Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Бақылау жұмысы» 10 сынып
12.10.2015 1454 0 Шенгельбаева Калима Айтмукановна

Сабақтың мақсаты:  оқушылардың 1 тоқсанда өткен тақырыптар  бойынша білімін тексеру, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды дұрыс және сауатты қолдануын қадағалау.

Күтілетін нәтиже: оқушылар өткен  лексикалық және грамматикалық тақырыптар бойынша  меңгерген өз білімдерін  дұрыс қолданып көрсете алады.

Әдістері: миға шабуыл, жек жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.  Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабқтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Бақылау жұмысы.

1.     Сұрақтарға жауап жаз.

·        Әл-Хорезми қайда дүниеге келген?

·        Аристотель кім?

·        Пифагор қарастырған ғылымның төрт саласын жаз.

·        Қазақ халқы қонақты қалай қарсы алған?

·        Қазақ халқы қонақтарды қалай бөлген?

·        Алаш ханның атымен байланысты қандай дәстүр бар?

·        Қонақты не себепті ерте шақыру керек?

·        Дастарқан басында өзін дұрыс ұстай білу ережесінің қажеттілігі неде?

·        Бюджет дегеніміз не?

·        Отбасылық бюджет неден құралады?

2.     Төмендегі  сөздерді жай және тәуелді түрде септеңдер.

Оқушы, ғылым, қонақ, сыбаға.

3.     Мына сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырыңдар.

Жанұя, әуежай, Көкшетау, Алатау, әке-шеше, жан-жануар, ыдыс-аяқ.

4.     Етістіктерді үш шақта жіктеңдер.

Шақыру, жоспарлау, көмектесу, тырысу.

ІІІ. Сабақты қортындылау.  Оқушылардың жұмыстарын тексеруге жинап алу.

Үйге тапсырма:  38 бет. Мақалдардың  мәнін түсіндіру.