Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған тест сұрақтары
17.01.2016 1901 166 Әбілмәжінова Баян Ақанқызы

Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған тест сұрақтары                                                                                                    1.Жіңішке дауысты жалғауларды белгілеңіз.

а)- тар, -дар

в)-да, -де

с)-де,-те

д)-лар,-лер

2. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер.

а) жем,су,малшы

в) жауап,таза,барады

с )ет, адам,мал

д) жұмыртқа, ұя,жағдай

3.  Бұл қай сөз табы?

              Мен

а) есімдік

в) сан есім

с) етістік

д) зат есім

4. Сөзде неше буын бар, көрсетіңіз

Шынықтырады

а) сегіз

в) алты

с) бес

д) төрт

5. Өткен шақта тұрған етістік

а) пісіреді

б)пісіріп жатыр

с) пісірдіңіз

д) пісірді

6. Мөлшер үстеуін табыңыз

а) ілгері

в) әрең

с) кеше

д) едәуір

7. Бітеу буынды табыңыз

а) төрт

в)ал

с) ант

д) аға

8. Түбір сөзді табыңыз

а) қадірлі

в) балалалық

с) өнер

д) білім

9. Реттік сан есімді табыңыз

а) бір

в) біреу

с) бір-бірден

д) бірінші

10. Сұрау есімдігін табыңыз

а) қайда

в) олар

с) мынау

д) әркім

11. Күріш қай облыста өсіріледі?

а) Шығыс Қазақстан

в) Жамбыл

с)  Батыс Қазақстан

д) Қызылорда

12. Қатаң дауыссыз дыбысты табыңыз

а) ғ,г

в) ж,з

с) т,с

д) м,ң

13. Қайсысы тамыз айынан бұрын келеді?

а) қараша

в)қазан

с) қыркүйек

д) шілде

14. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді табыңыз

а) біздің боламыз

в) біз ұшқышпыз 

с) бізге қара

д ) бізден кейін

15. Қайсысы жазғы киімге жатады?

а) тымақ

в) жейде

с) жемпір

д) қолғап

16. «Жылдам» сөзінің антонимін табыңыз

а) қышқыл

в) ақырын

с) тегіс

д) лас

17. Синонимдерді табыңыз

а) ниет, жүрек

в) данышпан, кеме

с) бұтақ, гүл

д) отан, туған жер

18. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз

а) құстар

в) теледидар

с) айтар

д) білімді

19. Қатыстық сын есімді табыңыз

а) жасыл

в) көгілдір

с) білімді

д) үлкен

20. Буын үндестігіне бағынбаған сөзді табыңыз

а) дауылпаз

в) мұғалім

с) бағбан

д)рахат

                                   2- нұсқа

1.Бұл қай сөз табы?  Қызық

а)  есімдік

в) үстеу

с) сын есім

д) зат есім

2. Ашық буынды сөз

а) қала

в) бал

с) мектеп

д) құлақ

3.  Нүктенің орнына қойылатын дауысты дыбыс

             ...уыз

а) ғ

в)  а

с) н

д) қ

4. Көптік жалғауы бар зат есімді табыңыз

а) ауланы

в) құстың

с) еңбекпен

д) бұзаулар

5. Неден? деген сұраққа жауап беретін сөзді табыңыз

а) мамыққа

в) мамықты

с) мамықтың

д) мамықтан

6. Мақалдың жалғасын табыңыз

              Көзің ауырса, қолыңды тый,...

а) досы азбен сырлас

в) ішің ауырса,аузыңды тый

с) жақсы жоқ

д) саулық - байлық негізі

7. Синонимдерді табыңыз

а) сұлу,жақсы

в) момын, кекшіл

с) көмек, көмекші

д) мереке, мейрам

8. Туынды сөзді табыңыз

а) таңертең

в) жасыл

с) қоғам

д) ойлан

9. Салт етістіктерді ажыратыңыз

а) шық, кел, сұра, көр

в) баста, секірді, құлап қалды, ұшып түсті

с) бардым, сырластым, шықтың, шықты

д) құйды, айтты, бар, келіс

10.Қазақстан мұсылмандар мерекесін көрсетіңіз

а) Рождество

в) Жаңа жыл

с) Тәуелсіздік күні

д) Құрбан айт

11. Күрделі сөзді табыңыз

а) жаз

в) қалам

с )адамгершілік

д) жиырма алты

12. Қаратпа сөзді табыңыз

а) Шамасы, біздің іздегеніміз осы  болар.

в) Балам, көмектесіп жіберші.

с) Оның дегені, әрине, бола қоймас

д) Жазда емтихан болады

13.Реттік сан есім жұрнақтарын табыңыз

а) –нші, - нші

в) –ау, - еу

с) мын,- мін

д) – сың, - сің

14. Синонимдерді табыңыз

а)  бөлме, ас үй

в)жапырақ, тамыр

с) аспан, бұлт

д) батыр, ел

15. «Қараңғы» сөзінің антонимін табыңыз

а) салқын

в) жұмсақ

с) жарық

д )ыстық

16. Буын үндестігіне  бағынбаған сөзді табыңыз

а) үзіліс

в) парасат

с) бүркіт

д) таңертең

17. Ұннан жасалған тағамды көрсетіңіз

а) ірімшік

в) құрт

с) бауырсақ

д) құырдақ

18. Сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз

а) Әжем- дәрігер

в) Сабақ басталды

с) Сыныптың іші жып – жылы

д) Оның келіп тұрғаны – осы

19. Нақ осы шақты табыңыз

а) Қар жауып тұр

в) Жаңбыр тоқтады

с) Жапырақтар құрады

д) Айдар ертең келіп қалар

20. Етістікті сөз тіркесін табыңыз

а) жаз мезгілі

в)  жазғы киім

с) жазған сайын

д) жаз келді

6 – сыныптың қазақ тілінен тест сұрақтарының жауаптары

1 – нұсқа                   

1)      с               

2)      д

3)      а               

4)      с

5)      д

6)      в

7)      а

8)      с

9)      д

10)   а

11)   д

12)   с

13)   д

14)   а

15)   в

16)   в

17)   д

18)   а

19)   с

20)   в

2 –нұсқа

1)      с

2)      а

3)      в

4)      д

5)      д

6)      в

7)      д

8)      д

9)      а

10)   д

11)   д

12)   в

13)   а

14)   д

15)   с

16)   д

17)   с

18)   с

19)   а

20)   д

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.