Главное меню

  • К списку уроков
Менің қошақаным сүйкімді Сынып: 2
01.02.2016 548 97 Жақыпбай Жұлдыз Маралқызы

Тақырып: Менің сүйікті қошақаным (1слайд)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың қазақ тілінде дұрыс оқу, сауатты жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.

Міндеттері:

Білімділік: үй жануарлары мен төлдерді атай білуге үйрету, олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту, тәуелдік жалғауын қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу (2 слайд).

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 

Сабақ барысы:

1.    Психологиялық жағдаят жасау – Жолдасыңа жақсы баға алуға тілек білдір

(оқушылар бірін-біріне жақсы баға алуға тілек білдіреді).

 

Топқа бөліну. Суретте үй жануарлар және төлдер. Оқушылар осы суреттердің бірі бейнеленген карточканы алу арқылы 3 топқа бөлінеді: 1-топ: «Арғымақтар», 2-топ: «Қошақандар» (3,4 слайд).

 

2.    «Ой шақыру». Сурет бойынша 1 сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Әріптердің арасынан үй жануарларының атауларын табу (5 слайд)

 

Жаңа сабақ.

1.    Суретпен жұмыс. Сурет бойынша үй жануарларының төлдері туралы мәлімет беру. Олардың пайдасы туралы сөйлесу (6 слайд).

2.    Сөздікпен жұмыс.

қошақан – ягненок

пайдалы – полезный

қыдырып бару – идти в гости

сағыну – скучать

А) сөздерді сөздік дәптерге көшіріп жазады;

Ә) мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды;

Б) тізбектеп оқиды;

В) әр топ 2 сөзден алып, сөзбен сөз тіркесі және сөйлем құрайды     (7 слайд)

 

3.    Мәтінмен жұмыс

            Мен жазда атамның ауылына қыдырып бардым. Атамның үй жануарлары көп. Олар сиыр, қой, ешкі, түйе. Маған ақ қошақан ұнады. Қошақан кішкентай, сүйкімді. Мен қошақанға су, шөп бердім. (8 слайд)

Тапсырма:

1.                  Мәтінді бөліктерге бөліп, әр топқа  беру. Жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс жасау арқылы аударып, сол бойынша сурет салады.

«Арғымақтар» тобы  - алғашқы 3 жол (9 слайд),
«Қошақандар» тобы  - соңғы үш жол (10 слайд)

 

4. Грамматикалық тапсырмалар:

Грамматикалық ереже:
      Дыбыс үндестігі (к-г, қ-ғ).

Менің лағ + ым

Сенің лағ+ың

Сіздің лағ + ыңыз

Оның лағ + ы (14 слайд)

 

Тапсырма

1.        Тәуелдік жалғауларын дұрыс қойып көшіріп жаз.

         Менің қошақан ... , сенің лағ ... , сіздің түйе ... , атамның жылқы ... , оның бота ... .

 

         Сергіту сәті.

Әли және Айямен «Қошақаным» әнін үйрену. Алдымен әннің сөзімен танысу. Әнді мультфильм кейіпкерлерімен бірге орындау (11 слайд).

 

«Қошақаным» әні

Жазда атамның аулына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шықты ойнап жүгіріп.

Қайырмасы:
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен? (12
слайд).

 

 (15 слайд) .

 

6. Сабақты бекіту.

    Үй жануарлары мен олардың төлдерін ата (16 слайд).

 

 7. Рефлексия.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

8. Оқушыларды бағалау.

    Білім ағашы (17 слайд).

 

9. Үйге тапсырма:  (18 слайд)

1.    Жаңа сөздерді жаттау.

2.    «Қошақаным» әнінің сөзін жаттап алу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.