Главное меню

  • К списку уроков
3-сыныпқа арналған "Қысқы ойындар" тақырыбына сабақ жоспары
19.01.2017 499 73 Сламбек Дария Сламбекқызы

Күні: Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қысқы ойындар
Мақсаты: Қысқы ойындарды анықтау, мәтінді талдау, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйрену.
Міндеттері: Топта жұмыс жасауға дағдылану. Мәтіннен қысқы ойын түрлерін анықтау. Сұрау есімдіктерін қатыстырып, қысқы ойындар тақырыбына сөйлемдер құру.
Күтілетін нәтижелер: Топтық жұмыс жасауға дағдыланады. Мәтіннен қысқы ойын түрлерін анықтай алады. Сұрау есімдіктерін қатыстырып, қысқы ойындар тақырыбына сөйлемдер құрай алады.
Әдіс-тәсілдер «Ыстық орындық» әдісі. АКТ қолдану. Жеке, жұппен және топпен талқылау.
«Блум таксономиясы»,
Дерек көздері Оқулықтан және ғаламтордан алынған тапсырмалар, материалдар.
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: Оқулық, интнрбелсенді тақта, А 4, маркер, стикер, топқа бөлу қағаздары, сабаққа қатысты суреттер, смайликтер.
Сабақтың кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. «Сенің атыңды кім және не үшін қойды?»
Оқушылардың өз аты туралы әңгімелеуін тапсыру. Сыныпты үш топқа бөлу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне, сабаққа жақсы тілектер айтады. Қыс тақырыбына қатысты суреттер тарату арқылы топқа бөлінеді. Топ басшыны тағайындайды.
Білу Үй тапсырмасын сұрау.

«Ыстық орындық» әдісі бойынша оқушылар сұрақ қою арқылы тақырыпты жан - жақты қарастырып, сыни тұрғыдан ойланып жауап береді.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру. Электрондық оқулықтан сөздерді тыңдап, тапсырмаларын орындайды.( оқушылар алған білімдерін қайталайды, еске түсіреді)
Мына суреттерде не көрсетілген? Осы заттарды сипаттап айтып беріңдер.(Қысқы ойындар тақырыбына қатысты суреттері) Оқушыларға көрсетілген суреттерден не көргендерін айтады.
Оқушылар топтастыру арқылы заттарды береді.
( Оқушылар ойланып, өздік жұмысын орындайды)
Түсіну Жұптық жұмыс
Әр топқа мәтін беріледі. Оқулықпен жұмыс. Балалар тізбектей оқиды.
Мәтіннен қысқы ойындарға қатысты атауларды табады.
Түртіп алу. Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
(Дәптермен жұмыс істейді. Толықтырады.)
Сергіту сәті
Қолдану Оқушылар «Қысты» топтастырады.
(Кері байланыс орнату)
Топтастырып жазады.
Постер топтастыру арқылы оқушылар атап шығады, өз ойын айтады.( Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын постерге түсіреді. Бірінің білімін бірі толықтырады.)
Талдау Топпен жұмыс «Бұл не?» ойыны
Әр топқа бір қысқы ойынның атауы беріледі. Оқушылар жан- жақты сипаттап жазады.
(Кері байланыс орнату)
Оқушылар өз ойларын ой талқыға салады.
Зерттеушілік әңгіме жүреді.
Жинақтау Семантикалық картаныы толтыру
Жеке жұмыс.
Оқушылар жаңа сабақта алған білімдерін толықтырады.
Сөздер коньки аққала шана шаңғы
Сырғанайды
Тебеді
Соғады


Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)
Сен қалай ойлайсың барлық ойынды қыста ойнауға бола ма?
(Кері байланыс орнату) Оқушылар сұрақтар бойынша жауаптарын айтады. Өздерінің пікірлерін білдіреді. Келісемін, келіспеймін, иә немесе жоқ жауаптар айтылады.
Бағалау Оқушылар өз-өздерін бағалайды Бағалау парағы
Үй тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына мәтін жазу Мәтін жазудағы критерий:
1.20 сөзден кем болмау
2.Мағыналы болу
3. Оқу-құралдарын қолдану.
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін смайликтерге белгілейді.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.