Главное меню

  • К списку уроков
5 сынып. Сабақ тақырыбы: Денсаулық – зор байлық
16.11.2015 1569 163 Юсупова Шолпан Смагуловна

 Қазақ тілі


Мақсаты:Білімділік: Балалардың алдыңғы алған білімдердін қайта жаңғырту.

Дамытушылық: окушылардың ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, сөздік қорын салыстыра білім, қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Дені сау, шыныққан білім азамат тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: әңгіме-сұхбат, түсіндіру, сөздік, тапсырма, талдау, сұраққа-жауап.

Сабақтың көрнегелі: кесте, суреттер, оқулық, интерактивті тақта.

Оқыту формасы: жеке-дара, жұптық, топтық.

 Сабақтын барысы.

1.Сәлемдесу. Денсаулық – терең бақыт демекші бүгінгі біздің тақырыбымыз «Денсаулық – зор байлық». Осы тақырыпты ашу үшін біз саяхатқа шығамыз. Саяхытымызда әр түрлі аялдамалар бар. Келесі аялдаман өту үшін ондағы тапсырмаларды орындап кетуіміз керек.

Қане, балалар, тұрамыз.

Үлкен шеңбер құрамыз.

Ойын өткізу «Біз саяхатқа шығамыз»

2. Оқушыларды топқа бөліну. Топтық атауы, топбасшының сайлау

I-топ «Тазалық»

II-топ «Дәрумен»

III-топ «Спорт».  Бағалауды түсіндіру. «Өзі өзінің бағалау», «өзара бағалау» «Мұғалімнің бағалау»

Ал енді  жұмыс бастайық .Біздер тату тұрамыз,Гүл-гүл жайнап боламыз,Белсенділік танытсақ,бестіктер көп аламыз.

I аялдама. Жаңа сөздермен жұмыс.  

Қоғам-общество                       

Байлық-богатство

Денсаулық –здоровье

 Қимыл-движение

Өмір -жизнь

Салауатты   өмір салты-здоровый образ жизни

Сергек-бодрый

Қажыр-сила  мощь

Қайратты-энергичный

Құштарлық-увлеченность

Сүюге үйретеді –учит  любить                                     

II аялдама. Мәтінмен жұмыс.Мәтінді оқып,аударыңдар.Сұрақтарға жауап беріңдер.

Қоғамның  басты байлығы-адам.Адамның басты байлығы- денсаулық.Ал денсаулықты байытатын қимыл- қозгалыс.Қимыл- қозғалыс дегеніміз дене тәрбиесі.Сондықтан спорт өмірге өте қажет.Спортпен айналысқан адам өзін сергек сезінеді,спорт салауатты  өмір салты.Ол қажыр, қайратты қажет етіп,

Өмірге

 құштарлыққа арттырады,яғни спорт өмірді сүюге үйретеді.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

Адамның басты байлығы не?

Адамның  денсаулыкты не байытады?

Қимыл-қозғалыс дегеніміз не?

Өмірге  не қажет?

III аялдама. Топтық жұмыс.

1 -  тапсырма

«Тазалық» сөзінің мағынасын  қалай түсінесіңдер.

2 – тапсырма

Тамақтану әдебин қалай сақтауға болады

3  -  тапсырма

Спорт тақырыбына монолог құрастырыңдар.

IV аялдама. Сергіту минута.

Орнымыздан түрамыз

Мойынымызды бұрамыз

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып- - жұмамыз.

Онан соң төмен түсіріп

Алақанды соғамыз.

Иықты артқа ысырып

Басты төмен саламыз.

Жаттығу жасап осылай

Үлкен боп ертең шығамыз.

V аялдама. Осы тақырыпқа байланысты өткен сабақта сендерге үй тапсырмасына мақал – мәтелдер, жұмбақтар, өлеңдер жаттауға бергем. Сондықтан әр топтан бірнеше баланы тыңдайық.

1-ші оқушы: Қол жиі ластанар

Сондықтан істің әр

Жу қолды соңында

Жу тамақ алдыңда

Жу тамақ жеген соң

Жу ойнап келген соң.

2-ші оқушы. Құлағынды сау сақта

Іші кіреп кетпесін

Оған күтім, сеп тисін

Сабын жағып саусаққа

Жусаң жақсы естисің.

3-ші оқушы: Үстел басында, партада

Ережені сен сақта.

Оқып, жазған шақтарда,

Жарық болсын сол жақта.

4-ші оқушы: Теледидар, компьютер

Ұзақ көріп ойнама.

Жүрсең көзді ойға ала.

5-ші оқушы: Жақсыдан уйрен – жаманнан жирен.

6-ші оқушы: Денсаулық – зор байлық.

7-ші оқушы: Олақтан салақ жаман.

VI аялдама.

Балалар біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

Олай болса, балалар, денсаулықтың  достарын айтайықшы: кластер жасау.

Рефлексия. Стикермен жұмыс.

Оқушыларды бағалау.

 Үй жұмысы: Жаңа сөздерді жаттау, шығарма жазу «Денсаулық - зор байлық»

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.