Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Менің жеке бюджетім» 10 сынып
12.10.2015 1987 0 Шенгельбаева Калима Айтмукановна

Сабақтың мақсаты:  Түсініп оқу, оқылған мәтіннің негізгі ойын және өзіне қажетті мәліметті таңдап алып, қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Мәтінмен  жүйелі жұмыс істейді, керекті мәліметті таңдап алады, жай және тәуелді септеулерді еске түсіріп, орынды  қолдана алады.

! Модульдер: ЖАДА жұмысы. Қайталап сұрақ қою. СТО, АКТ, диалогтік оқыту

Белсенді жұмыс түрлері:  Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, Топқа бөлу, интербелсенді тақтаны түсіндіру құралы ретінде қолдану. Диалог, миға шабуыл, ассоцияция жасау, деңгей лік тапсыр малар орындау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.  Отшашу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.  №10,11 тапсырмалар.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  

Мәтінмен жұмыс.

1.     Оқушылар  өз беттерімен мәтінді оқиды.

2.     Түсінбеген сөздердің мағынасын көршісінен сұрайды.

3.     Мәтінді түсініп оқиды. (өздігінен аударады)

4.     Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап береді.

5.     №2 тапсырма. Сөйлемдердің  сыңарын мағыналарымен  сәйкестендіру.

6.      №3.  Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу.

7.     №4.  Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастыру.

 

IV. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия.  Сабақта нені үйрендім? Нені түсінбедім?

Үйге тапсырма.  44 бет.№4 Берліген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру.