Главное меню

  • К списку уроков
Ашық сабақ: «Қыс мезгілі» 5- сынып
06.02.2016 554 96 Давлеталина

Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілі.
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Қыс туралы түсініктерін кеңейту. Мәтінмен жұмыс істеу арқылы зат есімнің жалғау түрлерін  қайталау. 
ә) Тәрбиелілігі: Қыс жыл мезгілінің  кереметін байқау арқылы оны 
бағалай  білуге тәрбиелеу.  б) Дамытушылығы: Қыс тақырыбына байланысты білімдерін
дұрыс қолдана білу дағдыларының  дамуына  мүмкіндік беру.

 Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері

Әдісі: интербелсенді тақта,сөздікпен жұмыс,көрнекілік,сұрақ-жауап, жұптық жұмыс.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: қыс мезгіліне байланысты слайдтар,
   үлестірме  карточкалар, интерактивті тақта, сурет.

 

                               Сабақтың барысы  

                      I.Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

                      Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қыс мезгілі». Сабақ алдында мен сендерге сәттілік тілеймін, жаңа Жылдарыңыз құтты болсын! Ал енді, сендер бір- біріне  Жаңа жылға тілек тілеңдер .   (Балалар бір- біріне тілек тілейді).  Балалар,  сабақты мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың  өлеңімен бастаймын:

                      Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

                      Соқыр- мылқау танымас  тірі  жанды.

                      Үсті-басы- ақ  қырау, түсі суық,

                      Басқан жері сықырлап, келіп қалды...

            Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл өлең не туралы?   (Қыс туралы) 

              II.Үй тапсырмасын тексеру       «Қыс» туралы әңгіме.

              

                          III.Жаңа сабақ

1.  Мәтінмен  жұмыс жасаймыз.   Мәтінге қарай  әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.     (Мәтін интерактивтік тақтада)       

                                                  Қыс мезгілі.

 Жыл төрт  мезгілге бөлінеді. Олар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн қысқарады, түн ұзарады. Қыста күн аязды, суық, жиі-жиі қар жауады. Үйлер, ағаштар бүкіл жер қармен жамылады. Өзен мен көлдер мұз болып қатаяды. Балалар коньки, шаңғы теуіп, шанамен сырғанайды.

                         Сөздік жұмысы

2. Жаңа сөздер:   (Сөздерді  бірнеше рет  қайталау)

                                мезгіл- время

                                күн  қысқарады-  дни короче

                              түн ұзарады  -ночи длинные

                              жамылады- покрывается

                              қатаяды- замерзает

                              сырғанайды  -кататься

                              тебеді- кататься

3.  Тапсырма № 1. Мәтінді түсініп оқып, аударыңдар

                       Қазақ тілінде неше септік бар?

4.  Тапсырма №2.  Қыс, мұз, шана сөздерін септеңдер .

5.  Тапсырма №3.  Оң жақтағы сөздердің тиістісін қойып. Сөйлем құрастырыңдар:    ҚЫС  ШАҢҒЫ  ТЕБЕДІ  ҚАР  ҚАТАДЫ  КҮН  КЕЛДІ  МҰЗ СУЫҚ  БАЛАЛАР  ЖАУАДЫ

6.  Дұрыс сөйлемдер:    Қыс келді.   Қар жауады.   Күн суық . Мұз қатады.   Балалар  шаңғы тебеді.

7. Тапсырма №4.  Шаңғы , аққала сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар

8.  Тапсырма №5   Көп нүктенің орнына ілік  септіктің  жалғауларын  қойып жазыңдар:     Болат... шанасы,   қыс... ортасы, шана... үстінде , тау... басында, ағам... досы,  шырша... түбіне, жыл... әнін.

Жақсы , балалар! Тапсырмаларды орындадық, енді қыс туралы қандай мақал –мәтелдер, жұмбақтар  білесіңдер?

 

9. Мақал - мәтелдер

Қыстағы қар, жер ырысы.  Қыстағы суық – жаздағы ыстық.  Қыстың жүз күнін, жаздың бір күні асырар .   Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла.     Қылышын сүйретіп қыс келер.  (119б.)

10. Жұмбақтар

1. Қыста ғана болады,   ұстасаң қолың тоңады.                                                   2. Терезеге қонады, әсем ою ояды.  3. Шелек қалпақ басында.  Сәбіз екен танауы. Қыста қардан тұрады. Танып көрші сен оны.  4. Қысы жазы бір түсте.

                     

11.Келесі тапсырма  :Аудару

Снеговик, елка,  холодно, белый, снег, зима.

Сергіту сәті. « Көңілді күн»

12.Балалар, мынадай сұраққа жауап беріңдерші!   Қыста біз далада  қандай құстарды көреміз?   Жалғауларын жазыңдар.

               Қар...-ворона

               Сауыс...-сорока

               Тор...-воробей

               Көгер...-голубь

               Бозтор...-синица

13. Ойын «Жоғалған сөздер» сызықпен қос

                      Қыс                  жауды

                      күн                   тепті

                      қар                   келді

                      коньки             суық

 

 

14. Миға шабуыл (сурет бойынша)

Қыста ауа райы қандай? Қыста адамдар  қалай киінеді? Жерде не жатыр? Қыста қандай мереке болады? Бір жылда неше мезгіл бар?  Қыс айлары... Балалар не тебеді?  Қыс ұнай  ма?

Жақсы, балалар!  Біз сабақты аяқтаймыз.                                                                    

15. «Қыс»сөзіне ассоциация жасайық!( қар, аяз, мұз,қырау, Жаңа жыл, боран...)

 IV. Қорытыңдылау.   Балалар, біз сабақта не айттық? Қыс қандай мезгіл?  Неге?

Синквейн стратегиясы: «Қыс»      Зат есім не? Қыс  Сын есім: қандай? суық. Етістік: не істеді?  келді. Сөз тіркесі: суық қыс. Сөйлем: Суық кыс келді.

Бағалау

Үйге тапсырма :   118 бет  2-т. «Ақпан» өленің жатқа дайыңдаңдар.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.