Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Әженің әлдиі. Сынып: 7.
26.10.2015 948 164 Ерменова Майра Томановна

Сабаққа түсініктеме

 

7-ші сыныпта қазақ тілінен бағдарлама бойынша «Әженің әлдиі» тақырыбын өтеміз. Әр адам «әже» сөзін естігенде, балалық шағын, өз әжелерің еске түсіреді. Әжелеріміздің аяулы алақаны, тәп-тәтті бауырсықтары көз алдымызда. Сондықтан осы сабақты жоспарлағанда, мен біріншіден Әл-Фараби сөзін басшылыққа алдым. Ол былай жазған: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі.» Сабақтың басымды мақсаты-тәрбиелік. Тағы да бір ескеретін жай-үш деңгейлі курстарды аяқтағандықтан, сабақтағы жұмыс көбінесе топтық формасы арқылы өтеді. Жоспардың 4-ші бағанасында сабақтың әр кезеңінде қолданылған модульді көрсеттім.

 

Сабақтың барысы:

Сынып:   7

Сабақтың тақырыбы: Әженің әлдиі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығын еске түсіріп, оның әжесі Зере туралы әңгімелеу, оған мінездеме беру және де әжелердің немерелерін тәрбиелеуде зор маңызын түсіндіру

Дамытушылық: сөздік қорын байыту, лексикалық тақырып бойынша ауызекі және жазба сөйлеу тілін дамыту

Тәрбиелік: қазақ отбасындағы әжелердің ерекше әсерін көрсету, жасөспірімдерді әжелерді құрметтеуге, бағалауға  тәрбиелеу, топтық жұмыс арқылы өзара көмек көрсету, бірін-бірі сыйлау дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:  тақырыпқа сай суреттер, Қарақаттың «Асыл әже» әні

 

«Ақ сүт берген аналардың анасы-әже.                                                                               

Әженің әңгімесін, ақылын тыңдау,                                                                                      

ертегісін есту, өнегесін үйрену-                                                                                       

ұрпақ үшін үлкен міндет»


Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.