Главное меню

  • К списку уроков
Сөйлемді еске түсіреміз
10.10.2017 114 18 Бегалина Жанар Солтанбековна

Қазақ тілі
Күні:25.10.17 Сыныбы: 3 Ә Мұғалім: Бегалина Ж.С.

Сабақтың атауы Сөйлемді еске түсіреміз
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Білімділігі: өткен тақырыпты саяхат жасау арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Саяхат - сабақ.
Көрнекіліктер: Ауыл сызбасы, парақшалар, қоржын, жұмбақтар, сандық, қамшы,
Психологиялық ахуал 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа тақырып.
Сабағымыздың тақырыбын білу үшін суретті сөзжұмбақты шешіп алайық.

Сонымен,бүгінгі тақырыбымыз сөйлем.Ал, қазір сөйлем туралы алдыңғы сыныпта алған білімімізді пысықтаймыз.
Пысықтауды «Бәйге» ойыны арқылы жүргіземіз.

1.Сол жақтағы 30- Сөйлем неден құралады?
2. Ортадағы 40- Сөйлем қандай әріптен құрылады?
3. Оң жақтағы 20- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
4. Сол жақтағы20- Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?
5. Ортадағы 50- Сөз таптарын ата?
6. Оң жақтағы 30- Сөз неден құралады?
7. Сол жақтағы 10- Мәтін дегеніміз не?
8. Ортадағы 60- Сөйлем қандай ойды білдіреді?
9. Сол жақтағы10- Сөйлем нешеге бөлінеді?
2. Мағынаны тану кезеңі
1. Қазір дәптерлеріңе бүгінгі күн мен айды жазамыз.
2. Көркем жазу. Берілген сөзді әдемі көркем етіп жазып шығамыз.
3. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемге айналдырып жазу.Әр топ бір-бір сөйлемнен айналдырып жазады.
1 топ.Қуаныштың анасы қайда жұмыс істейді?
2 топ.Көгершін қалай ұшты?
3 топ.Бір жылда неше ай бар?
4.Сергіту сәті.
Көзге арналған жаттығулар
5.Семантикалық картамен жұмыс.
3 топқа семантикалық карта тарату
Құрастырған сөйлемді дәптерге жазу





6.Жұмбақ шешу.
Балалар,қазір мен сендерге сөйлемнің түрлеріне байланысты жұмбақ жасырамын.Ал, сендер ойлана отырып, табыңдар.
1 топқа. Өзім сөзден тұрамын
Хабар мен нүкте жинағым.
(хабарлы сөйлем)
2 топқа. Менде сөзден тұрамын
Сұраулы ойды құрадым
Өзгеден жауап сұрадым.
(сұраулы сөйлем)
3 топқа. Қуану,ренжу,өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын
(лепті сөйлем)
Сонда сөйлем нешеге бөлінуші еді? Сызбаға түсірейік.

3-жаттығу.Мәтінді түсініп оқып,ондағы сөйлем санын анықтау.Тиісті тыныс белгілерін қою.Әр топ бір азат жолдан оқып тыныс белгілерін қойып шығады.




Қызығушылықты ояту
Сергіту сәті
Ой толғаныс
Үйге тапсырма 4-жаттығу Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.