Главное меню

  • К списку уроков
"Шоқан Уәлиханов. Киіз үй" ашық сабақ
18.11.2015 883 121 Сәрсенбаева Айсұлу Бахтиярқызы

Мектеп: Лисаков қаласы, «Мектеп-лицей» КММ

Мұғалім: Айсұлу Бақтиярқызы Сәрсенбаева

Өткізілетін күн: 26.11.2014

Пән: қазақ тілі

Сынып: 9 «А»

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов. Киіз үй.                                                                                                                    

Сабақтың мақсаты:

а) БІЛІМДІЛІК: киіз үйдің құрылуы  туралы  тақырып төңірегінде оқушылардың білімдерін кеңейту .

ә)ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың таным белсенділігін, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, оқыту, сұрақтарға жауап беру, сөйлеу әрекетін, көру, есте сақтау қабілетін дамыту; оқушылардың сөздік қорын байыту.

б) ТӘРБИЕЛІК: халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге, әдептілікке, достыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтары біріктірілген сабақ.

Сабақта қолданылатын технологиялар: RWCT, жабалап оқыту, ақпаратты-коммуникативті технологиялары арқылы жоспарлаған сабақ.кілтті сөздер, еркін жазу, түртіп алу, бес жолды өлең.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер, суреттер.                                                                                                                             

 

Сабақтың барысы

 

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, отырғызу.

Араб графикасы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. (Ш.қ.н ..л.х.н.в. К..з .й.)                                                                                                           

Сабақтың тақырбы мен мақсатымен таныстыру.

2. Тіл дамыту кезеңі.

- Берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап өткізу. Сұрақтарды бір-біріне қойып, жауап береді.

Кілтті сөздер: салт-дәстүр, мектеп, отбасы, мемлекет, сабақ, қонақ, үлкен, бата.

3.Қызықтыру.

Қазақ әдебиеті - әдебиет теориясы.

Жоба технологиясы арқылы алдын-ала дайындалған жобалардың тұсаукесерін өткізу, оқушылардың жобаларын бағалау.

1 топ – Шоқан Уәлиханов – ғалым. (Староверова Д., Кудабаева К., Кощеева Е., Лисник А.)

2 топ – Шоқан Уәлиханов – жазушы, суретші. (Маркова К., Неустроева А., Ресенчук Ю., Назаров М.)

Жобалардың қортыныдысын шығару.

Әрбір топ бір-біріне сұрақ қойып, жаңа ақпаратты қабылданғанын анықтайды.

«Шоқан – ғалым» және «Шоқан – жазушы» сөз тіркестеріне бес жолды өлең құрастыруға үйрету.

1.сөз

2.2 сын есім (қандай?)

3.3 етістік (не істейді?)

4.4 сөзден құрылған сөйлем

      5. жалпы мағынасын білдіретін сөз

4.Мағынаны ажырату.

Қазақ тілі – мәтінмен таныстыру.

INSERT стратегия арқылы мәтінді оқу, мағынасы түсініксіз сөзді белгілеу.

Оқушылар берілген мәтінді оқиды, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілейді.

Компьютерде «Киіз үй» мәтіні деген файлмен жұмыс.

Жаңа сөздер:

бейімделген – приспособлен

жүк – груз, вьюк, поклажа

артылмайды – небольше

тор көз – ячейки, сети

іргесін қамтиді – создают основу

ағаш қаңқасы – деревянная основа

қымтайды – закрывает,  укрывает

қайыс баулар – сыромятная веревка

бекітіліп – укрепляются

байлау – связать, завязать

ұшталған – заточенный, заостренный

шаңырақтың бүйіріндегі – боковая часть шаңырака

тесік – отверстие

қасиет – священность

бақа – лягушка

шаян – скорпион

ұсақ – мелкие (-ий)

бөгет болады – является (служит) препятствием

Жаңа сөздермен танысу:

-         сөздерді оқу және аудару;

-         сөздерді хормен және жеке қайталау;

-         жаңа сөздермен жай сөйлемдерді құрастыру.

Мысалы:

Киіз үйді желден, қардан қымтайды.

Киіз үйдің қаңқасы – кереге, уық, шаңырақ, есік.

Ши – бұл киіз үйдің қасиеті.

Мәтінмен жұмыс:

-         мәтін бойынша берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аудару;

-         мәтін бойынша берілген сөйлемдерді орыс тіліне аудару;

-         мәтін бойынша сұрақтарды құру, бір-біріне қою;

-         берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын айтып беру.

Қазақ әдебиеті.

Әдебиет теориясы.

-         Күнделік – публицистикалық шығарма түрі. Жазушының өз көзімен көріп-білген жайларын есте сақтау үшін жазатын жанр.

-         Эссе – көркем әдебиет жанры, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Қазақ әдебиеті – шығармаға талдау жасау.

Шығарманың талдауын жасау:

1. Шығарманың атауы –

2. Шығарманың авторы –

3. Шығарманың жанры -

4. Шығарманың тақырыбы –

5. Шығарманың негізгі идеясы –

6. Шығарманың тәрбиелік мәні -

 

Қазақ тілі – практикалық жұмыс жасау.

 

Дәптермен жұмыс.

Қарашаның жиырма алтысы.

Сынып жұмысы.

Киіз үй.

-         Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау:

Қазақтардың үйі көшпелі тұрмысқа бейімделген.

Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен құралады.

Шаңырақ  қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады.

-  Ойын  - берлген сөздердің дұрыс аудармасын табу.

-  Тест арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.

- Құзыреттілік тапсырманы орындау (жеке карточкалармен жұмыс).

5. Ой толғанысы.

Қазақ тілі

Венн диаграмма арқылы қорытынды шығару.

Киіз үй мен орыс халқының үйін салыстырып, ұқсатыққ пен айырмашылығын анықтап, дәптерге жазу.

Ұқсастығы – қазақ халқының және орыс халқының баспанасы, ағаштан жасалады, көлемі шағын, ортасында ошағы бар, ортасында пеші бар, ішкі көрінісі – ағаш төсек, сандық, ыдыс-аяқ.

Айырмашылықтары – шаңырағы, керегесі, уықтары, есігі бар,  төбесі, қабырғасы, терезесі, есігі бар, пішіні шеңбер, төрт бұрыш.

6. Үй тапсырмасын беру.

Оқушыларды күнделіктерді ашып, үй тапсырмасын жазады – Әдеби терминдерді жаттау, киіз үй туралы мәтіннің мазмұнын айтып беру.

7. Бағалау.

Оқушылар бағалау парақтары арқылы сабақ бойы бір-бірін бағалап, сабақтың сонында қорытынды шығарады.

Оқушылар түрлі-түсті стикерлермен мұғалімнің жұмысын бағалайды.

Сабаққа өзіндік талдау

 

Мектеп: «Мектеп-лицей» КММ

Мұғалім: Айсұлу Бақтиярқызы Сәрсенбаева

Пән: қазақ тілі

Сынып: 9 «А»

Сабақтың мақсаты:

а) БІЛІМДІЛІК: киіз үйдің құрылуы  туралы  тақырып төңірегінде оқушылардың білімдерін кеңейту .

ә)ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың таным белсенділігін, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, оқыту, сұрақтарға жауап беру, сөйлеу әрекетін, көру, есте сақтау қабілетін дамыту; оқушылардың сөздік қорын байыту.

б) ТӘРБИЕЛІК: халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге, әдептілікке, достыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтары біріктірілген сабақ.

Сабақта қолданылатын технологиялар: RWCT, жабалап оқыту, ақпаратты-коммуникативті технологиялары арқылы жоспарлаған сабақ.кілтті сөздер, еркін жазу, түртіп алу, бес жолды өлең.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер, суреттер

 

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін араб графика техникасы қолданылды. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушыларды өз бетінше сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауға үйрету.

Сабақты дамыту кезеңі жалғастырды. Бұл кезеңнің мақсаты – берілген тірек-сөздер бойынша оқушыларды өз бетінше сұрақтарды құрастыруға үйрету.

Жобалап оқыту технологиясы арқылы жұмыс жасау – бұл кезеңде оқушылар жобаның тақырыбын, мақсатын, жоспарын жеке карточкаға толдырады және жобаны қорғауға дайындалады. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушыларды өз бетінше жобаның тақырыбын тандауға, мақсатын қоюға үйрету. Жобаны қорғау кезеңінде оқушылар бір-бірін бағалау парақтары арқылы бағалайды. Практикалық бөлімінде берілген тапсырмаларды орындады. Бірінші тапсырманы - онлайын сөздігін қолданып мәтінді аударады. Бұл тапсырманың мақсаты – интернет қорларын пайдалану және сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Екінші тапсырма – берілген тақырып бойынша сұрақтарды құрастыру және бір-біріне қою, бұл тапсырманың мақсаты оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Үшінші тапсырма бес жолды өлең құрастыру. Бұл тапсырманың мақсаты өткен тақырып бойынша қорытынды жасауға үйрету.

Қорытынды: сабақ үстіндегі психолгиялық атмосферасы жақсы жағдайда, мұғалім мен оқушылар, оқушылар бір-бірімен бірігіп жұмыс істеді.

Сабақтың нәтижесі қанағаттанаралық. Сабақтың мақсатың құру жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік туды.

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.