Главное меню

  • К списку уроков
8 сынып «Ата жұртым - аманатым, Ата салтым - ардағым»
02.02.2016 502 115 Маканова Бархыт Серикпаевна

Сабақтың  мақсаты: балалардың  туған еліне, туған жеріне  тарихқа деген  сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың міндеттері: оқушыларға  тарихты білуге, құрметтеуге үйрету;

 оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өз ойын қорытып, жүйелей білуге дағдыландыру;

қарым –қатынас мәдениетін, адамгершілік қасиеттерді, жағымды  мінез- құлық әдеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: факультатив

Сабақтың  типі: таным сабағы

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, суреттер, қағазға жазылған сөздер, Қазақстан картасы, интерактивті тақтада  дайындаған слайд (бейнекөрініс).

                               Сабақтың  барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу  рәсімі.

ІІ. «Адамгершілік – асыл қасиет» - деп халқымыз ерте  заманнан - ақ өз балаларын жақсылыққа тәрбиелеп отырған. Оған негіз болатын әлі күнге  дейін  біз  қолданып келе жатқан  түрлі мақал –мәтелдер, ертегілер, аңыз - әңгімелер, шешендік сөздер.Халқымыз әдемілікке  аса мән берген. Бұл жерде тек сыртқы  келбеті  ғана емес, адамның  ішкі сұлулығына үңіле қараған. Бұған дәлел -әдептілікті  әдемілікке  теңеуі.

1.)                        Жаңа сабақты амандасумен бастадық.

      Неге біз амандасамыз? Амандасудың мәні, маңызы    

      неде? (Ой тапқы, әр түрлі жауаптар қарастырылады).

«Сәлем – сөздің анасы», - деген халқымыз. Амандасу – сыйластықтың,  әдептіліктің, кішіпейілдіктің  бастауы екенін түсіне білген. Сәлемдесу – тұңғыш рет  немесе араға  бір уақыт салып, кездескен таныс және  бейтаныс адамдардың  дәстүрлі сөзі, ишара немесе дене қимылы арқылы бір – біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай  танытуы. Адам баласы қашанда  тыныш, бейбіт, басы аман,  бауыры бүтін, бір-бірімен тату – тәтті сыйласып өмір сүруді аңсап,  армандаған. Соның негізінде  сәлемдесу әдебі салынған. Сондықтан да қазақ халқының «Сәлемі түзу», «Сәлемнен кеткен жоқ» сияқты сөздері  татулықты, ағайын арасының  бұзылмағандығын көрсетеді. Сәлемдесудің де түрлері көп. Ер адам мен ер адам қол берісіп, алысып «Ассалаумағалейкуи!» (сізге  амандық тілеймін!), «Уағалайкумсалам!»(сізге де амандық  тілеймін!) деп амандасады.Ал, әйел адаммен «Сәлем бердік» деп амандасады.Үлкен адамдар жақсы  тілектерін айтады. «Бақытты бол!», «Көп жаса», «Өркенің өссін» т.б.Сәлемдесу де әдептіліктің  белгісі. Үлкен адамға сәлем  беру кіші адамның міндеті.

2.)                        Әдептілік  ережесі (қыздар үшін):

- Қыз қылығымен сүйкімді.

- Қызға қатты күлудің қажеті жоқ.

- Әдепсіз қыз шеше атына  кір келтіреді.

- Есті қыз етегін қымтап ұстайды.

- Қыз бала сабырлы, әдепті болу керек.

- Қыз баланың көп сөйлеп сүйреңдемегені жақсы.

Ұлдарға кеңес.

-  Үлкенге  инабатты, кішіге қамқор бол.

- Жалған сөйлеме, өтірік, өсектен аулақ бол.

- Пайдасыз іске уақытыңды  кетірме.

- Қыздарға  көмектесе біл.

- Жаман сөздерді айтпа.

Қазақта «Алыстан  алты жасар  бала келсе, алпыстағы  қария  сәлем береді» деген әдеп бар. Жасының үдкендігіне  қарамай, ауылға қонаққа  бірінші рет  кеоген қонаққа улкен адам да келіп сәлем береді.

Әдепті болу тек сәлемдесу ғана емес. Ата –ана, ұстаз, бір –біріңді, бауырыңды сыйлау, ретсіз сөйлемеу, күлмеу, дастарқан  басында әдепті отыру, дұрыс киіну, жүру, тұру да талап  етеді.

ІІІ. Мақал – мәтелдер.

1.)                Алыстан сәлем береді,

Ұқыпты елдің баласы.

2.)                Жақсы сөз жарым ырыс.

3.)                Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

4.)                Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге  сөзі бар,

Сөзі  соқпақ өзі бар.

5.)                Әдептілік  ар ұят,

Адамдықтың  белгісі.

Тұрпайы мінез тағы жат,

            Надандықтың  белгісі.

6.)                Әдепті бала ата анасын  мақтатар,

Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.

    7.)   Әдептіге «үндемес» ат тағылар.

IV. Ырым сөздер.           Ала жіптен аттама

                                                 (әдет әліппесі)                        К. Құмарұлы

Кел, кел, балам, кел, балам,

Айтайын ақыл мен саған.

Демесін ешкім  өзіңді

Әжеден үлгі алмаған.

Жеті атаңды жат біліп,

Атаңдай бол  аумаған.

 

Ата, бала, немере,

Шөбере, шөпшек, немене.

Туажат, жекжат, жамағат-

Біліңдер, балам, бәрінде,

Тапсырайын аманат!

Бесікті жатқа сатпайды,

Бабалар рухы сынады деп.

Шаңырақты отқа  жақпайды,

Қасиетімен  ұрады деп.

 

Малды  жыңғылмен айдамайды,

Ырысқа  зиянды деп.

Кендірмен  байламайды,

Ширығып қияды деп.

 

Итті «кет!» дейді,

Аяқпен  теппейді.

Ит адамға  ырыс деп,

Тебуді  шектейді.

 

Есікті кермейді,

Кергіге түсерсін деп.

Қанжығанды  өрмейді,

Жат жерден  сусын ішерсін жеп.

 

Нанды бір қолмен үзіп бермейді,

Екі қолмен сындырып,

Тістеп  жеуді жөн көреді.

 

Күлді  қолмен  шашпайды,

Оттың орнын баспайды.

Түтінім түзу ұшсын деп,

Түндікті теріс  ашпайды.

 

Табалдырықты  баспайды,

Есікті  теуіп ашпайды.

Теуіп ашу  есікті,

Сұмдық жолға  бастайды.

 

Телміріп көкке қарамайды,

Жұлдызды қолмен  санамайды.

Қазақтың  игі  салтында,

Қара  қосты  тонамайды.

 

Аққу құсты атпайды,

Қыранды  баулып  баптайды.

Шамасы  асып жетсе де,

Жүйрікпен  қасқыр  соқпайды.

 

Білгізіп жоба,жөн-жайды,

Ескерткен бабаң ол жайлы.

Қасқыр соққан жүйріктің,

Бәйгеде жолы  болмайды.

 

Нан қоқымын баспайды,

Бейітке  беттеп  қашпайды,

Жылан шықса алдынан,

Өлтіріп, бөліп, көміп тастайды.

 

Шегініп артқа  жүрмейді,

Кейінге ісім қалады деп.

Байлауды  тура күрмейді,

Шешуге оңай  болады деп.

 

Құдыққа түкірмейді,

Дәм  татқан ыдысым деп.

Су көзін  құрметтейді,

Сарқылмас  ырысым деп.

 

Ала жіпті аттамайды,

Жолыма  тұсау іс болар деп.

Кісіге пышақ  оқтамайды,

Жазатайым тұс болар деп.

 

Дау кемірген жігітт»ң

Ісін  әсте кешпейді.

Үзілер деп үмітім,

Ат кекілін  кеспейді.

 

Дүйсенбі мен сәрсенбі

Сәтті күн деп құптаған.

Сейсенбіде  сергелден,

Ұзақ жолға шықпаған.

 

Етікпен су кешпейді,

Ер басына күн туар деп.

Жұма күні көшпейді,

Бабаның сондай ғұрпы бар деп.

 

Белдеу арқанды қимайды,

Қилы кезең кез болар деп.

Көлге арам су  құймайды,

Үйрек ұшып, қаз қонар деп.

 

Аға адамдар алдында

Жастар ойнап күлмеген.

Үлкендердің  үстіне,

Баса –көктеп  кірмеген.

 

Қимайды  түйе бұйдасын,

Қиылар деп үмітім.

Бұзбайды құстың ұясын,

Тұрмайды деп үй бүтін.

 

 

 

 

 

 

V. Қорытынды.

          Тілек

Сіз  біз деген жылы сөз

Жылытады  жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез

Оятады  игі  тілекті.

Біреуге – біреу жақсылық

Тілесе әркез жаны  ашып,

Осы  бір шырын  тәттілік,

Тұрмай ма  жанға  жарасып.

 

Сәлем түзу адамның өзі түзу, жолы түзу болады

және  әдепті болып саналады.

«Әдепсіз өскен адамнан,  тәртіппен өскен тал жақсы»,

- деп сабақты қорытындылайық.

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.