Главное меню

  • К списку уроков
Мен мектепке барамын
03.03.2017 401 68 Наурзалина Асел Талгатовна

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Саяхат Мектеп: Ақтөбе қаласы, 17 мектеп-гимназиясы
Мұғалімнің аты-жөні:Наурзалина А.Т.
Сынып: Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар:
1 «А»
1 «Б»
1 «В»
1 «Д»
1 «Е»
Сабақ тақырыбы Мен мектепке барамын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Өзінің қайда барытынын(мектеп-мектепке , тау-тауға , саябақ-саябаққа) айта алады , сондай-ақ сыныптасынан қайда барытнын сұрай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырып көлеміндегі белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: әріптерді құрастыра отырып ,сөздерді дұрыс жаза алады,қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады.
Пәнге тән лексика мен терминология: барамын-пойду,барасың –пойдешь,қайда-куда
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
-сен қайда барасың?
-мен мектепке барамын,саябаққа барамын,тауға барамын
Ишара: ым-ишара арқылы қимылдарды білдіру
Алдыңғы білім Кел,қайталайық! Мынау не ? бұл –аю
мынау піл ме?иә,бұл піл
мынау не?бұл ат
мынау сиыр ма?иә ,бұл сиыр
аулада не бар?
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Ертеңгілік шеңбері
Шеңберде тұрған оқушылардан көңіл-күйлерін сұрау.
- Сенің көңіл-күйің қандай?
- Мен көңілдімін (қуаныштымын, көңілсізбін, бақыттымын), себебі ... .
Сабақ мақсатымен таныстыру.Оқушылар топқа бөлінеді.
Слайд №1.
Сабақтың ортасы
(6-40минут) (МК , Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Мұғалім тапсырмада берілген сурет бойынша оқушыларға суреттегі балалардың қайда баратынын және мектеп , тау , саябақ сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Аталған сөздер барамын етістігімен қолданылғанда өзгеріске түсетіні туралы түсінік береді. Мысалы: мектеп-мектепке , тау-тауға , саябақ-саябаққа .
(МК , Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар мектеп , тау , саябақ сөздерін қайталайды , есте сақтайды , мұғалім оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөзді(саябақ) дұрыс дыбысталуына мән береді.
(МК , Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушылардың мектеп , тау , саябақ сөздерінің барамын етістігімен қолданылғанда қандай өзгеріске түсетініне (барыс септігінің жалғасуымен) аударады. Оқушылар кесте арқылы тауға , мектепке , саябаққа баратынын айта алуды үйренеді.
(МК , Ж) «Есте сақта!» айдары арқылы мұғалім оқушыларға «Сен тауға (мектепке , саябаққа) барасың ба? » жауап беру үлгісімен таныстырады. Оқушлылар «Иә , барамын» , «Жоқ, бармаймын» деген жауап үлгісін үйренеді. Оқушылардың берілген үлгіні жақсы есте сақтауы үшін қайталау , жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жұппен жұмыс істейді . Олар бір-біріне сқрақ қойып , өз қалаулары бойынша иә\жоқ деп жауап береді.
(ОТ) 4-тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлеу үшін оқушылар берілген үлгіні тыңдайды , қайталайды . Содан кейін өздері ақ қағазға қайда баратынының(мектеп , саябақ , тау) суретін салады. Сурет салу барысында мұғалім олардан не салатынын , қайда баратынын жеке-жеке сұрай алады. Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан соң, әрқайсысы өз суретін көрсетіп , тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлейді . Үлгі: Мынау - мектеп. Мен мектепке барамын
Күнде ерте тұрамын,
Ерте тұру ұраным
Тапсырманы орындап,
Мектепке бет бұрамын
(МК , Ұ) дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Слайд №2

Суреттер

Видео-ролик
Сабақтың соңы
(41-45 минут) Рефлексия
Үстелдің үстінде түрлі – түсті қалпақтар тұрады. Оқушылар көңіл – күйлері мен алған біліміне қарай өздеріне қалпақ таңдап киеді.
Қызыл - қобалжу, түсінген жоқпын.
Сары – сабырлы, жартылай түсіндім.
Жасыл – жақсы, бәрін түсіндім.

Үлестірме қағаз,
сурет, үнтаспа
Саралау – оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? көмектесесіз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Қабілеті жоғары оқушылар өз мектебі туралы жай сөйлемдер айтады.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Қалыптастырушы бағалау-тапсырмалардың мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алу қабілеттерін бағалаймын.

Жұлдызша арқылы бағалау Пәнаралық байланыс-
денсаулық және қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс
(тәрбие элементі)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1: Кртиерий мен дескриптор әсерлі болды
2:Рефлексия оқушыларға ұнады
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:Оқушыларға көру,тыңдау материалдарын көбірек әкелу
2:Ойын элементтерін көбірек қолдану

Бағалау критерийлері Дескриптор 1сөз 1 балл 2сөз 2 балл 3 сөз 3 балл
1.Таныс сөздердің мағынасын түсінеді,айтады 1.Тақырыпқа байланысты сөздерді аудиодиск арқылы тыңдайды,айтады,суретке қарап қорғайды,сөйлем құрайды
1 2 3
2.Сурет бойынша өз ойын білдіредіу,біріктіру,мұғалім көмегімен сөздердің орын тәртібін сақтап құрады
2.Диалог құру арқылы тақырыпты ұғынады 1 2 3
14 балл-5
9 балл-4
8 балл-3

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.