Главное меню

  • К списку уроков
қазақ тілі сабағы "Шоқан Уәлиханов"
28.06.2016 315 97 Жакупова Багитжамал Габитовна

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов. 10сынып
Саб-тың мақсаты: 1.Қазақ халқының әйгілі қайраткері туралы білім деңгейлерін кеңейту,топтау.Грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындау.
2.Ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
3.Ғалым еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелей отырып,
білімге баулу.
Саб-тың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру,ойландыру,іздендіру,баяндау.
Саб-тың формасы: топтық жұмыс.
Саб-тың типі: жаңа сабақ.
Саб-тың көрнекілігі:суреттер,м/м презентация,портреті,карточкалар.
Пәнаралық байланыс: жағрапия, тарих, орыс тілі,қаз.әдебиеті.
Саб-тың барысы:
l. Ұ/кезеңі:Оқуш-дың сабаққа қатысы,даярлығы,назарлары сабаққа аудартылады.
ll. «Ой қозғау» стратегиясы. Сөз жұмбақты шешу.
1.Купол юрты.2.Родина. 3.Күн сәулесін не көмкеріп тұр?4.Столица 5.Тудың ортасында не бейнеленген.6.Шаңырақ пен керегені не қосыып тұр?7.Автор герба.8.Елтаңбаның үстінде бес құрлық белгісі не? 9.Высоко 10. Елтаңбаның авторы.11.Астанадан бұрын қандай қала ҚР астанасы болды?12.Тудың шетіндене бейнеленген?13.Ата заңы орысша.14.Тудың авторы кім?
( тақтада сөзжұмбақ)
lll Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.
1. «Ой толғаныс» стратегиясы.
-Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов туралы не білесіңдер?
1топ: монолог 2топ: сұхбат
-Біз Шоқан ғалым,саяхатшы,суретші ретінде танысамыз.
2. Сөздік. Синонимдер. Таныс емес сөздерді жазып аударады.( слайд)
3. Мәтінмен танысу.
Мәнерлеп дауыстап оқу. О- 80 б.
4.Сұхбаттасу. ( оқуш-р бір-біріне сұрақ қойып жауап береді)
-- Ш.У. қандай жерлерде болғанын, қандай еңбектер жазғанын бізге 1топ баяндап береді.(слайд)
-- Ш. сегіз қырлы, бір сырлы ,жан-жақты адам.( слайд «Ш. суретші»)
lV Грам-лық тапсырмалар. «7 ғажап сан» ойыны. ( тақтада суреттер тапсырмамен.)
Сандарға дұрыс жауап берсеңдер, қағаздың астында не бар екенің білесіңдер.
Тапсырмалар.
1. Сөз тіркестерін сөз құрамына талдаңдар. (тақтада)
Жазылған еңбектері,ғалымдық атағы
2. Сөз тіркестерін аударыңдар. (Ауызша)
Атақты ғалым,ержүрек саяхатшы,халқының игілігіне,тез сөнді.
3. Септеу. Ойшыл ( дәптерде)
4. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. Қазақ,орыс.француз тілдерін үйрену үшін,
Шоқан көп еңбек жасаған.
5. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. Шоқан өте жақсы оқыды,сондықтан мұғалімдер оны 14-15 жасында болашақ ғалым,зерттеуші деп атады.
6. Фонет-лық талдау жасаңдар. ( ауызша) « Өнер»
7. Эссе. « Адамзатты өркениетке жеткізген нәрсе- ғылым». ( жазғаннан кейін оқиды)
( тапсырмалар орындалғаннан кейін қағаз ашылады да, оқушылар тақтада Шоқан Уәлихановтың суреттерін тамашалайды ).
V С/қорытындылау: (слайд)

Әбу Насыр әл-Фараби Шоқан Уәлиханов
Ұқсастықтары
Ғалым, ойшыл,данышпан, тарихшы,саяхатшы,өнерсүйгіш,тілдерді меңгерген,
білімге құмар,....

Vl Үйге:мәтінді мазмұндау, 81бет,№ 3 т.
Оқушылар білімін бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.