Главное меню

  • К списку уроков
7 сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: «Қонақ келсе- құт!»
27.10.2015 1066 127 Умарова Назгуль Сейпатталовна


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға қонақжайлықтың мәнін, қонақ күтуге байланысты рәсімдерді түсіндіру.

2.Оқушылардың салт-дәстүр, қонақ күтуге байланысты түсініктерін дамыту.

3.Оқушылардың бойына қонақжайлық қасиетін қалыптастыру, салт-дәстүрге деген мақтаныш сезімін оятуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, табақшалар, суреттер, үнтаспа.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  ойын, сұрақ, жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Үй жұмысын тексеру.

Тұсау кесу рәсімі кезінде баланың болашақта кім болатынын анықтау үшін бірнеше затты алдына қойып, таңдатқан, алған затына қарап кім болатыны жобаланған. (ақша, кітап, домбыра, найза).

Ақшаны алса-бизнесмен болады;

Кітап алса-оқымысты;

Домбыраны алса -әнші, күйші;

Найза алса – елін қорғайтын жауынгер болады деп шешкен.

Енді өз отбасыларыңда қандай салт-дәстүрлер барын кім айтады?

Жаңа сабақ:  «Қонақ келсе –құт».

Қ. Мырза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» деген өлеңінде былай делінген:

Қазақ осы – ашық-жарқын қабағы,

Қонақ келсе, шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

деп ақын Қадыр Мырзалиев өлеңінде өрілгендей, халқымыздың осынау бір асыл қасиетті- қонақжайлығы қазақтың өзіндік бір ерекшелігі, ежелгі ата салты. Біз – қонақжай халықпыз. Қонақжай халық ұрпағымыз. Қонаққа барғанды ұнатамыз. Қонақ күтуді жақсы көреміз. Қонақ келсе бар тәттімізді, жылы-жұмсағымызды, оң қабағымызды тарту етеміз.

Ал сол қонағымыз кім өзі?

 «Қонақ»  деген сөзді естігенде туындайтын ассоциация қандай?

(интербелсенді тақтада)

 

гүл                                                                              ән салу

домбыра тарту                             туған күн             тілек

                                                         қонақ                 би билеу

дастарқан жасау                             мереке                 сыйлық

Ендеше келген қонақтарға шашу шашайық. Кәмпиттердің ішінде оқушыларға арналған тапсырмалар бар. 2 Тапсырманы орындау.

Шашу шашу, бата беру, қонақ күту, домбыра тарту, сүйінші сұрау, сыбаға сақтау, дастарқан жаю, көрімдік беру   осы сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру.

Қонақта ойын да ойнайды, біз бүгін «Орамал тастау» ойынын ойнаймыз.

Тапсырмалар:

1.     3 тапсырмадағы 1-2 сөйлемдерді жазу.

2.     3 тапсырмадағы 3-4 сөйлемдерді жазу.

3.     3 тапсырмадағы 5 сөйлемді жазу.

4.     Сергіту сәті «Сөйлемдерді аяқтаңдар»

5.     Қонақ туралы мақал-мәтелдерді теру.

6.     «Қонақ келсе, құт болады» деген мақалға математикалық тәсілмен фонетикалық талдау жасаңдар.

7.      «Қонақтарды сипаттау» ойыны.

8.     «Қонаққа табақ тарту»  Әр топқа кішкене табақшаларға кеспелер салынады. Онда түрлі мүшелер, жіліктер атауы жазылған.

 

Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, мағынасын ашу.

Қуаныш иесінің көңілін көтеру үшін жасалатын ырым

 

Қуанышты хабарды жеткізу үшін айтылатын сөз

 

Қысқы соғымнан сақталатын ет

 

Қуаныш кезінде шашылатын құрт-кәмпит, күміс теңге

 

Ақ тілеудің белгісі

 

Сүйінші

 

Шашу

 

Бата

 

Сыбаға

 

Көрімдік

 

Сабақты бекіту кезеңі:

Қонақта ән де айтады, ендеше ән айтыңдар, бұл әнді тек дауысты дыбыстармен ғана айту керек.

Үйге:  батаны жаттау.

Төмендегі алғыс сөздердің қайсысын естіп жүрсіңдер?

Тәңір жарылқасын!

Құдай берсін!

Алла риза болсын!

Жақсылығың алладан қайтсын!

Жортқанда жолың болсын!

Бақытты бол!

Бағың жансын!

Көп жаса!

Қосағыңмен қоса ағар!

Талабың оң болсын!

Ұл тап!

Қазаның орта болмасын!

Екі дүниенің қызығын көр!

Қатарыңның алды бол!

Оқушылардың білімін бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.