Главное меню

  • К списку уроков
Ертөстік
29.11.2016 35 12 Бержанова Майра Сериковна

Пәні Қазақ әдебиеті Класс 5«б»
Тақырып «Ер Төстік» ертегісі 29.09.2016ж
Мақсаты а) білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Тақырыпты менгеру.Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере алу, өз ойын еркін айту, шығармашылықпен жұмыс істей алу. Сауатты жазу

Кезеңдері Ресурстар Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Бағалау
Ұйымдас
тыру кезеңі
(2 минут) Көңіл-күй шеңбері.
Тілек айту. Сабақты ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу. Бір-біріне сәттілік тілеу Орта қалып
тасуы
Қызығу
шылық
ты ояту
(3 минут) Сабақты жоспарлау
Оқушыларға түсінік беру. Жақсы ахуал туғызуға ынталандыру. Сын тұрғысынан ойлау
Мағынаны тану
(15 минут) Оқулық Ертегілер жинағы

«Ер Төстік» ертегісі
«Ер Төстік» ертегілердің қай түріне жатады?
«Ер Төстік» ертегісі қиял - ғажайып және ғылыми зерттеулерге сүйенсек, шыншыл ертегілерге де жатады.
Тарихи оқиға мен оның жырлану кезінің арасы неғұрлым жақын болған сайын, шығармада нақтылық көбейеді деген тұжырым, ал «Ер Төстік» ертегісі болса, осы нақты өмірлік суреттер мен деталдарға бай. Ер Төстіктің әке - шешесі аштыққа ұшырағанда күлдіреуіштен семіз биенің төстігінің табылуы... Төстіктің қайнаған құртқа шешесінің қолын күйдіріп, жұт жылы адасып кеткен ағалары туралы шындықты айтқызуы... Ағаларын іздеп барып, тауып әкелуі... Ерназардың жоғалған інгенді іздеуі... Сорқұдықтың басына баласы садағын ұштайтын егеудің тастап кетуі – бәрі - бәрі тұнып тұрған нақты суреттер, әсіресе Сыр бойының көріністерін көз алдыңа әкеледі. Ал бұл болса, ертегінің оқиғаның ізін ала шығарылғанының белгісі. (Жазушы Әнес Сараевтың «Жылан Бапы патшалығы» тарихи зерттеу мақаласынан) «Қазақ әдебиеті» газеті 1991 ж. 12 сәуір
Қандай керемет ғажайыптарын аңғардың?
I. Кіріспе - Оқушылар әр бөлімнің қысқаша мазмұнын айтады. Төстіктің
өмірге келуі.
II. Байланыстар - Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.
III. Шиеленіс - 9 ұлды үйлендіру. (Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)
IV. Шарықтау шегі - Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалды?
V. Шешуі - Төстіктің жер астына түсуі және еліне оралуы

«Ер Төстік» - ең ескі дәуірде шыққан бақташылық, тарихи дәуірден қалған әңгіме, ерлік жыры. Онда кездесетін жер аттары да сондай ескі, алғашқы қоғам дәуірін көз алдымызға келтіреді. Ертегіні талдап, қағазға түсірген – қытай тарихшысы Сыма Цянь. (Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр - аңыздар» атты еңбегінен)
«Ер Төстік» ертегісінен скиф әлеміне орын берген. Бір ғажабы – олардың жыланды кие тұтатындарын да, алғашқы пір тұтатындарын да, алғашқы пір тұтқан тәңірлерінің есімі Бапы (Бапай) екенін де ұмытпай, жадтарында берік сақтаған. (С. П. Толстов. Сақ әлемін зерттеуші - ғалым)
1. Қазіргі желаяқтар кімдер? Ольга Шишигина
2. Таусоғарлар бар ма? Қажымұқан Мұңайтпасов
XXX жазғы олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло. Майя Манеза, т. б. оқушылар атап өтті. Сабақ барысында өзін ұстауы арқылы,

Рефлексия
(10 минут) Оқушылар тақырыптың мағынасын ашады, айнала қоршаған ортаны тануға, ойлауды үйренеді Бір -біріне сұрақ қою
Сабақты қорытын
дылау 1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
3. Үйге тапсырма:Ертегіден өздеріне ұнаған бөліміне сурет салу, ертегі құрастырып жазу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.