Главное меню

  • К списку уроков
"Қазақ халқының сал-дәстүрлері" жлбалау технологиясы бойынша сабақ жоспары
18.11.2015 967 105 Сәрсенбаева Айсұлу Бахтиярқызы

Мектеп: «Мектеп-лицей» КММ Лисаков қаласы

Мұғалім: Айсұлу Бақтиярқызы Сәрсенбаева

Пән: қазақ тілі

Сынып: 10 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері.  

Сабақтың мақсаты:

а) БІЛІМДІЛІК: тақырып төңірегінде оқушылардың білімдерін кеңейту .

ә)ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың жоба жасау талаптарымен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

б) ТӘРБИЕЛІК: қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Жоба қатысушылары:  10 «А» сынып оқушылары.

Жобаны орындалу мерзімі: 2 апта.

Жобаның типі: ұзақ мерзімді, топтық, шығармашылық.

Жобаның өнімі: жарнама плакаты, презентация, бейнефильм, фотоколлаж.

Негізгі сұрақ: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін не үшін білу керек, қазіргі уақытта олар пайдаланады ма және қажетті ме?

Жобаның мақсаты: Жоба арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат беру.                                                                                                                             

Шығармашылық топтар:

1.     Шілдехана тойы

2.     Бесікке салу тойы

3.     Қырқынан шығару тойы

4.     Тұсау кесу тойы

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, отырғызу.

2.Тіл дамыту кезеңі.

Оқушылар берілген тірек-сөздер арқылы сұрақтарды құрастырып бір-біріне қояды.

Мысалы:

Мектеп – Сен қай мектепте оқисың? немесе Сен оқыған мектеп қайда орналасқан? және т.б.

Тірек-сөздер: мемлекет, қыс, мемлекеттік тіл, мереке, ұлт, дәстүр, ақын, заң, үй, ауа райы, астана, ғалым, мақал.

3.Қызықтыру кезеңі

Кілтті сөздер: салт-дәстүр, тойлайды, қонақ, көңілді,

Еркін жазу стратегиясы арқылы кілтті сөздерді қолданып, шағын әңгіме жазу.

Жазып болғаннан кейін шығарманы тақтаға шығып, авторы орындығы арқылы оқу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Мұғалім ең алдымен нұсқаулы карточкаларды үлестіреді, оларды қалай толтыруға түсіндіреді.

Оқушылар сабақ бойы нұсқаулы карточкаларды толтырады.

4.Жобаның ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылар төрт топқа бөлінеді (күн бұрын бөлініп отырады).

- Жобаның тақырыбы анықталады.

- Әр топ алдын ала өз тақырыбын таңдап алады.

1топ - Шілдехана тойы

2топ - Бесікке салу тойы

3топ - Қырқынан шығару

4 топ - Тұсау кесу тойы

- Әр топ өз мақсатын қояды.

Керекті сөздер: түсіндіріп беру, айтып беру, түсінік беру.

Мысалы:

1 топтың мақсаты – Шілдехана тойы туралы түсіндіріп беру.

2 топтың мақсаты – Бесікке салу дәстүрі туралы айтып беру.

3 топтың мақсаты – Қырқынан шығару салт-дәстүрі  туралы  толық мағлұмат беру.

4 топтың мақсаты – Тұсау кесу тойы туралы туралы түсінік беру.

Мұғалім бағалау парақтарын үлестіреді және нұсқама өткізеді

5.Жобаның құрылымдылық кезеңі

Мұғалім оқушылармен бірге нұсқаулы карточкаларды толтырады.

Жоспардың бірінші, екінші кезеңдері алдын ала жасалады.

Оқушылар нұсқаулы карточкаларды толтырады:

Жоспар құрастырады.

1.Ақпаратты жинау:

а) интернетті қолдану;

ә) энциклопедияны қолдану;

б) түрлі анықтамаларды, кітаптарды қолдану.

2.Топта міндеттерді бөлу:

а) ақпаратты, тапсырмаларды іздеу;

ә) суреттерді, фотоларды жинау;

б) қосымша материалдарды (мақалдарды, өлеңдерді, жұмбақтарды)  жинау;

в) шығармашылық материалды іздеу.

3.Жобаны жасау:

а) жобаның түрін анықтау;

ә) жобаның тұсаукесерін дайындау.

4.Жобаны қорғау.

5.Жобаны бағалау.

6.Технологиялық кезеңі.

Жобаны қорғау.

Оқушылар күн бұрын дайындалған материал арқылы жобаны қорғайды (әр топ жобаны 2  минут қорғайды).

1 топ өз жобасын қорғап болғаннан кейін, оқушылар және мұғалім бағалау парақтарын толтырады.

Практикалық бөлім:

1-ші тапсырма – аудармашылар

Берілген мәтінді онлайын сөздіктерді пайдаланып қазақ тіліне аудару – 3 минут.

2 топ өз жобасын қорғап болғаннан кейін, оқушылар және мұғалім бағалау парақтарын толтырады.

Практикалық бөлім:

2-ші тапсырма – тілшілер

Жоба бойынша тақырыпқа сай сұрақтарды құрастырып бір топқа қойылады.

Мысалы:

1топ - Шілдехана тойы

-         Шілдехана қандай дәстүр?

-         Бұл дәстүр нені білдіреді?

-         Шілдехананы қашан өткізеді?

-         Бұл дәстүрді кім жасайды?

3 топ өз жобасын қорғап болғаннан кейін, оқушылар және мұғалім бағалау парақтарын толтырады.

Практикалық бөлім:

3-ші тапсырма – ақындар

Берілген жобаның тақырыбы бойынша бес жолды өлеңді құрастыру

4 топ өз жобасын қорғап болғаннан кейін, оқушылар және мұғалім бағалау парақтарын толтырады.

Практикалық бөлім:

4-ші тапсырма – құттықтау хатты жасау (компьютер ақылы)

7. Бағалау.

Бағалау парақтар бойынша оқушылардың жұмысын бағалау

  

Сабаққа өзіндік талдау

 

Мектеп: № 6 орта мектебі

Мұғалім: Айсұлу Бақтиярқызы Сәрсенбаева

Пән: қазақ тілі

Сынып: 10 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері.  

Жоба қатысушылары:  10 «А» сынып оқушылары.

Жобаны орындалу мерзімі: 2 апта.

Жобаның типі: ұзақ мерзімді, топтық, шығармашылық.

Жобаның өнімі: жарнама плакаты, презентация, бейнефильм, фотоколлаж.

Негізгі сұрақ: Қазақ халқының салтдәстүрлерін не үшін білу керек, қазіргі уақытта олар пайдаланады ма және қажетті ме?

Жобаның мақсаты: Жоба арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат беру.                                                                                                                             

 

Сабақ тіл дамыту кезеңінен басталды. Бұл кезеңнің мақсаты – берілген тірек-сөздер бойынша оқушыларды өз бетінше сұрақтарды құрастыруға үйрету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін кілтті сөздер мен еркін жазу стратегиясы қолданылды. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушыларды өз бетінше сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауға үйрету. Жазбаша жұмыс арқылы оқушылардың тілдерін дамыту және шағын эссе жазуға үйрету.

Жобалап оқыту технологиясы арқылы жұмыс жасау – бұл кезеңде оқушылар жобаның тақырыбын, мақсатын, жоспарын жеке карточкаға толдырады және жобаны қорғауға дайындалады. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушыларды өз бетінше жобаның тақырыбын тандауға, мақсатын қоюға үйрету. Жобаны қорғау кезеңінде оқушылар бір-бірін бағалау парақтары арқылы бағалайды. Практикалық бөлімінде берілген тапсырмаларды орындады. Бірінші тапсырманы - онлайын сөздігін қолданып мәтінді аударады. Бұл тапсырманың мақсаты – интернет қорларын пайдалану және сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Екінші тапсырма – берілген тақырып бойынша сұрақтарды құрастыру және бір-біріне қою, бұл тапсырманың мақсаты оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Үшінші тапсырма бес жолды өлең құрастыру. Бұл тапсырманың мақсаты өткен тақырып бойынша қорытынды жасауға үйрету.

Қорытынды: сабақ үстіндегі психолгиялық атмосферасы жақсы жағдайда, мұғалім мен оқушылар, оқушылар бір-бірімен бірігіп жұмыс істеді.

Сабақтың нәтижесі қанағаттанаралық. Сабақтың мақсатың құру жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік туды.

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.