Главное меню

  • К списку уроков
Мектепалды сыныбына арналған сабақ жоспары
01.03.2016 480 109 Ахметжанова Баян Каримовна

Сабақтың тақырыбы: Күз
Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыру.Күз мезгілін сипаттай білу. «Қандай?» сұрағына жауап беру. Сөз дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Үлкендердің жұмыстарын бағалап, көмектесуге баулу.
Әдіс – тәсілдер: Бақылау, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Суреттер, көкөністер макеті.
Сабақтың барысы:
Мотивациялық – танымдық бөлім.
Балалар бүгін біз сабақты «Кім жылдам?» деген ойынынан бастаймыз.Екі топқа бөлініп көкөністер мен жемістерді жинау жарысы ұйымдастырылады.Ойын аяқталған соң, осындай көкөністер мен жемістерімізді біз «Күз мезгілінде» жинаймыз, - деп түсіндіріледі. Бүгінгі өтетін сабағымыз күзге байланысты болмақ.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік бөлім.

Балалардың көңілін «Күз» мезгілі салынған түрлі – түсті суретке аудару. Балалар сурет бойынша білген сөздерін атап шығады. Балаларға сұрақ қою арқылы жаңа сөздерді енгізіп, толықтыру.
Мынау күз мезгілі.Күзде суық болады. Жапырақтар түседі.Жапырақтардың түстері қызыл, сары болады.
Дыбыстық жаттығу жасау:
Үз-үз-үз - келді күз
Ұс-ұс-ұс - ұшты құс
«Бұл қай кезде болады ?» дидактикалық ойынын ойнату. Жыл мезгілдеріне байланысты суреттерді көрсету (жаңбыр, қар, гүлдер, қардың еруі т.с.с.). Балалар суретте қандай жыл мезгілі екенін айтып береді.
Рефлексивті-түзетушілік бөлім.

«Ұшты – ұшты» ойынын ойнап, сабақты қорытындылау. Білімдеріне қарай балаларды мақтап, қоштасу.

Сабақтың тақырыбы: Киім және аяқкиімдер
Сабақтың мақсаты: Киім және ая қиімдердің қазақша атауларымен таныстыру.Ерекше ө, ғ, ы дыбыстарының дұрыс айтылуын жаттықтыру.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Киім суреттері, қуыршақ
Сабақтың барысы:
Мотивациялық – танымдық бөлім.
Балалармен қазақ тілінде сәлемдесіп, ауа райын бақылау «Бұл қай кезде болады?» ойынын ойнату
Дыбыстық жаттығу жасау:
Өз-өз-өз – көз
Ыл-ыл-ыл – қызыл
Ға –ға-ға – қарға

Бүгінгі сабағымызға Сәуле атты қуыршақ қонаққа келіп отыр,онымен амандасайық, - деп бастау. Қуыршақ Сәуленің устіндегі киімдері әдемі екенін айтып, балалардың көңілін киімдеріне аудару.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік бөлім.
Қуыршақ Сәуленің киімдерін көрсету барысында, балаларды жаңа сөздермен таныстыру (көйлек, шалбар, орамал, жейде)
Сұрақ – жауап әдісі бойынша «Қуыршақты киіндір» ойынын ойнату.
- Мынау не?
- Мынау қуыршақ.
- Қуыршақтың аты кім?
- Сәуле.
- Қуыршақ не киеді?
Балалар қуыршақтың үстіндегі киімдерінің қазақша атауларын атап шығады.
Сергіту сәті :
Бір, екі, үш,
Білекке жинап күш.
Қос қанатты жаямыз,
Ұшып, ұшып аламыз.

Рефлексивті-түзетушілік бөлім.

«Кім жылдам?» ойынын ойнату. Екі балаға екі қуыршақ беріледі, кім жылдам киіндіреді сол жеңімпаз.Сабақты қорытындылау,қоштасу.

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
Сабақтың мақсаты: Отбасы туралы білімдерін кеңейту. Үлкендерді сыйлауға, оларға көмек көрсетуге тәрбиелеу. Ана, әке, әже, ата деген жаңа сөздерді енгізу.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Суреттер, ойншықтар
Сабақтың барысы:
Мотивациялық – танымдық бөлім.
түсіндіріледі. Бүгінгі өтетін сабағымыз күзге байланысты болмақ.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік бөлім.

Балалардың көңілін «Күз» мезгілі салынған түрлі – түсті суретке аудару. Балалар сурет бойынша білген сөздерін атап шығады. Балаларға сұрақ қою арқылы жаңа сөздерді енгізіп, толықтыру.
Мынау күз мезгілі.Күзде суық болады. Жапырақтар түседі.Жапырақтардың түстері қызыл, сары болады.
Дыбыстық жаттығу жасау:
Үз-үз-үз - келді күз
Ұс-ұс-ұс - ұшты құс
«Бұл қай кезде болады ?» дидактикалық ойынын ойнату. Жыл мезгілдеріне байланысты суреттерді көрсету (жаңбыр, қар, гүлдер, қардың еруі т.с.с.). Балалар суретте қандай жыл мезгілі екенін айтып береді.
Рефлексивті-түзетушілік бөлім.

«Ұшты – ұшты» ойынын ойнап, сабақты қорытындылау. Білімдеріне қарай балаларды мақтап, қоштасу.

Дыбыстық жаттығулар

1.І-і-і секеңдейді ешкі
Ң-ң-ң атып қалды таң
Ға – ға –ға ұшып келді қарға

2.Үз-үз-үз жайдарлы алтын күз
Ұс-ұс-ұс ұшып кетті құс

3.Өз-өз-өз әдемі үлкен көз
Ыл-ыл-ыл көйлек түсі қызыл
Ға-ға-ға ұшып кетті қарға

4.Үш-үш-үш білектегі күш
Өк-өк-өк бұлттың түсі көк

5.Ық-ық-ық үлкен қасық
Ай-ай-ай сары май

6.Ақ-ақ айнала аппақ
Ар-ар жауады қар
Ұз-ұз-ұз мұз
Ла-ла-ла аққала

7.Ақ-ақ-ақ сырғанақ
Із-із-із тұскиіз
Ық-ық-ық сандық

8.Лу-лу-лу шомылу
Ық-ық-ық күн ыстық
Ек-ек-ек көбелек
Ра-ра-ра ара

9.Іл-іл-іл үлкен піл
Із-із-із келіп қалды күз
Ір-ір-ір биікке секір

10.На-на-на ана
Ке-ке-ке әке
Же-же-же әже
Та-та-та ата
ӨЛЕҢДЕР

«Балабақша»
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.

«Күз»
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің бұзық-ау.

«Қазақстан»
Ен даласын
Егін жапқан.
Бар баласы
Бақыт тапқан.
Менің жерім
Туған елім-
Күн сәулелі Қазақстан!

«Отан»
Отан – туған үйіміз,
Отан – туған жеріміз,
Отан – ортақ үйіміз,
Отан – көңілді ән, күйіміз.

«Қыс»
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады ,қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

«Торғай»
Мен торғаймын, торғаймын,
Суықта да тоңбаймын.
Құрт- құмырсқа шіркейден
Бау – бақшаны қорғаймын.

«Достық»
Ортақ мекен, жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы ,
Достығымыз жарасқан.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.