Главное меню

  • К списку уроков
Ұлттық тағам
25.11.2015 591 110 Тыштыкаева Айнагуль Кадыркеновна

10 –сынып. Қазақтілі  сабағынан қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Күні: 23.11

Сабақ: 1

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық тағам

Сабақтың мақсаты:

Ұлттық тағам туралы әңгімелейді. Сөйлемдер құрайды. Топта бірігіп жұмыс істейді.

Оқудың нәтижесі:

Ұлттық тағам туралы әңгімелейді, сөйлемдер құрады, топта бірігіп жұмыс істейді.

Көрнекілігі:

Таныстырылымдар, түрлі-түсті фломастерлер,  стикерлер, кітап, ғаламтор.

Сабақтың барысы:

 

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыты

1-әрекет

Ұйымдастырукезеңі

 

 

Сәлемдесемін. Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.

-Бүгін сабақта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Бүгін аптаның қай күні?

Сәлемдеседі.

Оқу құралдарын дайындайды.

Берілген сұрақтарға жауап береді.

3 мин.

2-әрекет

Ынтымақтастық

атмосферасын орнату

Оқушылар алдымен өздерінің басынан оң қолымен сипап «Мен қандай жақсымын» деп айтады, содан кейін отырған көршісінің басынан сипап «Сен қандай жақсысың» деп айтады.

 

Оқушылар ойынның ережесін тыңдайды. Тапсырманы орындайды.

5 мин.

Топқа бөлу

 

 

 

 

 

Оқушыларды суреттердің көмегімен топтарға бөлемін. Топтағы оқушыларға міндеттерін естеріне салып, топ мүшелерінің қызметтерін өзара бөлгіземін. Топ ережесін естеріне саламын.

 

Оқушылар өз орындарына барып отырады, оқушылар міндеттерін өзара белгілеп алады.

 

3-әрекет

Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге берілген тапсырманы естеріне саламын.

Оқушылар қолдарын көтеріп, тақтаға шығып, жаттаған диалогтерін айтады.

7 мин.

4-әрекет

Өткен  сабақ пен байланыстыру.

Жаңа сабақ.

Миғашабуыл.

 

 

 

 

 

Өткен сабақтарда «Ұлттық тағам-қазақша ет. Мадақсөз.» тақырыбына өткен болатынбыз. Мына сұрақтарға жауап берейік:

Мадақсөз дегенімі не?

Мадақ сөзді қалай айтқанда сүйкімді болады?

Мадақсөз адамдардың бір-біріне несін танытады?

Қандай мадақсөздерді білесіңдер?

 

Берілген сұрақтарға жауап береді.

5мин.

5-әрекет

Таныстырылымдайындау.

 

 

 

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

Мәтінмен жұмыс: 2 топқа мәтінді бөліп беру, әр топ өз үзіндісі бойынша қысқаша аудармасын дәптерге жазады.

Оқушылардың топ ішіндегі міндеттерін орындауын қадағалаймын, бірігіп жұмыс істеуге шақырамын.

Әр топ өз тапсырмалары бойынша таныстырылым дайындайды және қорғауға дайындалады.

10мин.

Таныстырылымды қорғау

Сұрақ-жауап

 

Тізбектеп оқиды, 1 сөйлемнен аударады. Бір топтың тапсырмасын екінші топқа ауыстырамын. Әр топ көрші топқа сұрақтар құрастырады (4 сұрақтан)

 

Әр топ өз таныстырылымы аясында жұмыс жасайды. Өз сұрақтарын қойып, жауап алады. Өздеріне қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

6-әрекет

Сергітусәті

«Апельсин» ойынын ойнауға шақырамын

«Апельсин» ойынын ойнайды

3мин.

7-әрекет

Кластер

Алдын –ала жасалған кластер макеті таратылады І топқа «Сүт» тағамдарынан жасалған өнімдер, ІІ топқа «Ет» тағамдары. (кем дегенде 4 сөйлемнен жазу)

 

Оқушылар алдын-ала жасалған кластерді толтырады.

3мин.

8-әрекет

Ойды қорыту

 

Екі топқа бірдей мәтін таратылады. Осы мәтінен олар 10 мадақсөзді тауып жазулары керек. Содан кейн топтардың дәптерлері ауыстырылады тақтадан дұрыс жауаптарды бір-біріне тексереді.

Мәтінді алады. Мадақсөздерді дәптерлеріне тауып жазады. Келесі топқа өз дәптерлерін береді, олардың дәптерлерін тақтаға қарап тексереді.

3мин.

9-әрекет

Үйтапсырмасы

Карточкада 5 мақал-мәтел жаттап келуге беріледі

 

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.

2мин.

10-әрекет

Бағалау

Әр топтың бағалаушысынан, көрші топтың бағасын айтуын сұраймын.

Әр топтан бағалаушы тұрып, бағалау парағының көмегімен көрші топтағы оқушыларды бағалайды.

3мин.

11-әрекет

Рефлексия

Бір-біріне мадақсөз айту

Бір-біріне мадақсөз айтады

1мин.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.