Главное меню

  • К списку уроков
открытый урок в 9 классе: «Қазақтың қонақжайлылығы қанына сіңген асыл қасиеті»
03.01.2016 1065 144 Бекбулатова Жанна Калтаевна

Мұғалім: Бекбулатова Ж.К.

Пән: қазақ тілі

Сынып: 9 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың қонақжайлылығы қанына сіңген асыл қасиеті.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың қазақ ұлтының қонақжайлылық кұңдылықтарымен, денсаулыққа пайдалы тағамымен және қонайжайлылығының салты бойынша үлкенге деген құрметімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар және көрнекілік материалдар: интерактивті тақта, әуен, плакаттар, слайд-шоу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу І. Шаттық шеңбері

Сабақты бастамас бұрын біз топтарға бөлінеміз.

Балалар біз кездескенде не істейміз?

-         Қалай амандасамыз? Бір –бірімізге қол беріп Жақсы

Қолдарды алып орындарына өтеміз

Қызыл-1 топ,сары 2 топ  көк 3 топ

Оқушылар амандасып, бір-бірімен ,жылы лебіздерді білдіреді. «Ассалаумағалейкум», «Уағалейкум ассалам»

Балалар қараңыз бүгін сабағымыздың тақырыбы белгісіз,ал тақырыпты сендер сурет арқылы шешесіңдер. Сендердің мақсаттарын суретті жинап алу.

Бешбармақ      Көже                шелпек

Бұл қандай тағамдар?

Оны қашан әзірлейміз?

Дұрыс балалар,сонымен сабағымыздың тақырыбы қандай?

Сабағымыздың тақырыбы: Қонақжайлылық

Қалай ойлайсыңдар біздің негізгі мақсатымыз қандай?

Қонақжайлылық туралы мәлімет алу.

Балалар сабағымыздың эпиграфын анықтаймыз.

 

Эпиграф: «Әлемді танығың келсе – атың болсын, халық танығың келсе – қонақ күтуде қолың ашық болсын».

                  Қонақ десе ойынызға не түседі?  ( кластер)

Кіріспе сөз:

Мұғалім: — Кеңпейіл қазақ халқының ата-бабасынан қан арқылы ұрпағына беріліп, бар ұлттың ерекше сый-құрметіне бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрі, асыл қасиеті – қонақжайлылық. Халқымыздың қонақжайлылықты қатты қастерлегені соншалықты, ауылға келген бейтаныс қонақтар кез келген үйге түспей, дастарханы мол, пейілі кең, үйі таза, көргенді ұл-қызы бар үйлерге ғана қонақ болған. Оған үй иесі қатты қуанып, ақ батасын берген. Әйтеуір, қазақ халқының салт-дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу – үлкен айып болып саналады.

 

 

Слайд көрсетілімі. «ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ» сөзінің мағынасы

Қонақжайлылық – қонақ күтуге деген ынта; дастархан молдығы.

 

Бүгінгі сабақтың жаңа сөздері:

Үй иесі-

Мейман-

Міндеті-

Мәртебе-

Қуған-

Құт-

Ырыс-

Шіркеу-

Ашуланып-

Ұят-

Шіркеу-

А) мұғалім  оқиды

Ә) хормен оқу

Б)Аудару

В) сөз тіркесі сөйлем құрастыру

Г) «Қонақ» сөзінің синонимі қандай?

Балалар,сендер жаңа сөздерді онлайн сөздігі арқылы аударасыңдар,ал енді тексерейік.

 

Мәтінмен жұмыс:

Үйге келген мейманды — қонақ деп атайды. Үйге келген қонақтың міндетті түрде орындайтын ең бірінші шарты шаңыраққа сәлем беріп кіру. Қонақтар жасының үлкендігі мен мәртебесіне сәйкес төрден есікке қарай орналасады.. Қонақты үй иесінің өзі есікті ашып қарсы алады. Олар кетерде үй иесі есікті ашып, шығарып салса, бұл қонақтарды қуған болып саналады.

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Қазақтарда «Қонақпен еріп құт, ырыс,береке келеді» деген мәтелдер бар. Қонақты  үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.

Қонаққа ең алдымен қымыз, шұбат немесе айран, кейін сүтпен шай, бауырсақ, құрт ұсынған. Онымен қоса, жылқы мен қойдың етінен жасалған тағамдар – қазы, шұжық, жал-жая, сұрленген ет, қарта, қабырға әкелетін. Әр дастарханда міндетті түрде шелпек болатын. Дастархан көркі және әр қазақтың сүйіп жейтін тамағы ет.

Қонақтың түрлері

Арнайы қонақ Ол — әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-көлем, құда-құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.

Құдайы қонақ Бұлар – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп сапарында көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде қонақ.

1 топ.

Көп нүктенің орнына керекті сөзді қою

Үйге келген мейманды — қонақ деп атайды. Үйге келген қонақтың міндетті түрде орындайтын ең бірінші шарты шаңыраққа сәлем беріп кіру. Қонақтар жасының үлкендігі мен мәртебесіне сәйкес төрден есікке қарай орналасады.. Қонақты үй иесінің өзі есікті ашып қарсы алады. Олар кетерде үй иесі есікті ашып, шығарып салса, бұл қонақтарды қуған болып саналады.

Керекті сөздер:

Қонақ,өзі есікті ашып,төрден есікке,қонақтарды,сәлем беріп кіру.

 

2 топ

Сөздермен сөйлем құрастырыңдар

ішкен асын Қазақ халқы – ежелден қонақ десе жерге қоятын халық. жылы шыраймен Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, қарсы алып отырған. Қазақтарда   «қонақты қусаң – құт, ырыс қашады»,деген мәтелдер бар.  «Қонақпен еріп құт, ырыс, береке  келеді» .болған Қонақты  үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін .  мұны есту ұят, бетке шіркеуҚазақ үшін болған.


Оқушылармен әңгімелесу                                 жазбаша жұмыс

1-топ   Балалар, сенің үйіңе аяқ астынан қонақ келді, ал сен дайын емессің. Осы жағдайдан қалай шығасың?

(Оқушылар жауабы)

2-топ

Оқушылар шығып, түрлі ұлттық тағамдардың жасалу әдістерін айтып, көрсетеді.

Ұлттық тағамдар:

Бешбармақ, қуырдақ, қазы-қарта,бауырсақ, шелпек, құрт, қымыз, шұбат, наурыз көже.

 

3-топ

Оқушылар бір-біріне қонақтың үй иесіне алғыс айтқанындай тілек білдіреді

Қонақ, қонақжайлылық туралы қазақ мақал-мәтелдері.

 -Балалар бұл мақалдың мағынасы неде, қалай түсінесіңдер

 

Қонақ қойдан жуас. (момын)

Қонаққа бара білсең, шақыра да біл. (шақыра білу)

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады..(жақсы қонақ бақыт әкеледі)

Қонақ келсе- құт келер(жақсы қонақ береке әкеледі)

Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ(келген қонақты қарсы алады)

Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз..(жақсы көңілмен қарсы алу)

Негізгі сұрақтар топ бір-біріне қояды

1.Қонақжайлылық деген сөзді қалай түсінесің?

2.Үйгекелгенмеймандыкімдепатаймыз?

3.Келгенқонақтыкімқарсыалады?

4.Қандайқонақтыңтүрлерінбілесіңдер?

5.Еңалдыменқонаққақандайдәмұсынады?

6. Үйлеріңе қонаққа кімдер келеді?

7.Үй иесі қонақты тойдырмаса ол не істейді?

8. Қонақпен бірге  үйге не келеді?

9.қонақ келгенде не жайылады?

Грамматикалық тапсырма

Тақтамен жұмыс: Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып жазыңдар.

.....қонақсың, ....әдемі,....адаммын,....саяхатшылар,.....спортшысыз.

Керекті есімдіктер: сіз,ол,сен,олар,мен.

 

Шығармашылық жұмыс: есімдіктерді пайдаланып қонақжайлылық туралы 1.өлең,    2сөйлем, 3.сөз тіркес құрастыру

Өлең  құрастыру.

Қонақ  бізге келді,

Олар Төрге енді,

Мен дастархан жайдым

Шай оларға  бердім

 

 

 

 

Тест

1.Қонақжайлылық әдеті қай халыққа тән

 А) неміс халқынаӘ) қазақ халқына Б) башқұрт халқына

2. Дастарқанды немен толтырадыА) кітаппенӘ) қоржынменБ) түрлі тағамдармен

3. Қазақ халқы сыйлы қонақтарына не асады

А) етӘ) құртБ) сүт

4. Қонағын қалай қарсы алады

А) жамандапӘ) күтпейдіБ) жылы шыраймен

5. Күтпеген қонақты қалай айтады

А) сыйлы қонақӘ) құдайы қонақБ) арнайы қонақ

6.Үйге келген мейманды кім деп атаймыз

А) ұрпақӘ) балаБ) ) қонақ

7.Келген қонақты кім қарсы алады?

А) әйелі Ә) үй иесіБ) балалары

8.Ең алдымен қонаққа қандай дәм ұсынады

А) қымызӘ) тұзБ) су

9.Қонақпен бірге не келеді

А) жалғыздықӘ) ұятБ) құт,береке,ырыс

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.