Главное меню

  • К списку уроков
урок казахского языка "Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы"
28.06.2016 516 118 Жакупова Багитжамал Габитовна

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Ыбырай Алтынсаринның педагог-жазушы екенін таныту, балаларға арнап жазған өлең, әңгімелерімен таныстару
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткізу, мәнерлеп оқу, сауатты жазу, ауызша сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік:оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,өнегелі істерге үйрету.
Оқыту нәтижесі - Сыни ойлауды дамыту;
- Тақырыпты, берілген тапсырманы түсініп талдайды;
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады.
Негізгі идеялар Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу.
Сабақтың түрі:, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі:Ы.Алтынсарин портреті, презентация, үлестірмелі парақтар, бағалау парағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: таныстыру, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөздік жұмысы, талдау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, компьютер арқылы көру.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиет.
Оқыту формалары: топтық ,жұптық
Сабақ барысы:
І. Шаттық шеңбері.
II.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сабаққа қатысу туралы мәлімет
- Бүгінгі сабақтың ерекшелігі бар ма?
ІІІ. Жаңа сабақ . Қызығушылығын ояту кезең
Тірек сөздер . Топқа бөліну , бағалау парағын үлестіру.(балалар екі түсті қағазға жазылған карточка арқылы топқа бөлінеді)
1-топ: 1841, Балғожа , тілмаш, ағартушы, мектептер ашады, «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы»,әңгімелер,кесенесі
2-топ: 1879, қыздар училищесі, «Қазақ хрестоматиясы», 1889, педагогтік еңбектері, ескерткіш,өлеңдер,
1.Таңдап алған тірек сөздер арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.
2. ауызша мәтін құрып әңгімелейді
3.Сабақтың мақсатын айтады
-Қазақ балалар жазушыларының басында кім тұр?
-Балалар әдебиеті дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Сабақ айдары:
Кел , балалар,оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар , балалар,
Шамнан шырақ жағылар..

IV. Жаңа сабақ. Мағынаны тану кезеңі.
1.Мәтінмен жұмыс.
2.Сөздік жұмысы
3.Абзацқа бөліп, мәнерлеп оқу, аудару
жазба үлгілерін- письменные образцы
көлемі шағын –небольшого объема
мазмұны мәнді-значимое содержание
негізгі түйіні-основной вывод
қызықты -интересное
өнер-білімге үндеу-призывал к знанию
қысқа -короткие мінез-құлық -характер
қайырымдылық - милосердие бауырмалдық-отзывчивость
сүюге -любить сабырлылық -терпеливость
ана сүйіспеншілікке-любовь,почитание матери ізгі қасиеттерді –благие, хорошие
шыдамдылық -выносливость качества

4.«Ы.Алтынсариннің ізбасарлары» тақырыбына шағын зерттеу жұмысымен танысу. (Презентация)
V. Жаңа сабақты бекіту. 1.Жұптық жұмысы
1жұп: Дұрыс-бұрысын тексеріңдер.
2жұп: Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы. Жалпақ және жіңішке сұрақтар құрастырыңдар.
3жұп: Топтастыру немесе кластер стратегиясы. Ы.Алтынсарин шығармалары неге шақырады?
4жұп: «Ойланыңыз». Мына түйінді нақылдарды әңгімемен сәйкестендіріңдер
5жұп: Sinkuein немесе бес жолды өлең. «Тұлға»
6 жұп: Сөйлемдерді аударыңдар.
VI. Өткенді пысықтау.
1.Тест
2.Сөлемдерді дұрыстап құрастырып жаз.
YI. Сабақты қорытындылап, сабақ барысында жүріп отырған формативтік бағалаудың нәтижесінен жиынтық баға шығарамын.
Үйге: Ы:Алтынсариннің әңгімесі 165-167бет оқу аудару,сұрақтар.
Кері байланыс ретінде оқушылар параққа «Я концепциясы» арқылы сабаққа қатысты өз ойларын жазады.

Бағалау парағы. Ф.И.

Топтық жұмысы: № 1 мәтінді әңгімелеу № 2
мәнерлеп оқу, аудару №3
Ы.Алтынсариннің ізбасарлары. жоба Жұптық жұмысы :
№ 4 Тапсырмалар
№ 5
тест сөйлем Морф.
талдау





Сабаққа қажетті ресурстары

Ыбырай Алтынсарин 1841жылы Торғай облысында туған. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі. Ыбырай атамыз қазақ балаларына арнап ашылған мектепте оқиды.
Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, тілмаш, кейін мектепте мұғалім болып қызмет етеді. Ол қазақ балалары үшін мектептер ашады және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан . «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген кітап жазды.
Ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклорист, қоғам қайраткері
Ол қазақ қыздары үшін мектеп ашқан . 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» деген кітап жазды.
Алтынсариннің педагогтік еңбектері қазақ,орыс тілдерінде бірнеше рет басылып шықты.
Қазақстанда арнаулы орта оқу орындарына Ыбырай Алтынсарин есімі берілді.
Қостанай қаласында оған ескерткіш орнатылды.
Републикадағы педагогика ғылыми-зерттеу институты Ыбырай Алтынсарин есімімен аталды.

Ыбырай -балалар әдебиетінің атасы
Қазақ балалар әдебиетінің алғашқы жазба үлгілерін Ы.Алтынсарин жасады. Ол балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады.
Ы. Алтынсарин баларға көлемі шағын, мазмұны мәнді өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған. Ол балаларға қысқа да қызықты әңгімелер аударған.
Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», Лев Толстойдың «Полкан деген ит», И.И Дмитриевтен «Екі шыбын»,Паульсонның хрестоматиясынан, « Әке мен бала», « Асыл шөп», « Бақша ағаштары», « Жаман жолдас», т.б. көптеген шығармаларды аударды.
Оның шығармалары балаларды еңбекті сүюге, адамгершілікке, жақсы мінезге,халқын сүюге, ана сүйіспеншілікке, балаға мейірімге, ата-ананы сыйлауға және білімге шақырады. Ыбырай шығармаларының негізгі түйіні – жас ұрпақты өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез-құлыққа тәрбиелеу. Жазушының әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлылық пен шыдамдылық ізгі қасиеттерді тәрбиелеуге арналған.

жазба үлгілерін- письменные образцы
көлемі шағын –небольшого объема
мазмұны мәнді-значимое содержание негізгі түйіні-основной вывод
қызықты -интересное өнер-білімге үндеу-призывал к знанию
қысқа -короткие мінез-құлық -характер
қайырымдылық - милосердие бауырмалдық-отзывчивость
сүюге -любить сабырлылық -терпеливость
ана сүйіспеншілікке-любовь,почитание матери ізгі қасиеттерді –благие, хорошие
шыдамдылық -выносливость качества

6 жұп: Сөйлемдерді аударыңдар.
Ы.Алтынсарин (выдающийся ученый,просветитель).
Педагогикалық ( научно-исследовательский институт) Ы.Алтынсарин есімімен аталады.
Ыбырай Алтынсаринді (свой народ) жоғары бағалаған.

4жұп: Мына түйінді нақылдарды әңгімемен сәйкестендіріңдер
«Асыл шөп» - Тазалық – денсаулық кепілі
«Таза бұлақ» - Талаптыға нұр жауар
«Талаптың пайдасы» - Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың
«Әке мен бала» - Көңіліңді,бойыңды осы бұлақтай таза сақта
«Бақша ағаштары» - Бағып-қағуда да көп мағына бар
«Салақтық»- Сабыр түбі – сары алтын

5жұп: Sinkuein немесе бес жолды өлең. «Тұлға»

2жұп: Жалпақ және жіңішке сұрақтар құрастырыңдар

3жұп: Кластер стратегиясы. Ы.Алтынсарин шығармалары неге шақырады?

1жұп: Дұрыс-бұрысын тексеріңдер.
Сөйлемдер Дұрыс +
Бұрыс -
1.Ы.Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысында туған.
2. Ол сегіз жылдық мектепті бітіреді.

3.Мектеп ашу үшін тапсырмамен Алматыға келеді.
4.Ол балаларға арнап көптеген әңгімелер жазды.

1.Тест
1. Ыбырай Алтынсариннің өлеңін ата?
А)Өзен Ә) Есек пен бұлбұл Б)Әй,жігіттер В)Талай жылдар өтіпті,талай заман
2. Ақынның балаларға арналған әңгімесін ата?
А)Жаз Ә)Өзен Б)Қысқы боран В) Таза бұлақ
3. «Егіннің бастары» әңгімесін орыстың қай жазушысынан аударған?
А)И.Крыловтан Ә)Л.Толстойдан Б)Паульсонның хрестоматиясынан В)И.И Дмитриевтен
4. Ақынның «Бақша ағаштары» әңгімесінің идеясы
А)Отырықшылық тұрмысты көрсетеді Ә)Надандық Б) Бағып-қағуда да көп мағына бар
В)Мейірімділік
5.1860 жылы қазақ балаларына мектеп ашу үшін қайда келеді?
А)Алматыға Ә) Оренбурға Б) Торғайға В) Шымкентке
Кілті: 1-А; 2-В; 3-А; 4-Б; 5-Б

2.Сөлемдерді дұрыс құрастырып жаз.

1. Ұнайды / өте / әңгімелері / Ыбырай Алтынсариннің / бізге / мен өлеңдері
2. Ыбырайдың / мен / «Бай баласы мен жарлы баласы»/ қызығып / әңгімесін / оқыдым

Бағалау парағы. Ф.И.

Топтық жұмысы: № 1 мәтінді әңгімелеу № 2
мәнерлеп оқу, аудару №3
Ы.Алтынсариннің ізбасарлары. жоба Жұптық жұмысы :
№ 4 Тапсырмалар ( жеке)
№ 5
тест сөйлем Морф.
талдау

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.