Главное меню

  • К списку уроков
Саяхат нысаны-табиғат. Сабақты етістік және салт етістік
25.11.2015 1041 128 Тыштыкаева Айнагуль Кадыркеновна

11 – сынып. Қазақ тілі  сабағынан қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Күні: 29.10

Сабақ: 34-6

Сабақтың тақырыбы:

Саяхат нысаны-табиғат. Сабақты етістік және салт етістік

Сабақтың мақсаты:

Саяхат және табиғат туралы әңгімелейді. Сөйлемдер құрайды. Топта бірігіп жұмыс істейді.

Оқудың нәтижесі:

Саяхат және табиғат туралы әңгімеледі, сөйлемдер құрады, топта бірігіп жұмыс істеді.

Көрнекілігі:

Таныстырылымдар, смайликтер, интерактивтік тақта, стикерлер, кітап.

Сабақтың барысы:

 

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

 Уақыты

1-әрекет

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

Сәлемдесемін. Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.

-Бүгін сабақта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Бүгін аптаның қай күні?

Сәлемдеседі.

Оқу құралдарын дайындайды.

Берілген сұрақтарға жауап береді.

3 мин.

 

2-әрекет

Ынтымақтастық

атмосферасын орнату

Оқушылар бір қатар болып, бірінен кейін бірі тұрады. Ойынның ережесі түсіндіріледі. Оқушының арқасынан сипалап жақсы тілектер айтылады

Оқушылар бір қатар болып, бірінен кейін бірі тұрады. Ойынның ережесін тыңдайды. Тапсырманы орындайды.

5 мин.

Топқа бөлу

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды мақал –мәтелдерді жинау арқылы топтарға бөлемін. Топтағы оқушыларға міндеттерін естеріне салып, топ мүшелерінің қызметтерін өзара бөлгіземін. Топ ережесін естеріне саламын.Сабақтың тақырыбын мәтінмен жұмыс істегенде пазл ретінде ашамыз деп түсіндіремін. Бағалау критерилерін түсіндіремін

Оқушылар өз орындарына барып отырады, оқушылар міндеттерін өзара белгілеп алады.

 

3-әрекет

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

Үйге берілген тапсырманы естеріне саламын.

Оқушылар қолдарын көтеріп, тақтаға шығып, дайындап келген презентацияларын топтармен  қорғайды.

7 мин.

4-әрекет

Өткен сабақпен байланыстыру.

Миға шабуыл.

 

 

 

 

 

 

Өткен сабақтарда «Қала бақ» тақырыбын өткен болатынбыз. Мына сұрақтарға жауап берейік: І топқа

1. Алматы қаласын қалай атайды?

2.Алматы туризімінің ерекше қызықтыратыны не?

3. Ілік септігінің сұрақтарын ата?

4. Тәуелдік жалғаулы сөздердің септелуін қалай атайды?

5. Алматылықтар өз қалаларымен қалай мақтан етеді?

ІІ топқа

1.      Алматыда қандай тау өзендері бар?

2.      Түнгі алматы қандай?

3.      Ілік септігінің жалғауларын атаңдар.

4.      Жай септеу қалай септеледі?

5.      Алматының саябақтары  мен шоқ тоғайлары және бақтары қанша гектар жер аумағын алады?

Берілген сұрақтарға жауап береді. Өтілген тақырыптарды пысықтайды.

5мин.

5-әрекет

Таныстырылым дайындау.

Жаңа сабақ

 

 

 

1.Сызба бойынша ережемен таныстырамын. Дәптерлеріне жазғызамын.

2. Бүгінгі сабақта қандай жаңа сөздермен жұмыс жасайтынымыз жайлы таныстырып, жаңа сөздермен тапсырмалар орындаймыз.Сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.

3. Мәтінмен жұмыс: 2 топқа мәтінді бөліп беру, әр топ өз үзіндісі бойынша мазмұндайды.

Оқушылардың топ ішіндегі міндеттерін орындауын қадағалаймын, бірігіп жұмыс істеуге шақырамын.

Әр топ өз тапсырмалары бойынша таныстырылым дайындайды және қорғауға дайындалады.

10мин.

Таныстырылымды қорғау

 

Оқушыларды тақтаға шақырамын.

Бір топтың тапсырмасын екінші топқа ауыстырамын. Әр топ көрші топқа сұрақтар құрастырады

Ал енді балалар сабақтың тақырыбын ашамыз.

Әр топ өз таныстырылымы аясында әңгімелейді.

Өз сұрақтарын қойып, жауап алады. Өздеріне қойылған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар пазлды жинап сабақтың тақырыбын ашады.

 

6-әрекет

Сергіту сәті

 

«Көкөніс-жидек»ойынын ойнауға, балаларды шақырамын. Ойын шартымен таныстырып, бір рет жаттығып аламыз, содан кейін ойнымызды бастаймыз.

«Көкөніс-жидек» ойынын ойнайды

3мин.

7-әрекет

Жазбаша тапсырма

 

Оқулықтың 66 бетінде 4 тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктердің сабақты немесе салт етістік екенін анықтаңдар, көшіріп жазыңдар.

Оқушылар тапсырманы көшіріп жазып. 2 сөйлемнен оқиды.

3мин.

8-әрекет

Ойды қорыту

 

Ал енді балалар бүгінгі сабақты қорытайық. Тақырып бойынша не білдіңдер? Бір –біріңе сұрақ қоюға да болады.

Сабақта айтылған сөйлемдерді айтып, әңгімелейді. Сұраққа жауап айтады.

3мин.

9-әрекет

Үй тапсырмасы

66 бет 5 тапсырма Төменде берілген біріккен сөздермен сөз тіркесін жасап, сөйлем құрастырыңдар.6 сөз тіркесі және 6 сөйлем болуы керек.

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.

2мин.

10-әрекет

Бағалау

Әр топтың бағалаушысынан, көрші топтың бағасын айтуын сұраймын.

Әр топтан бағалаушы тұрып, бағалау парағының көмегімен көрші топтағы оқушыларды бағалайды.

3мин.

11-әрекет

Рефлексия

Өз ойларын жазуды сұраймын.

Стикерге өз ойларын жазып, смайликтерге жапсырады.

1мин.

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.