Главное меню

  • К списку уроков
Классный час "Наурыз"
22.01.2018 26 10 Аяганова Шайзат Тулетаевна

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ
Сабақтың мақсаты. Білімділік: оқушыларды мәтінмен таныстыру, Наурыз туралы түсінігін кеңейту, сөйлем түрлері түсінігін қамтамасыз ету, сөздік қорын молайту жаңа сөздерді пайдалана отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларға адамгершілік, туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілік қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы, той сабақ.
Көрекілігі: Наурыз суреттері, кітаптар, қоржындар, карточкалар, ормал, әр партаға мәтін, грамматикалық таблица.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа керек оқулық, дәптерлерін тексеру.
2. Тілді жаттықтыру кезеңі. Сұрақ-жауап.
- Саша, бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Жылда төр мезгілі бар.
- Ол қандай жыл мезгілдері?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
Көктемгі айларды ата.
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Наурызда қандай мерекелер бар?
- Наурыз 8-наурыз, 22-наурыз мерекелері бар.
- Көктемде күн қандай болады?
- Көктемде күн жылы болады.
- Наурыз қандай мейрам?
- Наурыз – жаңа жыл мейрамы!
- Халық наурызды қалай тойлайды.
- Ән айтады, би билейді, киіз үй тігеді, бей бейлейді.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. Үнтаспа арқылы «Наурыз» атты ән тыңдау. Оқулықтағы, тақтадағы суреттермен жұмыс. Наурызды халық қалай тойлайды. Суретке қарап сөйлем құрастыру, тақтаға, дәптерлеріне жазу. Мысалы, Наурыз 22-наурыз тойланады. Наурызда адамдар ән айтады, би билейді, наурыз көже пісіреді. Балуандар күреске шығады, бәйге болады.
4. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру. Сөйлеу мақсатында, дауыс ырғағына қарай сөйлем 3 түрге бөлінеді.Олар: хабарлы, сұраулы, лепті. Хабарлы сөйлемнің соңында нүкте қойылады, сұраулы сөйлемнің соңында сұрақ белгісі, лепті сөйлемің соңында леп белгісі қойылады. Жаңа тақырыпты кесте арқылы түсіндіру.


Дауыс ырғына қарай, айтылу мақсатына қарай болып бөлінеді.
Мысалы: Наурызда күн жылынады. /Хабарлы/
Наурыз құтты болсын! /Лепті/
Наурыз мерекесі қашан тойланды? /Сұраулы/
5. Сөздікпен жұмыс.
Тойланады – празднуется
Мереке, мейрам – праздник
Төлдейді – дает приплод
Теңеледі – уравнивается
Шуақ, нұр – солнечный свет
Сөз тіркестерін құрасытыру, дәптерлеріне сөз тіркестерді, сөйлемдерді жазу.
6. Мәтінмен жұмыс.
Наурыз
Наурыз жыл басы, әрі көктемнің бірінші айы. Наурыз парсы сөзі. Наурыз – жаңа,
ру – күн, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Наурыз мейрамы наурыз айының
22- сінде тойланады. Наурызда күн жылынады. Мал төлдейді. Барлық үйдің қазаны асылып, наурыз көже пісіріледі. Оған ет, тұз, сүт, құрт, бидай, жуа, су қосылады. Барлық адамдар жақсы, сәнді киімдер киіп, біріне-бірі қонаққа барып, ақ тілегін айтады. Наурыз күні ұлттық ойындар ойнатылады. Өнер адамдары би билеп, ән айтып, күй тартып, айтысқа шығып өнер көрсетеді.
Мәтінді мұғалім өзі бір оқып шығып, оқушыларға оқытады. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Наурыз қандай ай?
2. Наурыз сөзі қайдан шыққан?
3. Наурыз қашан тойланады?
4. Наурызда не болады?
5. Наурыз көжеге қандай 7 түрлі тағам қосылады?
6. Наурыз қалай тойланады?
Наурыз тойына халық жақсы, сәнді киімдер киеді. Тақтада қазақ халқының ұлттық киімдері ілінген – қамзол, көйлек, шапан, бөрік, жейде, тақия.
- Алена, сен наурыза не киесің?
- Динара, сен наурызда не киесің?
- Артем, сен наурызда не киесің?
Қазанға наурыз көже пісірейік. Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады. Қазанға рет-ретімен тағамдар салайық. Тақтада қара қазан тұр.Оқушылар партадан тағамдарды май, жуа, ет, су, күріш, сүт, құрт, тұз алып, қазанға салады.
«Орамал тастайық ойынын ойнайық». Оқушыларға сөйлемдер жазылған карточкалар таратылады. Қай оқушыға орамал түссе, сол сөйлемді оқып, айту мақсатына қарай қандай сөйлем екенін айтады. Мысалы:
Бүгін күн жылы болды.
Балалар аулада не істеп жүр?
Ауа райы қандай тамаша!
Алақай, әжем келді!
Сен тойға барасың ба?
Сен көктемді жақсы көресің бе?
Мереке құтты болсын!
Наурызда қандай мал төлдейді?
Апа, наурыз көжені пісірдің бе?
Наурыз көже 7 түрлі тағамнан тұрады.
Кластер құрастыру.


Оқушыға кәмпит үлестіріп, тілек айтқызу.
 Шаңырақ берік болсын!
 Наурыз бақты болсын!
 Наурыз ақты болсын!
 Сәбилер күліп-ойнап өсе берсін!
 Жасымызға жас қосылсын, басымызға бас қосыосын!
Сабақтың соңында оқушылар ән айтып, би билеп, күй тартады.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.