Главное меню

  • К списку уроков
Сөйлеу тілінің лексикасы. Стильаралық бейтарап лексика
26.04.2016 2081 194 Асаубаева Алтын Кувандыковна

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9
Тақырыбы Сөйлеу тілінің лексикасы. Стильаралық бейтарап лексика
Мақсаты Сөйлеу тілдегі стилистиканың тіл мәдениетін қалыптастырудағы қызметі туралы түсінік. Стиль түрлері, қолдану аясы, құрылымы, мақсаты туралы түсінік беру.
Жалпы мақсат Қазақ тілінің дүние жүзіндегі тілдер арасындағы беделі туралы, қоғамдық қарым-қатынастағы қазақ тілінің мәні екенін білу керек.
Күтілетін нәтиже Сөйлеу тілінің және стильаралық лексиканы танып біледі, ерекшелігін анықтай алады, ажыратады. Стиль түрлеріне қарай қолданысын түсінеді.
7 модульдің қолданылуы “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Интервью», «Анықтау картасы», «Сәйкестендіру», «Топтастыру»
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг 2 мин Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.
«Көңіл-күй сыйлаймын» Мұғаліммен сәлемдеседі. Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.
Оқушылар бір-біріне күлімдеп жақсы көңіл-күй сыйлайды, жағымды сөздер айтады.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім

Қызығушылық
тарын ояту
6 мин.
«Интервью» әдісі бойынша сұхбат жұргізу.
Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін, сұхбат арқылы сұрақ- жауап сәтін өткізу. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. Әр оқушы сұхбатқа қатысады, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Сабақ тақырыбы Сөйлеу тілі лексикасы және бейтарап лексика
Мақсаты Мұғалім оқушылардың сабаққа мақсат қоюды ұйымдастырады.
Түсіну
5 мин. Мәтінмен жұмыс Оқушыларға мәтін таратылады, өткен тақырып пен жаңа тақырып төңірегінде ақылдасып орындап, талдайды Оқушылар оқиды, түсінеді. Топта талқылайды,талдайды, картаны толтырады, қорғайды.

Анықтама Тілдегі сөздердің көпшілігінен белгілі бір стильдік бояу аңғарылады. Соған байланысты өздерінің қолданылу аясына, ерекшеліктеріне қарай бірнеше лексикалық топқа бөлінеді. Лингвистикалық әдебиеттерде лексикалық топтар саны әр турлі қаралып жүр. Мысалы, жалпы қолды тұрмыстық лексика, сөйлеу тілі, әскери, кітаби, поэтикалық, диалектілік, ресми-іс қағаздар лексикасы, т. б. Сондай-ақ бұдан өзгерек, яғни әлгі аталған салаларды топтап, жинақтап беру әдісі де бар. Бұл әдіс бойынша лексика үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі, бейтарап және кітаби лекс и к а.
Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жатпайды. Мысалы қай тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын, тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердін, өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылмайды деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға — қолданылу аясына байланысты. Көбіне-көп сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән ондай сөздерге қарапайым сөздер, табу , эвфемизм , диалектизмдер және кәсіби сөздер жатады.
Қолдану
7 мин. Пікірлесу қарапайым сөздер, табу , эвфемизм , диалектизмдер және кәсіби сөздер
Салыстыру. Оқушыларға №1 үлестірмелі қағаздар беру, сөйлеу тілінің түрлеріне мысалдар берілген. Соны оқып, зерттеп, негізгі белгілерін анықтайды.

Мұғалім нұсқасымен таныстырады. Сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.
Негізгі белгілеріне сипаттама береді
Тақырып туралы өз ойларын айтады.

Мұғалім ұсынған нұсқамен танысу, ойларын толықтыру.
Талдау
5 мин. «Бейтарап лексика» Мысалдарды оқып, әр түрлі стильде жазылған сөйлемнің стилін анықтайды, ортақ қолданып тұрған сөзді табады.
№2 үлестірмемен жұмыс. Топта өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді, өзара шешім қабылдайды. Анықтама шығарады.
Жинақтау
10 мин «Сөйлеу тілінің лексикасы, бейтарап лексика» Постермен жаңа тақырыпты қорғау
Тақырыпты жинақтау Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату. Оқушылар алған білімдерін топта талқылап ортаға салады, постерге түсіреді, топтан оқушы шығып, қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды
Бағалау Өзіндік баға беру. «Неліктен сөйлеу тілі лексикасы өз алдына жеке аталады?» баға бергізу. Сөйлеу тілінің лексикасы туралы өзіндік баға береді.
Қорытынды Сәйкестендіру Тапсырма шартын түсіндіреді. Қолданып тұрған лексиканы стиль түрімен сәйкестендіреді.
Үйге тапсырма
2 мин 47-бетті түсініп оқу. 36-жаттығу.
Рефлексия
3 мин Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру
Бағалау
5 мин Бағалау парақшасы
Бағалау парақшасы арқылы алған білімдерін бағалату. Сабақта алған білімдерін бағалайды.
Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.