Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Диктант «Қазақтың тұңғыш ғалымы» 10 сынып
12.10.2015 1973 0 Шенгельбаева Калима Айтмукановна

Сабақтың мақсаты:  Септік, көптік, жіктік, тәуелдік  жалғауларды естеріне түсіртіп, оқушыларды  орфографиялық тұрғыдан сауатты жазуға үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар дұрыс сауатты жазып, талдау түрлерін естеріне түсіреді.

! Модульдер: ЖАДА жұмысы. АКТ, СТО

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.  Орта құру. Біреуге  ізгі тілек білдіру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.  №10, №8

ІІІ. Диктант.                          Қазақтың тұңғыш ғалымы  

                Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қазақ халқының ұлы ағартушысы, халқымыздың тұңғыш ғалымы. Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Ғұмырнамасы әуелі орыс тілінде Мәскеуде шықты. Кейін сәл толықтырылып қазақша Алматыда шыққан. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967 – 1970 жылдары жарық көрді.
Оның ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.
                Сәтпаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына душар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.
                 Қ. И. Сәтпаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтпаевит» минералы, «Академик Сәтпаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысындағы қала аталған.
Қаныштың бір ерекшелігі – ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де, тарихшымен де, филологпен де өздерінің тілінде, ғылыми тілінде сөйлесе білген.  (134 сөз)
Сабақты қортындылау. Оқушылар өздігінен диктант мәтінін тексереді, содан кейін мұғалімге тапсырады.

Үйге тапсырма. * Қаныш Сәтпаев туралы қосымша мәліметтер әкелу.