Главное меню

  • К списку уроков
«Тәуелсіздік нышандары»
09.02.2018 46 10 Камалиева Асемгуль Аманкельдиевна

[size=14][color=blue][size=14]
Түсінік хат

Қазақ тілі мен әдебиеті. 5 сынып. Тақырыбы: «Тәуелсіздік нышандары»
Мақсатты: Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.Тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық – танымдық құзыреттілігін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: АКТ, слайд, видео фильм үзіндісі.
Сабақтың ұйымдастыру кезенің психологиялық ахуалдан басталды. Оқушылар шеңберге тұрып бірі – біріне жылы лебізбен жылы сөздер білдірді. Қазақстан Респуликамыздың рәміздері туралы видео фильм үзіндісімен жарғастырылды. Айтылым.Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Мемлекеттік рәміздер» тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетіп, ой шақыру сұрақтарын қоя бастады. Соңғы сұрақ арқылы оқушыларға өз пікірлерін айтуға міндіктері берілді.
«Елтаңба, Ту, Әнұран» сөздері арқылы үш топқа бөлінді. Жазылым.Оқушыларға осы сөздерден басқа сөздер құрастыру тапсырылды. Мысалы: Елтаңба–Ел+басы, Таңба+лар, Таң +ба, Аң+ ......
Сергіту сәтті өткізілді .
Үш тоқпа әр түрлі мәтін берілді . Әр топ мәтінді оқып диалог құрастыруға тапсырма берілді.. Бір топтан екі оқушы шығып диалогты айтты. Екі топ тыңдап,бағдаршам арқылы бағалайды.
Мұғалім интерактивті тақта арқылы мәтінде кездескен жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Саусақ гимнастикасы сергіту сәтті өткізілді.
Үш топ «Тәуелсіздік нышандары» тақырыбында постер жасады. Әр топ өзінің постерін қорғайды.
Сабақтың соңы. Топтық жұмыс. «Кім көп біледі?» ойынын ұйымдастырады. Үш топқа сұрақ қойылады. Дұрыс айтылған сұраққа смайлик берілді. Қай топ көп смайлик жинаса жеңімпаз атанады.
Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың кері байланыстарын «Бас бармақ» арқылы өткізеді.
Барлығын түсіндім
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
Сабақ мақсаттары жүзеге асты. Сынып атмосферасы жағымды болды.Барлық оқушылар: Берілген сұрақтарды түсінеді.Көптеген оқушылар: Сұрақтарға дұрыс жауап береді.Кейбір оқушылар: Диалог құрастырады. Қазақстан тарихымен байланысы бар.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.