Главное меню

  • К списку уроков
презентация қазақ тілі пәнінен Етістіктің шағы
11.01.2016 548 90 Кусаинова Айнур Умербаевна

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Аты-жөні жұмыс орны Кусаинова Айнур Умербаевна
Нұра ауданы А.Асылбеков атындағы ЖОББ мектебі
Сабақтың тақырыбы: Антоним
5 сынып
Жалпы мақсаты: жаңа тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып, жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру
Күтілетін нәтиже: Антоним ережеcі бойынша алған білімдерін тиянақтайды, сөйлем ішінен антонимді таба алады, берілген сөздерге антоним құрай алады.
Негізгі идея: Сабақтың тақырыбын толық ашып, оқушылардың білім деңгейлерін көтеру
уақыты 22.10.2014ж

Сабақтың технологиялық картасы
№ Кезеңдері Мазмұны Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
1 Кіріспе 1.ұйымдастыру
2.сыныпты сабаққа бейімдеу
3.топқа бөлу
4.психологиялық ахуал қалыптастыру Топ басшысын сайлау, топ атын ойластыру,топ басшысына Бағалау парағын беру.
(психологиялық дайындық.)
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан Бір – бірімізді қол шапалақтап қолдап қоямыз

2 Негізгі бөлім
2.1Өткенді пысықтау Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақтар бойынша сұрақтар).

Тестпен жұмыс
1 - қатар 2 - қатар
1. Лексика нені зерттейді?
2. Сөздің тура мен ауыспалы мағыналарына түсінік бер.
3. Сөздің көп мағыналығын қалай түсінесің. Мысалдармен дәлелде.
4. Омоним деген не. Оны көп мағыналы сөзден айырмашылығын айт.
5. Синоним деген не. Мысалдар айт.
Қайталауға арналған тест тапсырмасын беру
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді

Оқушылар өз топтарында тест сұрақтарына жауап береді Өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтайды,
талдайды

2.2Қызығу
шылығын ояту « Мықты болсаң, тауып көр»Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын шығару. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешу Оқушылар топта жұмыс жүргізіп, сөзжұмбақты шешіп, негізгі сөзін табады Жаңа сабақтан түсінік қалыптасады

2.3Мағынаны тану Алған білімдерін қолдана білу берілген суреттерді көрсетемін. Қарама – қарсы мағыналы сөздерді айту арқылы оқушылар антонимнің ережесін шығарады Оқушылар ережені дәптерлеріне жазып алып, мысал келтіреді Тақырыпты толық меңгереді, білімдерін бекітеді
2.4Ой толғаныс Ойланады,қорытады « Сынарын тап» ойыны

Сызбасы бойынша сөзге фонетикалық талдау жасаймыз.
1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай:
жуан, жіңішке, аралас буынды сөз.
2. Буын:
а) ашық ( а. б. )
СӨЗ ә) тұйық ( т. б. )
б) бітеу ( б. б. )
3. Тасымал
4. Екпін
5. Буын үндестігі Оқушылар кеспе қағаздарда берілген сөздердің антонимдерін тауып, жазады.

Оқушылар мынадау берілген үлгі бойынша талдайды.
ҚҰРҒАҚ 1. Жуан буынды сөз
2. ҚҰР – ҒАҚ б. б.
3. 1 жолмен тасымалданады құр – ғақ
4. екпін сөздің соңғы – ғақ буынына түсіп тұр
5. сөз буын үндестігіне бағынады.
Қ – қатаң
Ұ - жуан, еріндік, қысаң
Р - үнді
Ғ – ұяң
А - жуан, езулік, ашық
Қ – қатаң Өз пікірлерін жазады, жариялайды

3 Қорытынды бөлім

Сабақ мақсатына жетті ме?, сабақтың түрі ұнады ма?
Бағалау,
рефлексия Тақырыпты перфокарта бойынша жұмыспен бекіту.

Сабаққа қорытынды жасайды,бағалайды,нұсқау береді Өз ойларын айтады, оқушылар өздерін стикер арқылы бағалайды, рефлексия Инсерт жасайды
Өзіндік пікір
қалыптасады,
Өз білімдерін бағалауға жетіседі

Үйге тапсырма Ереже жаттау, 97-жаттығу
Ережені жаттайды, жазбаша жаттығу орындайды.


Антоним тақырыбында өткізілген сабаққа рефлективті есеп
Мен сабақта «Сын тұрғысынан ойлау», «оқуды және оқытуды бағалау», ««Диалог негізінде оқыту және оқу» модульдерін қолдануға тырыстым.
Сабақтың тақырыбын оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы тауып, ережесін де өздері айтып берді. Өйткені бұл тақырыпты олар бастауыш сыныпта өткен. Одан кейін мен толық антоним туралы айтып бердім. Олар мысалдар келтіру арқылы өз білімдерін көрсетті. Әрине барлық оқушы біледі деп айта алмаймын. 60% оқушы. Бұл сыныпта оқуға деген ынтасы жоқ балалар да бар. Олармен жеке жұмыс жүргізіп тұрамын. Карточкамен жұмыс бергенде, ол оқушылар ынта салып орындауға тырысады.
«Сыңарын тап» атты тапсырмасын бергенде үш топтағы оқушылар тез, әрі дұрыс орындап берді. Бұл тапсырмада олар алдарында берілген сөздер арасынан антонимнің сыңарын іздеп тапты.
Сыныпта әр шағын топ пікірлескенде, шу басым болды.
Тақырыпты әр оқушыға перфокарта жұмысын беру арқылы қорытындыладым. Әр оқушы бұл тақырыпты жақсы түсінгендерін көрсетті.

Не сәтсіз өтті: рефлексия тапсырмасын Инсерт жүйесі арқылы өткіздім. Бірақ оқушыларды көбі түсінбей көбі қате толтырды. Кейбірі түсінбей сұрай берді. Ал кейбірі тақырыптан ауытқып, басқа тақырыпта жауап жазды.

Бұндай тапсырманы олар бірінші рет орындағандықтан оларға қиын болды. Бұл жұмысты енді әрі қарай жалғастырып, жұмыс жасаймын.

2 - кезең.
Тестпен жұмыс
1 - қатар
1. Зат есімнен болған синонимдер қатарын тап
А) пішін, адам, әлпет
Б) мұғалім, ұстаз. оқытушы
В) көркем, сұлу

2. Омоним болатын қатарды тап
А) жерді бас, таудың басы
Б) адамның тамыры, ағаштың тамыры
В) алманы жу, алманы же
3. Толық мағыналы сөзді көрсет
А) дейін ------------------ А) жөн
Б) білім ------------------- Б) керек
В) туралы ---------------- В) оқулық

3 – кезең
1. Құпия сөздің синонимі. (ЖҰМБАҚ )
2. « Тіс жармады» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы. (Үндемеді)
3. Мақалды жалғастыр. Денсаулық кепілі.... \тазалық\
4. Әрі жуан, әрі еріндік, әрі ашық дауысты дыбыс. (О)
5. Бір – біріне мағынасы жақын сөздерді...... дейді. (Синоним)
6. Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа – басқа сөзді.... дейді. (Омоним)
7. Сұлу сөзінің синонимі. (әдемі)

Ж ұ м б а қ
ү н д е м е д і
т а з а л ы қ
о
с и н о н и м
о м о н и м
ә д е м і

4 - кезең Слайдта Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
Антоним сөздер тағы былайша жасалуы мүмкін: антонимге жұрнақ жалғануы
арқылы немесе емес сөзін тіркесуі арқылы.
Мысалы: үлкен – үлкен емес
бар – барма
сулы – сусыз

« Сынарын тап» ойыны
Биік – аласа --------------------- Жақын – алыс ----------------- Ұзын - қысқы
Тез – баяу ------------------------ Алды – арты ------------------- Ақ - қара
Таза – лас ------------------------- Дос – қас ----------------------- Ыстық - суық
Бар – барма --------------------- Жарық – қараңғы ------------- Іші - сырты
Әдемі - әдемі емес ----------- Жуан – жіңішке ---------------- Алыс - жақын
Үсті – асты ------------------------ Сүйкімді - сүйкімсіз ---------- Құрғақ - ылғалды
Ащы – тұщы------------------Кең – тар -----------------------------Сәнді – сәнді емес

5 – кезең

6 – кезең Оқулықпен жұмыс.
96 – жаттығу. Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі
Қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып көріңдер.
Үлгі: биік тау – аласа тау....
7 – кезең Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі. ( антоним сөзді тап )
8.- кезең «Артық болмас білгенің»
Ауыр -...
кең -...
ыстық -...
жас -...
артық -...
арық -...
оңай -...
Өтірік -...
алғыс...
қарғыс -...
рахат -...
Ерте -...
жоғары -...
алыс -...
әрі -...

9 кезең Сабақты бекіту.
Антонимдер сын есім етістік зат есім есімдік үстеу
күлу - жылау
анау - мынау
жаз - қыс
әне - міне
жоғары - төмен
күн - түн
ерте - кеш
дос- қас
ашық - жабық
қону - ұшу
көп - аз
жарық -қараңғы

10 – кезең. Үйге тапсырма.
97 - жаттығу.
11 - кезең. Бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.