Главное меню

  • К списку уроков
7 орыс сыныбына емтихан материалы
06.04.2016 338 113 Мулдиярова Мадина Илеусизовна

І нұсқа
1. Қазақ тілінде неше септік бар? А)7 Ә) 6 Б)8 В)5
2. Барыс септік тұлғасындағы сөзді белгіле А) Ә)мектептен Б)мектепті В) мектеппен
3. Шығыс септігінің сұрағын тап А) кім? Ә) кімнен Б) кімді? В)кімге
4. Жіктік жалғаулы сөзді белгіле А)әкесі Ә) әкеме Б)әкемін В) әкеңе
5. Жіктік жалғауының көпше түрінің І жағын көрсет А) кеше барды Ә) кеше барғанбыз Б) кеше бардым В) кеше бардың
6. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап А) келдік Ә) басшысың Б) келгенбіз В) келдім
7. Дұрыс жіктелген қатарды табыңыз А) Ағашпын Ә)Даласың Б)Сүйкімдісің В)Орманбыз
8. Тасымалдауға келмейтін сөзді тап А) орман Ә) қарт Б) әже В) балалар
9. Деректі зат есімді табыңыз. А) сезім Ә) мейірім Б) бала В) қуаныш
10. Дерексіз зат есімді табыңыз. А) кітап Ә) қалам Б) парта В) қуаныш
11. «Әрине» қыстырма сөзінің орысша баламасын табыңыз А) конечно Ә) уже Б) или В) после
12. Негізгі зат есімді табыңыз. А) Адамдық Ә) кітапхана Б) өнер В) өнерпаз
13. Күрделі етістікті табыңыз. А) хат алдым Ә) жаздым Б) жүріп жатыр В) жарқ-жұрқ
14. «Сыпайылық» сөзінің мағынасын табыңыз. А) кешірімділік Ә) ізеттілік Б)ерсілік В) білімділік
15. Отбасы мүшесіне жатпайтын атауды белгілеңіз А) Жиен Ә) құрдас Б) сіңлі В) жезде
16. Сын есімнің күшейтпелі шырайын анықтаңыз. А) тым-тырыс Ә) тымақ киді Б) тым жеңіл В) тынымсыз
17. Есептік сан есімді көрсетіңіз. А) екеуі Ә) үштен Б) мыңдаған В) миллион
18. Туынды зат есімді көрсетіңіз. А) ұшақ Ә) есік Б) терезе В) сыйлы
19. Негізгі етістікті табыңыз. А) ұмыт Ә) шығар Б) дәлелде В) сына
20. Зат есімді табыңыз. А) әдемі Ә) сыпайы Б) сырға В) керемет
ІІ нұсқа
1. Қыстың соңғы айын көрсет А) қараша Ә) желтоқсан Б)ақпан В) қаңтар
2. Сөйлемге керекті сөзді көрсет. А) етік Ә) тон Б)бөрік В) қолғап
3. Зат есім нені білдіреді? А)заттың атын Ә) заттың қимылын Б)заттың санын В)заттың сапасын
4. Кім ? деген сұрақ қойылатын сөзді тап А)суретші Ә)мал Б)торғай В) ит
5. Көптік жалғауы қате жалғанған сөзді көрсет А)етіктер Ә) бұлттар Б) айлар В) өзентер
6. Жалпы зат есімді көрсет А) Күн Ә) Балдырған Б)Атырау В) Ертіс
7. Тура мағыналы сөзді көрсет А) ашық терезе Ә) ашық мінез Б)ашық дала В) ашық әңгіме
8. Ілік жалғаулы сөзді табыңыз А) ініме Ә) інілерің Б) ініңнің В) інісін
9. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз А) әкесі Ә) қаздар Б) оқырман В) озбырсың
10. Қоршаған орта деген сөз тіркесінің аудармасын тап А) средняя школа Ә) золотая середина Б) природные ресурсы В) окружающая среда
11. Қай есімдік артық? Бәрі, біз,бүкіл, барлық А) бәрі Ә) біз Б) бүкіл В) барлық
12. Сөйлемге керекті есімдікті қой ..........күн сөнбесін! А) Ешкім Ә) Бүкіл Б) Ешқашан В) Әрбір
13. Бір тәулікте неше сағат бар? А) жиырма төрт Ә) он екі Б) жиырма бес В) қырық сегіз
14. Былтыр деген сөздің аудармасы қай сөз? А) в позапрошлом году Ә) в прошлом году Б) в этом году В) в следующем году
15. Сағат беске он минут қалды деген уақыттың аудармасын тап А) пять минут пятошо Ә) без десяти минут пять Б) половина пятого В) ровно пять часов
16. Қазақ тілі бүгін ..........сабақ. А) бірінші Ә) төртеу Б) алты В) үш-үштен
17. Жеті күн нені құрайды? А) айды Ә) тәулікт і Б) аптаны В) онкүндікті
18. Барыс септіктің сұрақтарын көрсет А) кімнің? Ненің? Ә) кімге? Неге? Б) кімде? Неде? В) кімді? Нені?
19. Ертең................. кітапханаға барамын. А) досыммен Ә) досымда Б) досымның В) досымнан
20. Кімде? Неде? Қайда? –қай септіктің сұрақтары? А) барыс Ә) табыс Б) жатыс В) шығыс
ІІІ нұсқа
1. Достық сөзінің синонимін тап А) ұзын Ә) жолдастық Б) қастық В) жетістік
2. Досымның мінезі............. А) ұзын Ә) тату Б) қадірлі В) жұмсақ
3. Достыққа арналған мақалды тап А) Татулық-табылмас бақыт Ә) Отан отбасынан басталады Б) Өмір-үлкен мектеп В) Жері байдың- елі бай
4. Тура мағыналы сөзді тап А) қара тас Ә) тас жүрек Б) ыстық ықылас В) ашық аспан
5. Ағаш жапырақтары......... А) көгереді Ә) жылынады Б) жерге түседі В) суытады
6. Сөйлемдегі бастауышты тап Күздігүні суық жел сағады .А) Күздігүні Ә) суық Б) жел В) соғады
7. Мақалдың жалғасын көрсет Мектеп кеме- .................... А)үлкен мектеп Ә) тілсіз мұғалім Б) білім-теңіз В) білім-кітапта
8. Кітап жазатын адамды кім дейді? А) кітапханашы Ә) ағартушы Б) жазушы В) спортшы
9. Сөйлемге керек тыныс белгісін қой Театрға қашан барамыз А) нүкте Ә) леп белгісі Б) сұрау белгісі В) көп нүкте
10. Сын есім+ зат есім сөз тіркесін тап А)спортпен айналысу Ә) бір апта Б) орта мектеп В) ортада тұр
11. Сөйлемді көрсет А) Алу Ә) Қызыл Б) Күз В) Төрт
12. Қазақстан Республикасы қандай құрлықта орналасқан? А) Америка Ә) Азия Б) Еуропа В) Еуразия
13. Етістікке керекті жіктік жалғауды тап Мен оның қасиетті тілін сүйе..... А) –сің Ә) –міз Б) –мын В) мін
14. Сөйлемге керек сөзді қой Менің ..... аты Заңғар. А) досыңның Ә) досымның Б) досының В) достың
15. Достық-қастық деген жұп нені білдіреді? А) омонимдер Ә) синонимдер Б) көп мағыналы сөздер В) антонимдер
16. Тура мағынадағы сөзді көрсет А) өткір қайшы Ә) өткір көз Б) өткір сөз В) өткір тіл
17. Көп мағыналы сөзді тап А) биік Ә) жолдас Б) бас В) сөз
18. Түйе сүтінен қандай сусын жасалады? А) қатық Ә) айран Б) қымыз В) шұбат
19. Асықпен ойналатын ойынды көрсет А) көкпар Ә) ханталапай Б) қыз қуу В) бәйге
20. Сөйлемдегі бастауышты анықта Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді. А) қымыз Ә) гемоглобинді Б) көбейтеді В) қандағы

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.