Главное меню

  • К списку уроков
Омонимдер
11.01.2016 1523 102 Кусаинова Айнур Умербаевна

Тақырыбы: Омонимдер 

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға  омоним сөздің емлесін мысалдар келтіру арқылы  ұғындыру,   жаттығу жұмыстарын жүргізу;

                    дамытушылық:  Оқушылардың  ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

                     тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы:    а) Ұйымдастыру кезеңі

                               Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

                               ә) Үй тапсырмасын тексеру

                              «Жақсы деген немене,

                               Жаман деген немене» (ойтолғау)

               Қайталау сұрақтары:

Сөз дегеніміз не?

Сөздің тура ж/е ауыспалы мағынасы деген не?

Көп мағыналы сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

 

                                         б) Жаңа сабақ

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, тірақ мағыналары әр түрлі сөздердің тобын білдіреді.

Мыс: Қара- қара шалбар (сын есім, қандай?); қара ниет - ойы арам ; кісіге  қара (етістік, не істе?)

 

                      

(Тақтада үш омоним сөз беріледі де, үш қатардағы  оқушылар мысал келтіреді.)

           І қатар-Ат-

          ІІ қатар-Қал-

.         ІІІ қатар-Жүз-

Тілімізде көптеген омонимдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Түбір сөзге жұрнақтар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер деп аталады.

 

Мыс: Арық-1. Зат-су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы.

                      2. Сын- жүдеу ,семіз емес.

                                           в) Жаттығу жұмыстары

62-жаттығу.  Тыйым сөздерді көшіріп жазыңдар. Осы тыйым сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздердің астын сызыңдар.

63-жаттығу. Мысалдарда кездесетін омоним сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

 

«Зерделі сұрақ,дәлелді жауап». Жекелеген оқушылармен жұмыс.

 

Мысал

Ереже

 

1.Жастық

Көп мағыналы сөз (омоним)

 

                              

 

 

Мысал

Ереже

 

2.Тамақ

Омоним (көп мағыналы сөз)

 

                              

 

 

Мысал

Ереже

 

3.Бақ

Көп мағыналы сөз (Көп мағыналы сөз)

 

                              

 

Мысал

Ереже

 

4.Жүз

Көп мағыналы сөз (омоним)

 

                              

 

 

  г) Бекіту

Омоним сөздер дегеніміз қандай сөздер?

Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмасы қандай?

 

                            д) Үйге тапсырма

 

 64-жаттығу. Мәтіннен омоним бола алатын сөздерді теріп жазып,мысалмен дәлелдеңдер.

68-жаттығу. Өлең шумақтарында омоним кездесетіндей әзіл өлең құрастырып көріңдер.

                                      е) Бағалау

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.