Главное меню

  • К списку уроков
Тәуелсіз Қазақстан
03.03.2016 434 114 Ескендирова Жанар Макеновна

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың мақсаты: білімділік – өтілген материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу, бекіту, жаңа сабақты меңгерту, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету. Тапсырмалар орындау арқылы сан есім туралы алған білімдерін еске түсіруге жағдай жасау; дамытушылық – проблемалық жағдай туғыза келіп, оқушының ойлау, сөйлеу дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту; тәрбиелік – патриоттық сезімдерін оятып, тілге деген құрметке тәрбиелеу
Сабақтың міндеттері: Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін талдай отырып, оқушылардың білім деңгейін өсіру; сөз мағынасын түсіне білу, оқу, жазу арқылы оқушының ой қорытып және оны қорғай білуіне қол жеткізу. Өз-өзіне баға бере білуіне тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап, сөз тіркестер мен сөйлемдер құру, түсіндіру, сұхбаттасу, деңгейлеп оқыту.
Түрі: дәстүрлі аралас сабақ
Типі: жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: компьютер, ҚР мемлекеттік рәміздері, кроссворд, үлестірмелі карточкалар, перфокарта.
Пәнаралық байланыс: география, Қазақстан тарихы,
Қолданылған технологиялар: саралап деңгейлеп оқыту технологиясы
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Кезеңнің мақсаты: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Кезекшемін сұхбат
б) Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
25 жылдық Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілетін сабағымыздың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан. Біздің мақсатымыз: өткен сабақтарда оқыған тақырыптарың бойынша алған білімдеріңді пысықтап, қорытынды жасаймыз.
в) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Ойшақыру:
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Тәуелсіз деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- Өзіміздің рәміздеріміз, астанамыз, Президентіміз, теңгеміз, мемлекеттік тіліміз бар.
Фонетикалық жаттығу:
Мақсатты: оқушылардың тілдерін жаттықтыру
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан – қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
1. Оқушылар жасырылған дыбыстарды анықтайды, тілдерін жаттықтырып, мәнерлеп оқиды.
2. Осы дыбыстарға сипаттама береді
II. Үй жұмыс тексеру кезеңі. Кезеңнің мақсаты: үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындауын тексеру.
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы әңгімелеу.
III. Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі: Кезеңнің мақсаты:
1.Оқушылардың қызығушылығын мотивациялау.
- Осы үзіндіден қандай ой түйіндедіңдер?
Оқушылар «Қазақстан» тақырыбына байланысты бейнесюжет қарайды.
-Тәуелсіз Қазақстанымыздың 25 жыл ішіндегі жеткен жетістіктері қандай?
2. Жаңа сөздермен жұмыс: Кезеңнің мақсаты: жаңа сөздермен танысып, дұрыс айтылуы мен жазылуын қадағалау және оқушылардың сөздік қорын байыту.
Шаңырақ – купол юрты
Тұлпар – скакун
Қыран құс – орел
Қалықпайтын – парящий
Сан сырлы – различный
Тік бұрышты – остроконечный
Алтын шар- золотой шар
IV. Жаңа тақырып.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың ұраны: «Бәйтерек ағашындай мықты, көрікті болып, тәуелсіз Қазақстанның болашағына үлкен үлес қосамыз.»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін кеңейту, өз ойын жеткізу қасиеттерін дамыту.
Әр оқушы сандықшаның ішінен қалаған түсті таңдайды.
Әр топ төмендегі тақырыптар бойынша мәтін құрастырады.
1 топ- «Желтоқсан оқиғасы»
2 топ – «Қазақстан жері»
3 топ- «Тәуелсіз Қазақстан»
V. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:
Кезеңнің мақсаты: алған жаңа мәліметті бекіту.
1- топқа сұрақ: Сендер басқа елде жүріп Қазақстан Республикасын қалай сипаттап берер едіңдер?
2- топқа сұрақ: Сендер Қазақстан Республикасының азаматысыңдар, басқа елде жүріп Қазақстан Республикасының тәуелсіз екенін қалай дәлелдеп берер едіңдер?
3-топқа сұрақ: Сендер тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағы қалай елестетесіңдер?

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.