Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Қайталау. Қатемен жұмыс» 10 сынып
12.10.2015 1007 0 Шенгельбаева Калима Айтмукановна

Сабақтың мақсаты:  Тоқсан бойы өткен тақырыптар бойынша білімдерін   жүйлеу, еске түсіру; диктантта жіберілген қателерін талдайды, келесі жолы осындай қателерді жібермеу үшін  ой-тұжырымдар жасайды.

Күтілетін нәтиже: оқушылар өткен тақырыптар бойынша өз білімдерін жүйелеп, қорытынды жасай алады;  диктантта жіберілген қателерін түсініп, талдау жасап, түзетеді, келесі жолы осындай қателер жібермеудің алдын алады.

! Модульдер: ЖАДА жұмысы. АКТ, СТО

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.  Орта құру. Біреуге  ізгі тілек білдіру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.  44-45 беттер.№10, №8

ІІІ. Қатемен жұмыс.

Қайталау.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

Хорезм мемлекетінде, Хиуа қаласында дүниеге келген ұлы ғалым кім?

«Физика», «Метафизика», «Жан туралы», «Поэтика» еңбектерінің авторы кім?пифагор мектебі нені зерттеді?пифагордың ілімдерін бізге жеткізгендер кім? Қазақ халқы қандай халық? Қазақтар өз қонақтарын қалай құрметтеген? Сенің отбасыңда  кімнің табысы жоғары? Сен өз шығыныңды қадағалайсың ба?

Төмендегі сөздерді  жай және тәуелді түрде септеңдер.

Демалыс,  қуаныш, ақша,  табыс.

Төмендегі  зат есімдерді жіктеңдер.

Шәкірт, ұстаз, кәсіпкер, сатушы.

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия. Бірінші тоқсанда өткен тақырыптардың ішіндегі ең ұнағаны ...

Қиындық туғызған  тапсырмалар ...

Тағы да еске түсіру немесе толықтыруды қажет ететін тақырыптар ...

Үйге тапсырма. Қайталау.

Бір-біріне ізгі тілектерін білдіру.