру керек. Қатты сөйлеуге,жүруге болмайды.Отырған жерлеріңді таза ұстауларың керек. (95сөз)
1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз. ауыр - _____________________
жылдам - ________________________
улы -______________________
сөндіру- ___________________
Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз. _____________________________________________________________________________ [1]

3. «Үлкен қалаларға барғанда, бағдаршамға қарап өту керек» деген автор пікірімен келісесізбе? Ойыңызды дәлелдеңіз.
_____________________________________________________________________________ [1] 4. Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Мәтінде көліктің зияны туралы қандай себептер көрсетілген? _____________________________________________________________________________ [1]

Жазылым
«Көліктен шыққан газдар адамдар денсаулығына зиянды »деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 100 сөзден тұратын эссе жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
[10] Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға 2 минут).Ұлттық сөз әдебімен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

Диалог тақырыптары
1. Көлік адамға қажет.
2. Сен мектепке қандай көлікпен келесің?
3. Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.