Главное меню

  • К списку уроков
Сыныбы: 9-сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақ бейнелеу өнері тарихынан . Қалау рай
03.03.2016 643 170 Ескендирова Жанар Макеновна

Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ бейнелеу өнері тарихынан . Қалау рай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ бейнелеу өнері тарихы туралы білім беру, өз ойларын шақ, жақ, есімше, көсемшенің жұрнақтарын пайдалана отырып жеткізуге баулу, қалау рай практикада дұрыс қолдану білу
Дамытушылық: Оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұтқырлыққа баулу
Көрнекіліктер: тірек-сызба, Ә.Қастеев туындыларының суреті , презентация
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, орыс тілі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ.
Сөздік
Бейнелеу өнері- изобразительное искусство
Кескіндеме – графика
Мүсіндеме – скульптура
Қолданбалы – прикладной
Қалыптасу – формировать
Шеберлік – мастерство
Көрме – выставка
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы- Қазақ бейнелеу өнері тарихы. Қазақ бейнелеу өнері тарихы – ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Ол көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика және қолданбалы өнер салаларын қамтиды.
Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф - ғалым Ш.Уәлиханов тұрады. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан «Потанин», «Тезек төре», т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлігін дайындайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г.Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С.Понамарев сабақ берді. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.
Кескіндеме мен графиканың кәсіби шеберлігін меңгерген жас суретшілер: Н.М. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И.Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов т.б
Грамматикалық тақырыбымыз – Қалау рай
Қалау – ниет, тілек дегенді білдіреді Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды, іс - әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді...
1 жақ менің ...+ ғы/гі + м қы/кі+м еді
2 жақ сенің ...+ ғы/гі + ң қы/кі+ң ді
2 жақ сіздің ...+ ғы/гі + ңыз/ңіз қы/кі+ ңыз/ңіз кел - ген
3 жақ оның ...+ ғы/гі + сы/сі қы/кі+сы/сі ер
ітін
іпті
1 жақ біздің ...+ ғы/гі + мыз/міз қы/кі+мыз/міз еді
2 жақ сендердің ...+ ғы/гі + ларың /лерің қы/кі+ларың/лерің ді
2 жақ сіздердің ...+ ғы/гі + ларыңыз /леріңіз қы/кі+ларыңыз/леріңіз кел - ген
3 жақ олардың ...+ ғы/гі + лары /лері қы/кі+лары/лері ер
ітін
іпті

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.