Главное меню

  • К списку уроков
Конспект урока казахского языка в 3 классе "Азық - түлік № 25"
11.01.2016 454 89 Калиева Дина Николаевна

3 сынып.

Сабақтың тақырыбы:  Азық - түлік  № 25.                                                      1 тоқсан № 25.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Азық-түлік туралы толық мәлімет беру.
  2. Дамытушылық: Тақырып бойынша есте сақтау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды азық-түліктің қадір-қасиетін білуге баулу. Азық-түліктің адам өмірінде басты орын алатындығы жайлы тәрбиелік әңгіме жүргізу.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың әдісі: жаңа сөздер, суреттер көрсетіп әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:  жаңа сөздер,  суреттер, тақта, кітап.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.

4.      Жаңа сабаққа дайындау: 1-тапсырма, 68-бет. «Біліп ал» айдарымен берілген тапсырманы жазбаша дәптерлеріне орындатар алдында ауызша жұмыс жүргізіп алу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін сұрақтар мен көрнекіліктер арқылы жандандыру. «Азық-түлік» тақырыбы бойынша жұмысты бейнелеу өнері арқылы жандандыру.

      5. Жаңа сабақ: Азық – түлік.

      6. Жаңа сабақты түсіндіру: 

      Жаңа сөздер:

      Керек – қажет, үш рет, сүт тағамдары, ет тағамдары, тағам-пища, ет, ірімшік-сыр, тәтті.

Дәптерлеріне күні, тақырыбын жаздырту.

2-тапсырма, 68-бет. Оқылым және айтылым әрекетіне берілген тапсырманы сөз тіркестерін жасап, сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында тапсырманы жеке тапсырма ретінде орындату. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау. 

      3-тапсырма, 69-бет. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырманы жұптық жұмыс түрінде 

     орындату. Әр оқушыға азық-түлікпен істеген ісі туралы айтқызу. Сыныптағы оқушылардың 

     барлығын тақырып бойынша сөйлету. Тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру.

 

Сергіту сәті:                                   

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

.

4-тапсырма, 69-бет. Негізгі тақырып бойынша қайталау мақсатында берілген тапсырманы оқылым, айтылым әрекеттерімен бастап, жазылым әрекетімен ұштастыру.

8. Сабақты қорытындылау: 

5-тапсырма, 69-бет. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындату. Сауатты сұраулы сөйлем құрап үйрену үшін берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындату.

 

Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 69-бет. Сөзжұмбақты шеш.

 

 Оқушылардың білімін  бағалау. 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.