Главное меню

  • К списку уроков
ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
17.11.2016 65 13 Жұлдыз Нүриденқызы Исмаилова

ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Құрастырған: Жұлдыз Нүриденқызы Исмаилова
А.Н. Елгин атындағы №1 ЖОББМ –нің
Қазақ тілі мен ідебиеті мұғалімі

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихында туған тілдің тұғырын биіктетіп, мәртебесін арттыру мәселесі әрқашан басты әрі маңызды мәселе болып көтеріліп келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»,-деп тұжырымдады. Ал, қазақ халқының тіл келешегі –бүгінгі мектеп оқушыларында.
Бүгінгі таңда қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мәселесі, орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәселесі деп бөліп, жаруға болмайды. Қандай тілді мектеп болмасын, негізгі талап – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез бейімделетін ,белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу.
ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі.Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.
ҰБТ өткізудің қажеттілігі:
– білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын тудыруға ынталандыру.
ҰБТ-ның мақсаты:
ҰБТ- жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.
ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – оқытушы. Мұғалімге қойылатын талаптар :
- Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,
- Пәндік оқытуды ұйымдастыру
- Тиімді технологияларды қолдану.
Кемшілігі:
- Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады
- Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз
- Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады
- Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін
Артықшылығы:
- Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі,
- Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы,
- Әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы.
Ерекшелігі:
-Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі
-Әділетті,оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім
қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды.
-Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды
-Бағалауы нақты
-Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны ,уақыты)
-Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді.
Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?
Мақсаттар:
1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.
Жылдық жоспар дайындап алу
Фонетика Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын. Тасымал.Екпін.
Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі.
Лексика Синоним, антоним, омоним сөздер; мақал-мәтелдер; фразеологизмдер; сөз құрамы; сөзжасам; қос сөздер.
Морфология Жай септеу; тәуелдік септеу.Күрделі зат есім.Көмекші есімдер.Тәуелдік жалғауы; жіктік жалғауының көпше түрі.
Етістердің түрлері.
Септеулік шылаулардың қолданылу ерекшеліктері.
Етістіктің шақтары,грамматикалық формалары.
Түбір мен қосымша. Сөз тудырушы жұрнақтармен сөз түрлендіруші жұрнақтардың айырмашылығы.
Синтаксис Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Күрделі бастауыш пен күрделі баяндауыш.
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері , тыныс белгілері. Салалас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.
Сабақтас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.
Іс-қағаздардың үлгілерін сауатты толтыра білу амалдары мен тәсілдері.
ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
- Интерактивті технологияларды қолдану,
- Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқыы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
-Топтық және жеке дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.
Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар.
Мен 11 «Б» сыныбында жұмыс істеймін. Жалпы оқушылардың саны -21.
Жұмысты неден бастадым?
Алдын-ала өзім бақылау тест –«Кіріспе тест» өткіздім. Сыныпқа жеке папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы , сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар.
Бірінші, әр оқушы мониторинг парағын алғаннан соң, өзіне мақсат қояды.Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасалады.Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға болады
Мысалы:
-грамматикалық ережелерді аудару,жаттау;
-ережелерін еске түсіріп жазу;
-мысалдар келтіру;
-бірін-бірі тексеру;
-өзін тексеру.
Мектепішілік байқау –тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады.
Оқушыларға психологиялық көмек:
ҰБТ-мен қорқытуға болмайды
• Оқушы өз күшін және өз мүмкіндігін нақты білуі керек
• Алдына мақсат қою
• Қате жібермеуден қорықпау
• Тест тапсыру техникасына үйрету
• Өз уақытын бақылауға үйрету
• Тапсырма қиындықтарын жеңе білу
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. 11-сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 25 сұрақтан тест құрастырылады
2. Әр тарауды оқып бітіргеннен кейін тест өткізіледі. Тест тапсырмалары қазақ тілі бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылады.
3.Білімде қалып қоюшылық анықталған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.
Келесі кезеңде жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіру:
-сұрақты асықпай, түсіне оқу
-сұраққа қатысты грамматикалық материалды еке түсіндіру.
Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе , дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;
2-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса , бірінші жай сөйлемгің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек.
«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз » деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жай сөйлемдерді алып тастаймыз;
2-қадам: баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебеі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.
Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.
Қорытындылай келе,мынаны айтқым келеді.Әлемдік тәжірибеде ТМД елдерінде тестілеу әдісінен артық тәсіл әзірше жоқ екен.ҰБТ-орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтиханымен біріктірілетін жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.
ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:
1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.
2.Мектептердің білім сапсына нақты баға беріледі.
3.Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге жұртшылықтың көзін жеткізеді.
5.Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетуде.
Сондықтан ұстаздар қауымы,қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармайық.Ел болашағы-білімді жастардың қолында.сол себепті білімді ұрпақ,жеке тұлға қалыптастыру-біздің ең басты мақсатымыз болсын!

Пән мұғалімінің жұмыс бағыттары

Диагностикалық бағыт Æ Жекелеген тақырыпта білім толықсыздығын анықтау Æ Тестілеу
Сұхбаттасу
Бақылау үзігі
Практикалық бағыт Æ Жаңа білімді толықтыруға жағдай тудыру Æ Сабақтар, жеке жұмыстар, өздік жұмыс, факультативтік сабақтар
Қадағалау бағыты Æ Тақырыпты меңгеру деңгейін қадағалау Æ Бақылау
Тест тақырыбы
Мұғалімнің диагностикалық жұмысы
1. Оқушының оқу-ісі материалдарын сараптау;
2. Оқу, ойлау қабілеттері мен іскерліктерін қалыптастыру деңгейлері;
3. Тиімді оқытуды анықтауда этно-мәдени лексикасын қолдану;
4. Өңдеу жұмыстарының нәтижесі;
5. Өзін-өзі жетілдіру жұмыстары;

Мұғалімнің жұмыс жүйесінің педагогикалық идеялары
¾ Арнайы жекелеп оқыту;
¾ Дифференциялық оқыту;
¾ Оқушының интеллектуалдық даму деңгейінің есебі;
¾ Әр оқушының белсенділігі тану үрдісіне қатыстыру;
¾ Білім сатысының үздіксіздігі және...
¾ Оқыту деңгейінің диагностикасы;
¾ Өзін- өзі көрсетуіне мүмкіншілік беру;
¾ Жетістікке жағдай тудыру;
¾ Коммуникативтік дағдыда тәрбиелеу;
¾ Жеке тұлғалық бағытта оқыту теориясына сүйену;
Жаңашыл ұстаздардың қызметі
- Жобалаушы-конструктивті мұғалімнің қызметі;
- Этно-мәдени лексиканы шығармашылық тапсырмалар арқылы қолдану;
- Жобалаушы бағдарлама жұмысының әдістемелік тақырыбы:
- Техникалық карта жасау;
- Мұғалімнің диагностикалық іс-әрекетін анықтау;

Бағдарламаны орындау кезінде туындайтын мәселелер мен қиындықтар
«ҰБТ-ға дайындық» бағдарламасын толық орындау кезінде
төмендегі мәселелер мен қиындықтар кездеседі:
- сапалы білім алуға оқушылар мен ата-аналардың ынтасыздығы;
- оқушылар мен ата-аналардың денсаулығына байланысты туындайтын мәселелер;
- ата-аналарының төмен білімінің деңгейі;
- оқушының өзіндік даму, өзіндік білім көтеруінің төмен деңгейде болуы;
- оқушының өзін-өздері төмен бағалауы және көбіне өзі таңдаған мамандыққа деген қажеттілік емес бұл пәнді басқа пәндерге қарағанда оңай деп тануы
- ҰБТ- ға қажетті оқулықтардың өте қымбаттығынан оқушылардың көбінің оқулықтармен толық қамтамасыз етілмеуі

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.