Главное меню

  • К списку уроков
:Есімдік
19.02.2017 147 0 Бакибаева Карлагаш Амаргалиевна

21.05.12. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Есімдік
Сабақтың мақсаты:
1.Есімдіктердің есім сөздердің орнына жұмсалатындығын ,есімдіктің тілімізде атқаратын қызметін жайлы білімдерін бекіту.2.Сөйлемді сөз таптарында талдай білу дағдыларын арттыру.
3.Зейіндерін шоғырландыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
Ойын: Жаңбыр жауды ойынын ойнатып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту
ІІ мағынаны ашу
Сан есім

(қысқаша тоқталу, өткен сабақты қайталау)
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ КККККККККК
кккккккккккккк(үзбей жаз)
Шығармашылық диктанты.
(Зат есімдердің алдына сын есімдерді қойып жаз)
Қыз, үй, гүл, әңгіме, көйлек, аспан

Оқулықпен жұмыс: (Суретте берілген сөйлемді оқы.)
1-жаттығу арқылы талдау,салыстыру жұмыстарын жүргізу.
Асқар терезеден қардың жауғанын ұзақ бақылады.Ол балаларды көріп далаға шықты.Бірінші сөйлемдегі ойдың иесі Асқар екендігі оған жалғас сөйлемдегі ол сөзі Асқар сөзінің (зат есімнің)орнына жұмсалып тұрғаны түсіндіріледі.Асқарға да оның орнына қолданылып тұрған ол сөзіне де кім?сұрағы қойылатыны байқатылады.Екінші сөйлемде Бейсен деген сөздің орнына біреу деген сөз қолданылып тұрғанын оқушылар өздері айтады.Қалған сөйлемдерде де осылай талданады. 4.сөйлемдегі сол сөзі үш деген сан есімнің орнына жұмсалып тұр.
Мұндай талдау жұмыстарынан кейін оқушылар зат есім,сын есім,сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер табын есімдік дейміз деген тұжырымға келеді.
2- жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
-Есімдіктерді тауып,астын сыз.
Есімдіктер:ешқашан,не,соны,оның,бәрін,өзіне,ешқандай.
3- жаттығу.Есімдіктердің орнына кісі аттарын қойып,сөйлемдерді өзгертіп жазады.
2-сөйлемдегі мен есімдігінің орнына кісі атын қоюға келмейді.3-сөйлемде сен есімдігінің орнына кісі атын қойған кезде ,ол қаратпа сөзге айналады.
түбірінің өзгергенін байқау керек(соны-сол,оны-ол,бұны-бұл).
5-жаттығу.Мәтінді оқы.Бұл мәтіннің кейіпкері кім?
-Кейіпкеркердің не туралы армандағанын анықтауға бола ма?
-Мәтін түсінікті болу үшін қай сөзді өзгерту керек?
Көру диктанты
Акула ешқашан тоймайды,аузына не түссе, соны жұта береді.Оның асқазаны өте мықты.Жұтқанының бәрін қорытып үлгермесе де ,өзіне ешқандай зиян келмейді.Мысалы,акуланың ішінен пошта жәшігі,бірнеше қалбыр,қымбат әшекейлер,көзілдірік,қолсағат,шеге,аттың тағасы шыққан.
ІІІ. Ой толғау
Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында тестік тапсырма ұсыну.
Қорытынды
-Сонымен есімдік дегеніміз не?Мысал келтір.
Бағалау
Үй жұмысы 4,6-жаттығу.