Главное меню

  • К списку уроков
Разработка урока "Алматының табиғаты" 9 класс
04.05.2017 145 21 Жакупова Багитжамал Габитовна

Сабақтың тақырыбы Theme : Алматының табиғаты.. 9 сынып
Сабақтың мақсаты Objectives Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, танымдық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту, туған жер табиғатын қорғайтын азаматтарды тәрбиелеу
Түйінді идеясы: топтық, жұптық ,жеке жұмыс арқылы тақырыптың маңыздылығын бағалап баға беру
Сабақтың көрнекіліктері: бейнефильм,презентация ,үлестірмелі кеспе қағаздар
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру, іздендіру
Сабақта қолданылған оқытудың жаңа технология түрлері: Сыни тұрғысынан оқыту технологиясы, «Түсіндіре басқарып, оза оқыту» технологиясы.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Шаттық шеңбері. Психологиялық дайындық
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау- сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.
-Әрбір адам?-туыс, дос
-Әрбір сабақ?- үйрену,ұғу
-Әрбір ісің?-тірлік,бірлік
-Әрбір сөзін?- шындық,адалдық
-Олай болса, балалар,бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.
III.Қызығушылықты ояту
Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін мына бейнетаспаға көңіл бөлейік, бұл бейнетаспа не туралы екен? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын өздерін анықтап көріңдер.
Не көрдіңдер? ( ағаш, шөп, құс, тау... )
- Балалар, осылардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? (табиғат)
Табиғат — ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз тіршілікті елестету мүмкін емес.
Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік таза ауа
Табиғат — ол Жануарлар әлемі. Жануарлар табиғатымыздың сәні .
IV.Мағынаны тану.( оқуш. алма жемісін көрсетемін)
1.Сұрақ-жауп жұмысы.
-Алма бұл не?
-Алма қандай қаланың символы?
-Алматы қаласы туралы не білеміз?
(Алматы Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орналасқан.
Қаланы үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған.
Алматы — Еуразия континентінің орталығы.
Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Барыс Алматының мемлекеттік гербын әшекейлейді.
Алматы Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің торабында орналасқан.
Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны бар. Қала құндылықтарының бірі — Көктөбе мен Шыңбұлақ.)
-Біз бүгін Алматының табиғаты туралы мағлұмат аламыз. Сабақтың мақсаты ....
(Оқушылар жасыл,қызыл алма таңдап алып, топқа бөлінеді.Бағалау парағын тарату).

Аты-жөні Топтық жұмысы Жұптық жұмысы бағалау
Сөздік,
сөз тіркестер құрастыру Мәтінмен жұмыс Постер құрып, қорғау





2.Сөздік жұмысы.Ауызша ағылшын,орыс тіліне аударып, сөз тіркестер құрастыру.
Деңгей мұз
Жазық қорық- reservoir
оңтүстік-шығысында сирек rare
Тау
құстар
аңдар
бақша
өзен
сай
3.Мәтінмен жұмыс. 2-топқа мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша жұмыс.
1. мәнерлеп оқу.
2 Постер құрып, мазмұнын түсіндіру
3.Өзара сөйлесу.Сұрақ-жауап жұмысы.
Алматының табиғаты.
1 топ. Алматы Іле Алатауынан бастау алатын Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өзендер атырабында орналасқан.Қаланың айналасы таулы,сайлы.Қала және қала төңірегінде континентті климат қалыптасқан.
Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Тау баурайы бақша, жүзім , жидек пен жеміс бақшаларына ұласады. Алматының төңірегінде дүние жүзіне әйгілі Алматы апорты өседі.Жабайы жеміс ағашты орман Тянь-Шань шыршасынан тұратын орманға ауысады.Алматы табиғатында өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.
2 топ. Алматының жазық жерінде елік, қасқыр, жабайы шошқа, жабайы мысық т.б.кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, қоңыр аю, арқар, тау ешкі, марал; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз,аққу, тырна, бұлбұл т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерде кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында әр түрлі балықтар бар.
Тамаша табиғат аясында әлемнің туристерін қызықтыратын , Алматыдан он бес шақырым жерде «Медеу» мұз айдыны (1972 ж) орналасқан. Алматы туристері баратын орындарының бірі: "Алтын-Емел" Ұлттық паркі, белгілі “Әуенді бархан” құмды тауы,"Түрген сарқырамасы",Шымбұлақ тау-шаңғылы курорты бар.
V. Диалог. Рөлдік ойын «Қазақстан қонағы» (қазақ, ағылшын тілінде сөйлеу)

VI. Жұптық тапсырмалар
1 жұп: Кесте сызу.
Табиғатқа қандай әрекет жасауға.
болады болмайды
.
2 жұп: Көп нүктенің орнына баяндауыштың дұрыс нұсқасын жаз.
1. Табиғат адамдардан қамқорлық ...
А) күтеді;
Ә) талап етеді;
Б) қажет етпейді;
2. Экология адамның өзінен ...
А) аяқталады,
Ә) қажет етеді;
Б) басталады;
3. Алматы табиғатында өсімдіктердің 1300-ден аса түрі....
А) көрсетеді
Ә) жинайтын
Б) кездеседі
4. Біз Республикамыздың табиғатын ...
А) болып отыр
Ә) айта береді;
Б) сақтауымыз керек.
5. 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы»...
А) жарияланды
Ә) құрылды.
Б)орналасты
3 жұп:Тиісті сөздерді қойып оқы.
Табиғат........... байлығымыз.
Барыс...........жерді мекендейді.
Табиғатты қорғау-.......... адамның борышы.
.........қорығында су құстары мекендейді.

Қажетті сөздер: барша ,таулы ,біздің, Алматы,
4 жұп:Табиғатқа байланысты айтылған мақал-мәлдерді сәйкестендір.
1.Бұлақ болмаса, жуасы да тәтті.
2.Ел іші- өзен болмас еді.
3.Туған жердің оны айтатын табиғаттың тілі жоқ.
4.Туған жердің алтын бесік.
5.Адамның табиғатсыз күні жоқ , торғайы да сүйкімді
5 жұп: «Дұрыс, бұрыс»

Сөйлем Дұрыс + Бұрыс -
Алматының төңірегінде дүние жүзіне әйгілі Алматы апорты өседі.
Өзен-көлдері мен су айдындарында балықтың бір-ақ түрі бар.
Қаланың айналасы шөл, шөлейт.
Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерде кездеседі.
Құрып бара жатқан құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

VII.Рефлексия. «Я»концепциясы» арқылы ойларын жазады
Мен бүгін белсенді жұмыс істедім
Топта жұмыс істеу маған ұнайды
Мен бүгін жаңа білім алдым
Жаңа сөздер білдім


VIII.Бағалау. Жиынтық баға шығару.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.